Қр денсаулық сақтау министрлігі с. Д. Асфендияров атындағЫ



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі4,92 Mb.
#87726
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ман-нав-ОСКЭ-дыхание-каз

Перкуссия
Өкпе перкуссиясы – бұл кеуде қуысына перкуторлы соққы жасап кеуде астындағы ағзалардың тербеліске келтіру, олардың физикалық сипаты (дыбыс тербелістерінің ұзақтығы, жиілігі, амплитудасы және тембрі) ағзаның тығыздығына, серпімділігіне және онда ауаның болуына байланысты болады.
Өкпе перкуссиясының жалпы ережелері

  1. Дәрігер мен науқастың жағдайы зерттеу жүргізуге ыңғайлы болуы керек.

  2. Плессиметр – саусақ теріні тығыз басып тұруы керек.

  3. Балғашық – саусақ плессиметр – саусаққа перпендикуляр болуы керек.

  4. Оң қол сол қолға параллель орналасуы керек (білезік буындары бір-бірінің үстіне орналасады).

  5. Қысқа уақыт интервалдары аралығында 2 үздікті перкуторлық соққы жасалады.

  6. Қол тек білезік буынында қимылдайды.

  7. Дәрігердің қолы жылы болуы керек.

Өкпенің салыстырмалы және топографиялық перкуссия түрлері бар.


Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы
Салыстырмалы перкуссияны өкпедегі және плевральді қуыстардағы патологиялық өзгерістерге сипат беру үшін жүргізеді және бронх-өкпелік синдромдардың диагностикасы үшін қолданады.
Салыстырмалы перкуссияны жүргізу техникасының ерекшеліктері.

  1. Кеуде қуысының симметриялық бөліктеріндегі перкуторлық дыбыстардың сипатын салыстырады.

  2. Орташа күшпен перкуторлық соққы жүргізіледі немесе айқын дыбысты перкуссия жүргізіледі. Перкуторлық дыбыс тері асты клечаткасының қалыңдығына, мускулатураның дамуына, патологиялық процесстің орналасу тереңдігіне және басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін.

  3. Перкуссия қабырға аралықтарында жүргізіледі.

Өкпенің алдыңғы бетінің салыстырмалы перкуссиясы 2.59 суретте көрсетілген. Бірінші бұғана үстінің, сосын оң және сол жағының аймақтарын кезекпен перкуссиялайды. Плессиметр – саусақ бұғана үстіне және оған параллель орналасады. Сосын бұғанаға перкуторлық соққылар жасалады, бұл кезде бұғананы плессиметр ретінде қолданады.
Әрі қарай оң жақтағы және сол жақтағы екінші, үшінші қабырға аралықтары бұғана ортаңғы сызық бойымен перкуссияланады. Сол жақта III қабырға аралығының төменгі жағында жүрек тұйықтығы бар, сондықтан әрі қарай перкуссия тек оң жақтағы кеуде қуысының төменгі бөліктерінде жалғастырылады. Оң жақтағы төртінші және бесінші қабырға аралықтары перкуссияланып, перкуторлық дыбыстарды салыстырады.
Өкпенің алдыңғы бетін перкуссиялағандағы дәрігер мен науқастың жағдайы 2.60 суретте көрсетілген. Науқас отыруына немесе түргеп тұруына болады, қолдары денесінің жандарына түсіріледі, бұлшық еттері босаң, бір текті және терең емес тыныс алады. Дәрігер перкуссияны науқастың оң жағында тұрып жүргізеді.
Кеуде қуысының жандарын салыстырмалы перкуссиялау әдісі 2.61 суретте көрсетілген. Плессиметр – саусақ қабырғалар бойына параллель орналастырылады.
Қолтық асты аймақтарын перкуссиялағанда плессиметр – саусақты шашты бөліктің төменгі шекарасына орналастырып, теріден қыртыс жасап жоғары қарай жылжытқан ыңғайлы.
Өкпенің салыстырмалы перкуссиясының кезектілігі 2.63 суретте көрсетілген. Бірінші жауырынның жоғарғы аймақтары перкуссияланады, ол үшін плессиметр – саусақ жауырынның жоғарғы өсіне және жауырынға параллель орналастырылады, перкуторлық соққылар оң және сол жақта кезектеліп жасалады (а). Бұл кезде науқас қолдарын тұлғасының бойына бос қойып тұрады, бұлшық еттері босаңсыған.
Сосын жауырын аралық аймақтар перкуссияланады. Плессиметр – саусақ жауырынның шетіне омыртқаларға параллель орналастырылады (б).
Науқасқа қолдарын кеудесіне айқастырып, алақандарын иықтарына қойуын өтінеміз, сол кезде жауырындар бір-бірінен алшақтап, жауырын аралық кеңістік кеңейеді.
Әрі қарай жауырын астының аймақтары перкуссияланады. Плессиметр – саусақ жауырын бұрышынан төмен орналасады, оң және сол жақтарын кезектестіріп перкуссияланады (в). Бұл кезде науқастың қолдары тұлғасының бойында бос жатуы және бұлшық еттері босаң болуы керек.
Өкпенің артқы бетін перкуссиялағандағы дәрігер мен науқастың жағдайы 2.64 суретте көрсетілген.










Өкпенің топографиялық перкуссиясы
Топографиялық перкуссияны өкпенің жоғарғы және төменгі шекараларын анықтау үшін және өкпенің төменгі қырының қозғалғыштығын анықтау үшін қолданады.
Өкпе ұштарының биік тұруын анықтау(өкпенің жоғарғы шекарасы) Плессиметр – саусақты оң жақтағы бұғана үстінің ойықтарына, бұғанаға параллель орналастырылады. Перкуссия бұғана ортасынан жоғарыға және медиальді, емізікшелі өсіндіге қарай плессиметр – саусақты 0,5 – 1 см – ден жылжыта отырып жүргізіледі. (2.66а сурет). Ашық өкпелік перкуторлық дыбыс тұйық дыбысқа ауысқанда саусақтың өкпелік дыбыс жаққа қараған жағынан белгілеу керек және бұғананың жоғарғы қырынан анықталған тұйық дыбысқа дейінгі аралық өлшенеді. Қалыпта бұл арақашықтық 3-4 см болады. Осылайша сол жақтан да өлшеніп, нәтижелер салыстырыланады.
Өкпенің жоғарғы ұшының биіктігін өлшегендегі дәрігер ме науқастың жағдайы 2.66б суретте көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет