Есіңде сақта:
Кеуде қуысының серпімділігі қабырға шеміршектерінің сүйектену дәрежесіне байланысты және оны басқанда кеуде қуысының кедергісін сезу арқылы анықталады. Кеуде қуысы серпімділігінің төмендеу себептері (ригидтілігінің күшейуі) өкпе эмфиземасы, өкпе тінінің массивті тығыздануы және плевраның кейбір аурулары, әсіресе экссудативті плеврит.
Дауыс дірілін анықтау – науқастар «р» әрпі бар сөздерді (трактор, және т.б.) айтқанда төмен жиілікті дыбыс толқындарының кеуде қуысының бетімен таралуына баға беретін әдіс. Екі қолдың саусақ ұштарын кеуденің симметриялық бөліктеріне бұғана үсті және асты аймақтарына, кеуденің жанжағына, жауырын үсті, аралығы және астына орналастырып пальпациялайды (2.51 сурет).
Зерттеу нәтижелерін нақтылау үшін сол аймақтарда қолдың бағытын өзгертіп, яғни оң қолды сол қолдың орнына және керісінше орналастырып зерттеуді қайталау керек.
Дауыс дірілін анықтау әдісі дауыс байламдары керілгенде пайда болатын тербелісті тіндердің өткізу қабілетіне негізделген. Кеуде қуысының үстіндегі вибрация дауыс байламдарының тербелу сипатына (амплитудасы, жиілігі және т.б.) және тіндердің тербелісті дәрігердің қолдарына өткізу қасиетіне байланысты.
Дәрігер қолына дауыс тербелісінің жақсы берілуі бронх тармақтарының өткізгіштігіне, өкпе паренхимасының тығыздығына, тербеліс жолындағы тіндерден тұратын кедергілерге немесе тығыздығының төмндеуіне (өткізгіш ортаның үзілу феномы, ол кезде тербеліс толқындары әлсірейді) байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |