Қр еңбек туралы Заңының мазмұны мен ережесі



Дата06.02.2022
өлшемі16,4 Kb.
#79461
Байланысты:
14.09 ҚР Еңбек туралы Заңының мазмұны мен ережесі


ҚР Еңбек туралы Заңының мазмұны мен ережесі
Еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық актілер ҚР Еңбек құқығының ажырмас бөлігі, онда еңбек бостандығы, кәсіп және қызмет түрін таңдау еріктілігі құқықтары бекітілген.
Әркім кауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына, еңбегі үшін ешқандай дискриминацисыз сыйақыға, сонымен қатар жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқылы. Еңбек шартымен жұмыс істейтіндерге заңмен бекітілген жұмыс уақытының ұзақтылығы, демалыс пен мереке күндері, жыл сайынғы ақылы демалыс кепілдендірілген.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы Мемлекеттік басқару, жұмыскерлердің құқықтарының кепілдіктері,жұмыскер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың ұйымдастыру Қазақстан Республикасының 15.05.2007 жылғы «Еңбек кодексімен» бекітілген. Еңбекті қорғау жөніндегі гормативтік актілерге жататындар:

  • Еңьек қауіпсіздігі стандарттар жүйесінің стандарттары (ЕҚСЖС);

  • стандарттаудың және метрология мен сертификаттаудың мемлекеттік стандартары (МемСТ);

  • тиісті министерствалармен,ведомствалармен,атқарушы биліктің басқа да орталық ұйымдармен жасалған салалық стандарттары;

  • кәсіпорындармен жасалған кәсіпорын стандарттары;

  • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Бас санитарлы-эпидемиологиялық басқармасымен бекітілген санитарлық ережелер, санитарлық гормативтер, эргономикалық, физиологиялық және басқа да талаптар;

  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау департаментінің келісімімен атқарушы биліктің орталық ұйымымен және тиісті қадағалаушы және бақылаушы ұйымдармен бекітілген еңбекті қорғау саласына арналған ережелер мен нұсқаулар;

  • министрліктердің, ведомствалардың келісімімен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекті қоғау департаментімен бекітілген еңбекті қоғау бойынша салааралық ережелер мен нұсқаулар.

Көрсетілген нормативтік актілер ҚР 11.11.204 ж. №1182 Үкіметтік қаулысына сәйкес мемлекеттік ұйымдармен дайындалады және бекітіледі. Төменде көрсетілген актілер негізінде Қазақстан Республикасының әрбір субьектісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 02.12.2004 ж. №278-п белгіленген ережелеріне сай, нақтылы өндірістікжағдайларды ескере отырып еңбекті қорғаудың, өндірістік санитария мен еңьек гигиенасының фирма ішілік нұсқаулықтарын дайындайды және бекітеді.
Қазақстан Республикасының әлемдік еңбек нарығына интеграциялануы оның халықаралық ұйымдарға қосылу және еңбекті қорғау туралы тиісті құжаттарға қол қою қажетілігін анықтады, мысалы:

  • Халықаралық Еңбек Ұйымы Конвенциясы ратификацияланған №155 (Женева, 03.06.81 ж.) ҚР 13.06.96 ж. №7-1 Заңы;

  • ҚР Президентінің 04.09.95 ж. №2451 Жарлығы:

  • ҚР Еңбек кодексі.

ҚР 27.12.94 ж. №268 – ХІІ АК (Азаматтық кодексінің) 3-бабының, 8-тармағына сәйкес халықаралық құжаттардың нормалары ұлттық заңнама алдында басымдыққа ие екенін ескерген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет