3.7 Тәжірибелік сынақ қорытындыларын талдау Қабылданған қорытындылар келесідей нәтиже көрсетті.
Өрт сөндіру автошанын сорғы бөлігінің перделі есігінің жабық күйінде қолданса:
- автокөлік гараж сыртында сөндірілген автономдық қыздырғышымен қалып қойса, онда ол сорғы бөлігі ішіндегі температураның қоршаған ауа температурасына (-9˚С) дейін күрт және тез төмендеуіне әкеліп соғады;
- қосылған қыздырғыш кезінде көбікшанашы деңгейіндегі (1 сызық) ауа температурасы бастапқы 10 минут ішінде лезде көтеріледі, одан әрі температураның жоғарылауы тоқтатылады да +20˚С-ға жақын арада тұрақталады;
- көбікараластырғыш деңгейіндегі (2 сызық) ауа температурасы баяу көтеріліп, +6˚С...+7˚С шамасында максималды үлкендікке жетеді.
Сорғы бөлігінің зерттелген деңгейінде ауаның қарқынды қыздырылуының осындай айырмашылығының себебі келесіде: Біріншіден, сорғы бөлігінің төменгі жағында бөлек ойықтарының (мысалы, «газ» бен ілінісуді басқару иінтіректеріне, өрт сөндіру сорғысының жетек иіндік білік шығатын сымарқандық берілістердің шығу жерлері) тиісті қымтауы, құрылымы бойынша қамтамасыз етілмеген. Бұл себеп бойынша сорғы бөлігіне астыңғы ойықтары арқылы салқын ауа үнемі түсіп отырады да, жиынтық температураны түсіреді. Екіншіден, қыздырғыш, бөліктің жоғарғы қабатына бағытталған ыстық ауа беріліп, сол жерде жиналып, қоршаған ауаның айтарлықтай жоғары температурасын сақтап отыратындай қылып орналасқан.
Өрт сөндіру автошанының сорғы бөлігінің перделі есігінің ашық күйімен пайдалану кезінде, сорғы бөлігінің екі деңгейде де ауа температурасының күрт төмендеуі байқалады (3 және 4 сызық). Температуралық режимнің өзгеру динамикасының сипаттамалары айтарлықтай бірдей болады, бөліктің төменгі жағындағы температура төменгі қымтауланбаған ойықтар арқылы салқын ауаның келіп түсуіне байланысты қарқынды түрде төмендейді.
Өрт сөндіру автошанының сукөбікті коммуникациялардың құрылымдық орындалуын талдау – стационарлық көбікараластырғышпен (төмен) көбікшанашын (жоғары) байланыстыратын құбыржолдың үлкен ұзақтығы бар екенін көрсетеді. Көбікшанашынан көбіктүзгішті беру краны көбікараластырғыштың қасында орналасқан. Көбікшанашынан кранға дейінгі құбыржол бөлігі үнемі көбіктүзгішпен толтырылған және төменгі бөлікте қоршаған ауаның температурасына жақын төмен температуралы болып отырады. Осыған қоса, көбіктүзгіш температурасының төмендеуімен бірге оның кинематикалық тұтқырлығы ұлғайып, көбікараластырғыштың өткізу қабілеті төмендейді.
Тәжірибелік сынақтардан алынған қорытындылар бойынша, температуралық режимге қарай мөлшерлеме құралдарының өткізу қабілеті және көбіктүзгіш тұтқырлығының өзгерілуі ең маңызды деректер деп айтуға болады. Қазіргі уақытқа дейін тәжірибелік іс-әрекеттің бұл саладағы қажетті мәліметтері мен нұсқаулары бар нормативтік құжаттар жоқ, ал бұл мәселе көбіктүзгішті көбікараластырғышқа беретін агрегаттардың жұмыс режимі бойынша түзетулер енгізуге мүмкіндік бермей отыр. Бұл өз кезегінде, жылдың суық мезгілдерінде мұнай өнімдері бар резервуарларды сөндіру кезінде көбікті беру сенімділігі мен үйлесімділігін қамтамасыз ету бойынша қиындықтар туғызып отыр.