3.8 ӨСА сорғы бөлігінде тиімді температуралық режимді қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар
Қазіргі отандық автошандарының құрылымдық ерекшеліктерін талдау бойынша өткізілген зерттеулердің қорытындыларын есептей отырып, өрт сөндіру автокөліктерінің сорғы бөлігінде тиімді температуралық режимнің қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді:
Сорғының ішке сору келтеқұбырын бөліктің төменгі панельдің сыртына шығару қажет. Арынды келтеқұбырларды жандағы бөліктерге орналастыру қажет (бұрынғы жылдарда шығарылған автошандардағыдай). Коммуникациялардың бұндай орналасуы, бөліктің перделі есігінің жабық күйінде өрт сорғысымен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Сукөбік коммуникациялардың және өрт сорғысының жетек элементтерінің кіру саңылауларын тығыздама төсемдерімен қымтау қажет.
Өрт сөндіру сорғысының және оның көмекші агрегаттарының жұмысын қадағалау үшін бөлік есігінде маңдай терезе ойластыру, ал қозғалтқыш айналымдарын басқару органдарын сыртқа шығару керек.
Қыздыру немесе «Webasto» типтес автономды қыздырғыш орнына ыстыққа берік болаттан жасалған қозғалтқыштың шығарылған газдардың жылулық қуаттын пайдаланатын қыздырғыш ұсынылады. (сурет 23). Бұндай құрал цистернадағы өрт сөндіру сұйықтығы мен сорғы бөлігіндегі ауаның жағымды температурасының сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл мақсат үшін цистернада қыздырғыш 7 орнатылады. Жабық қалқалағыш 4 кезінде қозғалтқыштың шығарылған газдары газ ағатын вакуумдык құралдан 3 өтіп, құбыржолдармен өте келе, сыйымдылықтағы сұйықтықты және сорғы бөлігіндегі ауаны қыздырып отырады (қыздырғыш 10). Жазғы қолданысқа ауысар кезде қалқалағыш 4 алынып, қалқалағыш 12 орнатылады.
Қыздырғыштың бұндай құрылымы өрт сөндіру автоцистерналарын стационарлы режимде қолдану барсында жанар-жағар май материалдарын үнемдеу режимін қамтамасыз етуге және көбікті сөндірудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
23 сурет. Көбіктүзгіш сыйымдылықтың қыздыру жүйесі
1-цистерна; 2-қабылдау түтігі; 3-газ ағатын вакуумдық құрал; 4,12-қалқалағыш; 5-тұншықтырғы; 6-шығару түтігі; 7-цистерна қыздырғышы; 8-цистерна қыздыру элементтері; 9-байланысу келтеқұбырлары; 10-сорғы бөлігінің қыздырғышы; 11- газ шығаратын түтік.
Достарыңызбен бөлісу: |