3.3 Тосол мен майдың автокөліктік электрқыздырғышы
Қолайсыз температура кезінде автокөлікті оталдырар алдында тосол мен майды қыздыру үшін қолданылады. Қыздырғыш жүк автокөліктері мен тракторлардың цилиндр жиынтығының табандықтарына қондырады.
Жұмыс жасау қағидаты: қыздырғыш ішінде цилиндр жиынтығынан келіп түсетін тосол бар (кіргенде – суық, шыққанда – ыстық тосол). Тосол 220В желіден ТЭН-м - 2кВт; 2,5кВт қыздырылады. Ыстық тосол қозғалтқыш жиынтығы (қозғалтқыш қызады) арқылы айналады. Ол өз кезегінде, маймен бірге табандықта болып, тосол арқылы майдың күйімін болдырмай, оны қыздырады. Жылу қозғалтқыш ішінде қала береді. Қыздырғыш жорық алдында жүргізушінің қалауымен сыртқы температураға қарай, түнге немесе 1-2 сағатқа қосыла алады. Қыздырғыштың түзу жұмысы ТЭН-ге байланысты болады. ТЭН орташа жұмыс атқарымы 5000 сағаттан аспайды. ТЭН жаңасына, алдын-ала тосолы құйылып алынып, оңай ауыстырылады. Қандай да температуралық жағдай болмасын қыздырғыш автокөліктің 100%оталдырылуын қамтамасыз етеді. Сіз, уақытты, автокөлік ресурстарын, автокөлік саулығын үнемдейсіз. ЭН-1.0-220 , ЭН-1.5-220, ЭН-2.0-220, ЭН-2.5-220. Қыздырғыш маркілері.
19 сурет. Тосол мен майдың автокөліктік электрқыздырғыш
1. Цилиндр жиынтықтарының табандығы; 2. Ыстық тосол шығару келтеқосқышы; 3.ТЭН; 4. Тығын; 5. Тосол ағызу келтеқосқышы; 6. Салқын тосол енгізу қелтеқосқышы.
КамАЗ автокөлігін пайдалану нұсқамасында электршырақтық құрылғы қоршаған ортаның -25˚С төмен температурада қозғалтқыштың сенімді оталдырылуына кепіл береді деп жазылған. Бірақ, жұмыс тәжірибесіне қарап, бұл ақиқатқа сәйкес келмейтініне көз жеткізе аламыз, ал жүргізушілердің көбісі «шырақты» құрылғыны сенімсіз және қауіпті деп санап, онымен өте сирек пайдаланады және олар дұрыс жұмыс жасайды. Себебі электршырақтық құрылғы қозғалтқыш цилиндріне түсетін ғана ауаны қыздырады, ал салқындатқыш сұйықтық және май сол суық күйінде қала беріп, қозғалтқыш ресурстарын едәуір төмендетеді. Суық қозғалтқышты оталдыру кезінде бірінші кезекте картердегі майды қыздыру керектігін ұмытпау қажет.
Баяғыда, осыдан қырық жыл бұрын жүргізілген сынақтар, қыс мезгілінде суық қозғалтқышты оталдыру кезінде май сорғысынан ең қашық орналасқан үйкелесетін беттерге май, қозғалтқыш жұмысының 3 минутынан кейін түсетінін көрсетті. Май сорғысы майлау сызбасы бойынша салқын қоюлатылған майды тез қуа айдап шыға алмайды. «Құрғақ» үйкелесу кезінде бөлшектер тез тозатыны туралы түсіндіру қажет емес деп ойлаймын. Сондықтан да қоршаған ортаның -10˚С не одан да төмен температура кезінде оталдыру қыздырғышымен қолдану керек.
КамАЗ автокөлігінің оталдыру қыздырғышы (ПЖД-30) айтарлықтай сенімді әрі қауіпсіз, жеңіл қосылып, салқындатқыш сұйықтықтың да қозғалтқыш картеріндегі майдың да тез қыздырылуын қамтамасыз етеді. -10˚С дейін температурада салқын қозғалтқыш қыздырусыз да, бірақ қиындықпен оталады. Алайда, басты майлы магистральдағы май қысымы өте баяу көтеріледі, ал бұл жағдай бөлшектердің тозуын көп есе арттыра түседі. КамАЗ үшін ең көп жайылма М-8-Г2(К) қысқы моторлық майы, ол -7...-10˚С аяз температурасында қоюланады. Қозғалтқышты қыздырмай оталдыру да төмен температураларда мүмкін, бірақ үйкелескен бөлшектердің тозбауы үшін, май жүйесі қымбат синтетикалық немесе жартылай синтетикалық майлармен толтырылуы болу керек, ал бұл жағдай жүргізушілерге беймәлім.
Іске қосу қыздырғышты қолданар алдында, оның жұмысы кезінде қанша жүргізуші аязда тонбаса да, көлікті қараусыз қалдырмау керектігін ұмытпау керек.қыздырғыштардың ақаулықтары өрт жағдайына әкеліп соққан жағдайлар танымал.
Достарыңызбен бөлісу: |