Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады


Ауа ортасына келіп түсетін негізгі зиянды заттардың ұсынымдарының нормативтік деңгейлері



бет26/28
Дата06.02.2022
өлшемі5,78 Mb.
#37913
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
4.5 Ауа ортасына келіп түсетін негізгі зиянды заттардың ұсынымдарының нормативтік деңгейлері
Қазіргі уақытта мұнай отынның басты тұтынушылары автокөліктер болып табылады. Елемізде пайдаланылатын мұнайөнімдерінің 18% астамы автокөлік құралына шығындалады және автокөлік паркінің одан әрі ұлғаюы кезінде отын балансындағы шығындалудың бұл бөлігі одан әрі үлкейіп келетін болады. Сондықтан, жанар-жағар май материалдарын тиімді пайдалану, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау жағынан халық-шаруашылықтың басты мәселесі болып табылады. Осыған қоса, бұл қоршаған ортаға шығарылатын автокөлік лақтырындыларының жиынтық зиянды әсерінің азаюына себепші болады. Автокөлік отынының одан әрі үнемделуін қамтамасыз ету үшін, ал бұл дегеніміз: атмосфераға шығарылатын зиянды лақтырындылардың азайтылуын қамтамасыз ету мәселелерінде бірқатар шараларды жүзеге асыру нәтижесінде ашылатын қолданбаған резервтерді қолдануға болады
Әрбір автоөндірісте әр автокөлік бойынша отын шығынын нормалау және шығынын есептеу бойынша шаралардың нақты ұйымдастыру қажет, бұл отынның артық шығынын тоқтату бойынша уақытылы және әрекетті шараларды қолдануға мүмкіндік береді. Жұмыс тәжірибесі, отынның жалпы үнемдеуіне жеткенде, оның 15-30% жүргізушілер отынды артық шығындайды. Техникалық ақаулықтар салдарынан болған отынның артық шығыны бұдан бұрын ең маңызды ұйымдастырушылық шарамен талқыланған, бұл отынның артық шығын көлемін азайту үшін, оның маршрут бойынша шығындалу нормаларын әзірлеу және дайындау болып табылады. Мысалы, қалалық автобустардың отын шығыны көбінесе жол жағдайы мен аялдама жиілігіне тәуелді. Әртүрлі бағыттағы аялдама саны 100 шақырым жолға 20-дан 200-ге дейінгі аралықта болады. Сондықтан, әртүрлі бағыттағы жұмыс жасайтын жүргізушілерге, отын шығынының бірдей нормаларын қолдану кезінде әртүрлі шарттар қойылады. Әртүрлі жол жағдайлары және аялдамалар саны бар бағыттар бойынша отын шығындарының дифференциалды нормаларын қолдану, отынның тиімді шығынына жетуге және зиянды лақтырындылармен атмосфераның ластануын төмендетуге мүмкіндік береді.
Қозғалтқыштың төмендетілген жылулық жағдайы кезінде бекітілген жылдамдықтағы қозғалыс шығарылған газ құрамына айтарлықтай әсер етеді, ол қала жағдайында қалыпты жылулық жағдайындағы автокөліктің қозғалысы кезіндегіден 2 есе жоғары болып келеді.
Өрт сөндіру автокөліктерінде ЖА орнатылуы атмосфераға зиянды заттардың лақтырындысын және ЖЖМ шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет