91
II БӨЛІМ. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕР-СУ
АТАУЛАРЫНЫҢ
АЛФАВИТТІК СӨЗДІГІ.
А
АБАЙ
– Сырым, Теректі, Зеленов аудандарындағы елді мекендер. Қазақтың ұлы ақыны
Абай Құнанбаевтың құрметіне қойылған антропотопоним.
АБЗАЛ
– Шыңғырлау ауданындағы елді мекен. Адам
атына байлпнысты қойылған
антропотопоним.
АБЫЛАЙ
– Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
АВАНГАРД
– Ақжайық ауданындағы елді мекен.
АВГУСТОВКА
– Жәнібек ауданындағы елді мекен.
АҒАТАН
– Шыңғырлау ауданындағы елді мекен.
АҒАШ ҮЙ
– Казталовка ауданындағы елді мекен. Тура мағынасында қойылған атау.
Ағаштан салынған үй мағынасын береді.
АҒАШТЫ ҚҰДЫҚ
– Сырым ауданындағы елді мекен.
Құдық- қазақ даласының
белгісінің бірі. Мал шаруашылығымен айналысқан халық үшін оның маңызы ерекше. Құдық
детерменативі
құй
етістігіне
–ық, -ік, -қ
реликтілік (көне) жұрнағы жалғану арқылы жасалған.
Құю
мен
құдық
сөзі мағыналас.
Басы бар
й-д
дыбыс алмасуының нәтижесінде
құд
тұлғасына
айналып,
-ық
қосымшасы
арқылы
құдық
детерменативі қалыптасқан. Мұны
құй-құты
салыстырулары арқылы анықтауға болады.
Й-д
дыбыстарының шығыс ғұн тармағына кіретін
92
түркі тілдеріне тән. Кейбір түркі тілдерінде бұл термин бастапқы тұлғада беріледі. Мысалы,
әзербайжан
тілінде
- гүйу,
түркімен тілінде-
гуйа,
түрік тілінде
- киуи.
Халық арасында құдықтың бірнеше түрі кездеседі. Солардың бірі
– ағаш
(сұрып)
құдық
. Құдықтың қабырғасы құламас үшін оны ағашпен құрсаулап пайдаланатын болған. Оны
сұрып
деп атаған. Жоғарыдағы атау «ағаш құрсауланған құдық» мағынасын береді.
Достарыңызбен бөлісу: