АҚОБА – Жәнібек, Сырым аудандарындағы елді мекендер. Жер бедеріне байланысты
қойылған атау.
АҚОРДА – Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен.
Ақорда – көне тарихи атау. Бұл
топоним бізге Алтын Орда дәуірінен жеткен.
Ақорда топонимі құрамындағы ақ компоненті
әділеттілік ұғымын береді. Бұл атаудың төркіні осы Ордада отырған ел басы ақ сөйлеп, әділет
жолынан таймайды деген ұғымды берсе керек. Ал екінші сыңары туралы
Орда топонимінде
қамтылады. Қараңыз:
Орда. АҚПӘТЕР – Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен. Үйлері ақ аз
балшықтан тұрғызылған немесе сыланғандықтан солай аталған. Бұл елді мекен бұрын Порт-
Артур деп аталды. Қараңыз:
Порт-Артур. АҚСЕРКЕ – Жаңақала ауданындағы елді мекен. Көксерке, бекіре сияқты етінде
қылқаны жоқ балық атымен аталған. Бұрын осы жерде көл болған.
АҚСОҒЫМ – Ақжайық, Шыңғырлау аудандарындағы елді мекендер.
АҚСУ – Бөрлі, Шыңғырлау аудандарындағы елді мекендер және көл атауы.
Ақсу, Қарасу гидронимдері Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседі. Олардың құрамындағы
ақ, қара сөздері жер асты сулары ұғымымен тығыз байланысты. Таудағы мұздан, қар суынан бастау
алатын өзендер көп жерде
Ақсу деп аталады да, жер асты суларынан нәр алатын өзендер
қарасу деп аталады. Дәл осы тектес пікірді түркі тілдерінің этимологиясымен айналысқан белгілі
түркітанушы Э.В.Севортян да қолдайды.
АҚСУАТ – Теректі, Бөрлі, Қаратөбе, Ақжайық аудандарындағы елді мекендер.
АҚСТАН – Бөрлі ауданындағы елді мекен. –
стан қосымшасы қазақ тілінен енген,
өлке, аймақ, ел мағынасын береді. Кейін осы мағынасын жоғалтып қосымша қатарына ауысса да,
бұл жұрнақ жоғарыдағы ұғымды бере алатын сөздерге ғана жалғанып, мекен атауын береді.
Ақстан – метафоралы атау.
АҚСАЙ – Бөрлі ауданының орталығы, Сырым ауданындағы елді мекен және шағын өзен
атауы. Ақсай мен Ақсу топонимдері бір негізден шыққан. Ақсай мазмұны бізге түсінікті болса
да, Батыс Қазақстан аймағындағы көне топонимдердің қатарына жатады. Бұл атау көне
дәуірде, оғыз-қыпшақ тіл бірлестігі кезеңінде қалыптасқан. Оның басты дәлелі – Ақсу, Ақсай
гидронимдерінің қырғыз, татар, түркімен, азербайжан топономияында да кездесуі. Ол тілдерде
де ақ сөзі судың ағуы мағынасын береді.
Белгілі топономист Э.М.Мурзаев Ақсай, Ақсу атауларының құрамында түске байланысты ақ
сын есімі бар деп есептейді. Бірақ бұл пікірмен келісуге болмайды. Бұл гидронимнің
құрамындағы ақ түсті емес, ағу ұғымын беріп, соның негізінде ағын сай – ақсай атауы
қалыптасқан. Сай термині жыра, өзен, жылға мағанасын береді. Демек, Ақай – ағынды өзен,
жылға деген сөз.
АҚСИРАҚ – Казталовка ауданындағы елді мекен. Халық арасында ақсирақ деген түсінік бар.
Әдетте, мал-мүлкінен айрылуды осылай атайды. Аталмыш атауды осы түсінікпен
байланыстырсақ, топоним мал індетіне байланысты қалыптасқан деп ойлаймыз.