ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


АЩЫҚҰЛАҚ - Казталовка ауданындағы гидроним. Құлақ детерминативінің  қатысымен жасалған.  АЩЫСАЙ



Pdf көрінісі
бет154/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

АЩЫҚҰЛАҚ
- Казталовка ауданындағы гидроним. Құлақ детерминативінің 
қатысымен жасалған. 
АЩЫСАЙ
– Казталовка, Шыңғырлау ауданындарындағы гидроним. 
АЩЫӨЗЕК
- Казталовка, Жәнібек, Қаратөбе ауданындарындағы гидронимдер. Өзек 
детерминативінің қатысымен жасалған. 
АЩЫКӨБІК
- Казталовка ауданындағы гидроним. Көбік детерминативі Қазақстанның 
басқа аймақтарында көп кездесе бермейді. Бұл детерминатив облыс көлемінде де жаппай 


101 
қолданыла бермейді. Мысалы, суы мол, өзен-көлі көп солтүстік аудандарында судың таралуын 
реттейтін бөгет, канал, құлақ сөздерінің қатысымен жасалған гидронимдер кең қолданылса, 
дер шөлейт, құмды келетін оңтүстік аудандарда көбік детерминативінің қатысымен жасалған 
топонимдерүстем келеді. Көбік сөзі сыртқы формасына сәйкес, орыстың кубик сөзінің 
деформациялануынан пайда болған. Жерді төрт бұрышты әрі терең етіп қазып кубик пішіндес, 
оны мал суаруға, басқа да қажеттіліктерге пайдаланып отырған. Мысалы, Бисен көбігі, 
Әтшібек көбігі, Жылқыкөбік, Қаракөбік, Тайпақ көбігі, Азнабай көбігі Алғабас көбігі. 
Көбіктердің қатысымен жасалған гидронимдердің басым бөлігі суға тапшы аудандар 
территориясында орналасқан. 
АЩЫКӨЛ
- Сырым ауданындағы гидроним. Тура мағынасында қойылған атау.
АЯҚ 
– Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. 
Ә 
ӘБІШ – 
Казталовка ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним. 
ӘБІШСАЙ
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Адам атына 
байланысты қойылған.
ӘБІШБАЗ
– Тасқала ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним. 
ӘБДІКӨК
– Жалпақтал ауданындағы елді мекен. 
Көк
сөзі бұл жерде 
жайылыс, жайлау
ұғымын беріп, детерминатив ретінде қолданылып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет