ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


ӘЛКЕШ – Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты  қойылған антропотопоним. ӘЛІМ



Pdf көрінісі
бет156/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

ӘЛКЕШ
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты 
қойылған антропотопоним.
ӘЛІМ 
– Ақжайық, Жаңақала аудандарындағы елді мекендер. Адам атына байланысты 
қойылған антропотопоним.
ӘЛІП
– Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним. 


102 
ӘЛІМБЕК
– Жаңақала ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним. 
ӘЛХАН
– Казталовка ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним. 
ӘМІРӘЛІ
– Жаңақала ауданындағы елді мекен мен Казталовка ауданындағы жер аты. 
Адам атына байланысты қойылған антропотопоним. 
ӘРЕШ
– Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним. 
ӘСЕТ
– Бөрлі ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним.
ӘТЕШАТА
– Шыңғырлау ауданындағы елді мекен, табу сөз. Атын атауға тыйым 
салынған әдетпен кішілердің, әсіресе келін балалардың қойған атымен аталған.
ӘТШІБЕК 
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Адам атына 
байланысты қойылған антропотопоним.
ӘУКЕТАЙ 
– Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним. 
ӘУЛИЕАТА БЕЙІТІ 
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен, табу сөз.
Атын атауға тыйым салынғандықтан, кішілер осылай атаған.
ӘУЛИЕСОР
– Тасқала ауданындағы елді мекен, табу сөз. Бұл атау да 
Әтешата, 
Әулиеата
топонимдері сияқты қалыптасқан.
Б
БАБАЙСАД 
– Тасқала ауданындағы жер аты, аралас (гибрид) топоним. Татар тілінде 
ата
мағынасын беретін 
бабай
сөзі мен орыстың 
сад
сөзінің бірігуі арқылы жасалған. 
БАҒЫРЛАЙ 
- Облыстың Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданы мен көршілес Атырау 
облысының Индер ауданы жерлерімен ағатын өзен. 
Бағырлай
- құрақ тектес, жер бауырлап өсетін,аласа шөп. 
БАЗАР 
– Облыс территориясында осы сөздің қатысымен жасалған бірнеше топоним 
кездеседі. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде
«
Базар»-
парсы сөзі
, баз
– «қақпа» және -ар, «соңынды арғы жағында, артында» деген дербес 
сөзден құрылған. 
Ертеде қалаға кіретін жерді 
базар
деп атаған. Әдетте, қалаға кіретін жерде сауда саттықпен 
айналысатын, саудагер, бақалшылар орналасқан осыдан 
базар
атауы «сауда жасайтын жер» 
ұғымына ие болған. Демек, парсыша 
базар
– «қақпа алдындағы із» мағынасын беретін кірме 
сөз. 
Базар
барлық түркі тілдерінде және тіпті орыс, неміс, француз, ағылшын, испан, итальян, 
чех, болгар, поляк, румын, т.б. Еуропа тілдерінде де кездеседі. 
Бұл сөздің кең таралуын ғалымдар «Мың бір түн» ертегісімен байланыстырады.
Түркітанушылар 
базар
сөзін түркі тілдеріндегі 
бай 
– «мол» сөзімен –
сар
қосымшасының 
бірігуі негізінде бай+сар 
– басар

базар
болып қалыптасқан деген де пікір айтады. –сар – 
көптікті, молдықты білдіретін жұрнақ, қазақ тіліндегі –ты жұрнағының варианты, Мысалы, 
татар тілінде 
қом+сар
– «құмдақ жер», чуваш тілінде 
лап+сар – 
«ойпат жер», 
киік+сер
- «киік 
мекендеген жер», 
Чебоксары
–« шабақ балық мол жер». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет