104
БАҚА ТЕРЕК
– Ақжайық ауданындағы елді мекен.Жоғарыдағы топониммен мағыналас.
БАҚША
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ және Чапаев аудандарындағы жер аты
. Бақша
атауы тек Ақжайық ауданында ғана кездеспейді, басқа да аудандарда бар. Бұл атау бақша
салынатын жерді белгілеу мақсатын қолданылады. Әдетте, бақша өзен бойына салынады.
Өнімды мол алу үшін бақшаға тың жер таңдап алынады. Ондай жерлер Жайық бойындағы
тоғайлардың арасында көп
. Бақша
атауының Чапаев, Тайпақ аудандарына телінуі де
сондықтан.
БАҚТАНҚОРА
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Адам атына
байланысты қойылған антропотоним.
БАҚТЫ АРАЛ
– Бөрлі ауданындағы елді мекен.
БАҚЫТ ОШАҒЫ
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы жер аты. Адам атына
байланысты қойылған. Осы топонимнің құрамындағы
ошақ
сөзі «мекен», «ауыл» ұғымын
беріп, детерминатив деңгейінде қолданылып тұр.
БАҚШАСАЙ
– Ақжайық ауданындағы гидроним.
БАЛАБАНОВКА
– Зеленов ауданындағы елді мекен.
БАЛАУСА
– Ақжайық, бұрынғы Чапаев ауданындағы елді мекен. 1970 жылдары қой
шаруашылығын оркендетуге байланысты елімізде ұйымдастырылғын қой өсіруші жастар
бригадаларына қойылған атаулардан қалған топонимдер.
Достарыңызбен бөлісу: