БАЯНҚОЖА – Қаратөбе ауданындағы елді мекен.Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
БАЯШ – Жәнібек ауданындағы елді мекен.Адам атына байланысты қойылған.
БЕДЕНКА – Жаңақала,Казталовка,Тасқала аудандарындағы елді мекендер.
БЕЙІСТЕРЕК – Казталовка,бұрынғы Жалпақтал ауданыдағы елді мекен.
БЕКЕЙ – Теректі ауданындағы елді мекен.Ру атынан қалыптасқан генотопоним.
БЕКТАУ – Жаңақала ауданындағы жер аты.
БЕКЖАНБҰЛАҚ – Қаратөбе ауданындағы жер аты.Адам аты мен
бұлақ детерминативінің тіркесінен қалыптасқан антропотопоним.
БЕКЕТ – Шыңғырлау ,Теректі аудандарындағы елді мекен.Адам атына байланысты
қойылған антропотопоним.
БЕКЕТАЙ ҚҰМЫ – Бөкей ордасы ауданындағы,көптеген тарихи оқиғалардың куәсі
болған құм.
БЕКБОЛАТ – Теректі ауданындағы жер аты.Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
БЕКҚҰЛСАЙ – Ақжайық,бұрынғы Тайпақ ауданындағы су атауы.Адам атына
байланысты қойылған антропотопоним.
БЕКЖАНОВ – Тасқала ауданындағы елді мекен.Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
БЕЛЕНЬКОЕ – Тасқала ауданындағы елді мекен.Тасқала ауданы-ақ түсті саз балшыққа
бай жер.Жергілікті халық оны үй сылауға пайдаланады. Орыс тілінен енген атау бұл жердің
осы қасиетіне байланысты қалыптасқан.Мұндай атаулар аудан көлеміндегі топографиялық
нысандарды белгілеу үшін бұрын да қолданылған. Мысалы,
Ақтау .
БЕЛОГОР – Шыңғырлау ауданындағы елді мекен. Жер бедеріне байланысты
қалыптасқан кірме топоним.
106
БЕЛОГЛИНКА – Зеленов ауданындағы елді мекен. Жоғарыдағы атаулармен мағыналас.
Қараңыз: Беленькое, Белогор.