ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


БАЛАГАН  – Зеленов ауданындағы елді мекен.  БАЛБАЙ



Pdf көрінісі
бет160/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

БАЛАГАН 
– Зеленов ауданындағы елді мекен. 
БАЛБАЙ 
– Жаңақала ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты атау 
антропотоним. 
БАЛҒЫН
– Жаңақала ауданындағы елді мекен. 
БАЛДЫРҒАН 
– Казталовка, Жаңақала аудандарындағы елді мекендер. 
БАЛАКӨЛ
– Тасқала ауданындағы көл. Гидронимнің құрамындағы 
бала 
сөзі көлдің 
көлемін сипаттайтын детерминатив ретінде беріліп тұр. 
Балакөл
– көлемі шағын көл. 
БАЛМУРЗИН
– Жәнібек ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотоним. 
БАЛАУАН
– Казталовка ауданындағы елді мекен. 
БАЛЫҚТЫ
– Казталовка ауданындағы гидроним.Балығы мол деген ұғымға қатысты 
қалыптасқан зоогидроним. 
БАЛЫҚШЫ
– Теректі ауданындағы елді мекен. Балық аулау кәсібімен айналысатын 
мекені деп тіра мағына білдіреді. 
БАПАН
– Казталовка ауданындағы Қараоба кеңшарындағы елді мекен. Бапан сөзі Батыс 
Қазақстан топ жүйесінде тек осы топонимде кездеседі.Бапан деп қамыстың ұшындағы 
үлпілдек қоңыр ұлпаны айтады.
Бапан сөзінің мағынасы қазір көмескеленіп,архаизмге (көнерген сөзге) айналғалған.Ел 
арасында сақталған «Басы-бапан, аяғы-сапан» деген халық мақалы да осы ұғымға байланысты 
айтылады. 
БАРАНОВКА 
- Ақжайық ауданындағы елді мекен. 
БАРМАҚ 
- Қаратөбе ауданындағы жер аты
. Бармақ
Алты ата Әлімнен тарайтын Кете 
руының маңдай алды батыры болған.Көршілес жатқан Ақтөбе обылысының жерін мекен етсе 
керек.Бармақ туралы,оның орасан батырлығы туралы әңгіме Дәуқара батырға жетіпті. 
Дәуқара 
Тайпақ ауданының Қырыққұдық,Өлеңті ауылдары маңын қоныстанған 
Байбақты руының Әлтеке тайпасының маңдай алды батыры болатын. Дәуқара қырық жігітімен 
Бармақ ауланы бағыт ұстайды. Ара қонып Бармақ ауылының жылқышыларына тиіседі де, 
жылқыны бөліп айдап жүре береді.Төтеп бере алмаған жылқышылар жылқының барымтағы 
түскенін иесіне хабарлайды.Хабарда халқына бір дәу қараның айдап бара жатқанын 
айтады.Сол кезде Бармақтың жасы жетпіске таяп қалса керек.Бірақ соған қарамастан 
барымташыларды өзі қуып береді.Қазіргі Бармақ деп аталатын оба тұсында Дәуқара оны өзі 
жеке күтіп алады.Осы жерде ұрыс салған екі батыр бірін-бірін ала алмай,ең соңында 
найзаларын бір-біріне қатар салыпты.Жасаңдау Дәуқара біраз жүріп барып Қалдығайты 
өзенінің бойындағы қырат басында жан тапсырыпты.Ал Бармаққа топырақ ұрыс даласынан 
бұйырыпты.Ол кезде қазақтар мола түрғызбайтын. Батырлар мен билердің зиратына ғана оба 


105 
үйілетін болған.Нөкерлері екі батырдың басына да оба үйіпті.Ол обалар бүгінгі Қаратөбе 
ауданының жерінде.Осы обалар 
Бармақ
,
Дәуқара
деп аталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет