ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет157/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

БАЗАРБҰЛАҚ – 
Жаңақала ауданындағы елді мекен.
БАЗАРҚҰДЫҚ 
– Казталовка ауданындағы елді мекен. 
БАЗАРТӨБЕ – 
Ақжайық,бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Бұл топоним «қақпа 
алдындағы төбе» мағынасын береді. 
БАЗАРШОЛАН –
Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындығы елді мекен. 
Базартөбе 
атауына ұқсас қалыптасқан. Облыс топожүйесінде кездесетін 
сарай шолан
сөздері «елді 
мекен», тіпті «қала» үғымын береді.Мысалы, 
Сарайшық. Шолан 
сөзінің елді мекен атауы 
екендігін растайтын 
Ақшолаң
топонимі де бар. Ендеше, 
Базаршолан 
– «қақпа алдындағы елді 
мекен, сарай» деген сөз. 
БАЙБАРАҚ – 
Бөкей Ордасы ауданындағы жер аты. 
Байбарақ 
– Кіші жүздегі үлкен ру – 
Алаша руының ұраны. Ұран – осы рудың өкілі, Байбарақ батыр Құдайқұлұлының құрметіне 
берілген. Ел ішіндегі аңызға сүйенсек, Алаша руының о бастағы ұраны «
Сейтімбет
» болса 
керек. Осы ұранды алашалықтар Сейтімбет батырдың тірі қолданылып жүріпті. Байбарақ бір 


103 
жаугершілік кезінде қалмақтардың қолына тұтқынға түседі. Жауын қолына түсіріп, мейманасы 
тасыған қалмақ батыры Байбарақтан «босатсам, не істер едің»деп сұрапты. Сұрапты Байбарақ 
«еліңді» «Байбарақтап» бір шабармын» деп жауап беріпті.Қалмақ батыры «Сейтімбет батыр 
тірі тұрғанда, саған ұран қайда?» деп келеке қылыпты.Бір күні ебін тауып, ашып еліне келген 
соң, сәлем беруге Сейәтімбетке келеді. Сәлем бере отырып, қарт батырға Байбарақ былай 
дейді:«
Байбарақ
» ұранымен бір шауып келейін».Сейтімбеттін батасын алып, қол жинап, 
қалмаққа аттанады. Ымырт мезгілінде қалмақ аулына қырдан қалың қол лап қояды.Қаннен 
қаперсіз ұйінде жатқан қалмақ батырының құлағын «
Байбарақ
! Байбарақ!»деген ұран 
жетеді.Қазақ батырының сөзінде тұрып,қалың қолмен елін шабуға келгенін түсінген қарлмақ 
сақталақтап орнында отырып қалыпты. Еліне жеңіспен оралған Байбарақ ұранды тапсыруға 
Сейтімке келеді.Қартайып отырған батыр өзінің ұранын кері алудан бас тартып,ұранды басы 
бүтін Байбараққа қалдырыпты.Сол уақыттан бері Алаша руы жауға «Байбарақ» ұранымен 
шабады.Жоғарыдағы генетопоним осы атауға байланысты қойылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет