БАРАБОЙ
- Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен.
БАРЛАҒАН
- Теректі ауданындағы елді мекен.
БАРБАСТАУ
- Теректі ауданындағы өзен.Осы гидронимдегі
бастау
сөзі өзеннің басы
деген түсінікті береді, ал бар сөзі судың молдығын білдіреді.
Барбастау
– суы мол өзен деген
сөз.
БАСҚҰНШАҚ
– Жәнібек ауданындағы елді мекен. Көршілес Ресейдің Астрахань
облысында
Жоғары Басқұншақ
деген атау бар.Осы екі топоним бір негізден қалыптасқан.
БАТЫР
– Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен.Осы өлкедегі тарихи оқиғаға қатысты
қалыптасқан атау.
БАТЫР ИМАН
– Ақжайық,бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен.
БАТПАҚТЫ
– Сырым ауданындағы елді мекен. Жер бедерініңерекшелігіне берілген
атау.
БАТПАҚКӨЛ
– Қаратөбе ауданы Қалдығайты бассейіндегі су жайылып шығатын көл.
Жаз айларында суы кеуіп, көл табанына қалың қамыс шығатын. Ол қамысты жергілікті
шаруашылықтар құрылыс материалы ретінде пайдаланды. Көлді шабындық ретінде
пайдаланамыз.
БАТПАНСОР
- Тасқала ауданындағыелді мекен. «Үлкен сор» мағынасын береді.
БАТУРИНА -
Ақжайық ауданындағы елді мекен.Азамат соғысы жылдарында осы
өңірде кеңес өкіметін орнату жолында күрескен 25-Чапаев дивизиясының комиссары
Батуриннің құрметіне қойылған антропотопоним.
БАТЫРБАЙ
- Қаратөбе ауданындағы топоним.Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
БАУБЕК -
Шыңғырлау ауданындағы елді мекен.Адам атына байланысты қойылған атау
антропотопоним.
БАХИРЕВА –
Ақжайық ауданындағы елді мекен.
БАЯНАС –
Тасқала ауданындағы жер аты.
БАЯНАУЫЛ –
Тасқала ауданындағы елді мекен.
БАЯНДЫ КӨЛ –
Ақжайық ауданындағы елді мекен.
Достарыңызбен бөлісу: |