АППАЗ – Тасқала ауданындағы елді мекен.
АЛТЫНБАЙ – Жәнібек ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған.
АМАНКЕЛДІ – Тасқала ауданындағы кеңшар орталығы және Бөрлі ауданындағы темір
жол бекетінің аты. Кеңес үкіметі кезінде жаңадан құрылған колхоздарға батырлардың есімін
беру дәстүрінен қалған атау.
АНТОНОВКА - Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен.
АРАЙ – Жаңақала ауданындағы елді мекен. Жастар бригадасының атымен қойылған
жасанды топоним.
АРАЙЛЫ – Сырым ауданындағы елді мекен.
АРАЛ – Сырым, Теректі аудандарындағы елді мекен. Арал – жан-жағы сумен қоршалған
құрылықтың географиялық термині. Арал сөзі иүркі және моңғол тілдерінің барлығында да
жан-жағын сумен қоршаған құрылық дегенді білдіреді.
АРАЛТАЛ – Бөрлі ауданындағы елді мекен. Халық белгілі бір географиялық объектінің
түрін, түсін, пішінін, көлемінкөзбен шолу арқылы қабылдаған. Бұл қабылдауда ұлттық
нышандар болды. Батыс Қазақстан облысында арал сөзінің қатысымен жасалған Аралтөбе,
Аралтал, Қосарал, Үшарал топонимдері бар.бұл жерлерде теңіз де, көл де жоқ. Бірақ,
жергілікті халық осы топонимдердің бойынан аралға ұқсатудың ұлттық нышандары байқалған.
АРАЛТӨБЕ – Бөрлі, Сырым аудандарындағы елді мекендер. Сырым ауданындағы
Аралтөбе ауылы аттың тағасы тәрізді сумен қоршалған төбеге орналасқан. Алыстан қараған
кезде су ортасында қалған арал тәрізді көрінеді.
АРАЛТАУ – Сырыс ауданындағы тау аты.
АРАЛСОР – Бөкей ордасы ауданындағы көл. Аралсор Батыс Қазақстан облысындағы
көлемді көлдердің бірі. Суы ащы, негізінен сорлы батпақтан тұрады. Көлдің ортасында арал
бар. Гидроним осы аралға байланысты қойылған. Аралға баратын жолды жан-жануарлап ғана
99
біледі екен. Кей жылдары бірер табын жалқы осы аралда бөлініп қалып, бірнеше жылдан кейін
көбейіп, құрылыққа шығып жүрген кездері де болған.