АҚТАЙ
– Казталовка ауданындағы елді мекен.
АҚТАЙСАЙ
– Қаратөбе ауданындағы гидроним және елді мекен. Бұл ауылды ел ішінде
Таздар ауылы деп те атайды. Қызылқоға ауылын мекендеген еті тірі бес жігіт – Жегіре, Өтеп,
Жақыпалды, Алақай және Ақтай баймен келісе алмай, өздері бөлек қоныстанады. Ақтай –
Шегіренің тұңғыш баласы. Ақтай жорықта жараланып, еліне жете алмай, жолда өліпті. Әкесі
Шегіре баласын қазіргі Ақтай сайының жағасына аманаттап көмеді де, жайлаудан қайтарда
қазып алып кетеді. Кейін осы Ақтай атауына ие болады.
АҚТАН
– Сырым ауданындағы елді мекен.
АҚТӨБЕ
– Теректі, Ақжайық, бұрынғы Тайпақ аудандарындағы елді мекендер. Белгілі
бір тарихи кезеңдер мен дәуірлер топонимикалық лексиканың құрамы мен мазмұнына өзінің
қайталанбас ізін салып отырған. Сондай атаудың бірі – Ақтөбе. Қазақтар мемлекеттік істерді
ақылдаса отырып шешетін, билер мен хандар түсетін қасиетті мекенді ақ төбе деп атаған. Ол
жерлердің үнемі биік болып, қалған жерден айырықша даралап тұруы шарт. Бұл дәстүр
көптеген халықтарда бар. Ертедегі халықтар билік құратын орталық биік жерде орналасуы
керек деп түсінген.
Гректер құдайлар Олимп тауының басында кеңес құрады деп, оны киелі санаған. Осыдан
келіп биіктігі сипаттайтын төбе детерминативті құдайларының да, астаналардың атына
қосылып айтылатын болған. Мысалы, Белград, Вена, Варшава, Иерруссалим, Каракас, Киев,
Тель-Авив, Уфа шаһарларының түп мағынасы ехелгі тайпалар тіліндегі төбе, дөң, биік деген
ұғымдарды береді. Демек, олардың бәрі де билік шығаратын биіктік мағынасын білдіреді.
Бұл дәстүр түркі халықтарына да тән. Көне түркі тілдерінде таутау мен тақ сөздерінің
арасында тек дыбыстық қана емес, мағыналық та үндестік бары да осыдан. Халқымыздың
Тәңірді көргің келсе, тауға бардеген мақалы да, Хан жайлаған Қаратау, Би жайлаған Алатау
деген тіркесі де, Тәңіртау, Хан тәңірі оронимдері де жоғарыдағы түсініктің негізінде
қалыптасқан. Халық биліктің бәрін жоғарыдан күткен. Жиынды төбенің басында құрған.
Мәртөбе, Құлтөбе, Ордабасы, Бату жиын ашқан Ордатау, Жәнібек пен Керей жиын ашқан
Қозыбай – бәрі де кезінде күллі ел тағдырын шешетін билік орындарына айналған. Кейін ондай
жерге Орда базар, Ордакент топонимдері осылай қалыптасқан. Осының өзі халқымыздың
өміріндегі мемлекеттік билік дәстүрінің қаншалықты тереңде жатқандығын аңғартады.
Сарай, Ақсарай, Сарайшық, Аққорған атаулары сонау орта түркі дәуірінде өмір сүрген
қыпшақ тайпасының сол кездегі тыныс-тіршілігінен хабар бергендей. Ақтөбе атауы осындай
түсінікке қатысты қалыптасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |