ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


АЙДЕКЕН – Ақжайық ауданындағы елді мекен. Адам атына қатысты жасалған  антропотопоним. АЙЖУҒАНСАЙ



Pdf көрінісі
бет142/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

АЙДЕКЕН
– Ақжайық ауданындағы елді мекен. Адам атына қатысты жасалған 
антропотопоним.
АЙЖУҒАНСАЙ 
– Жәнібек ауданындағы метафоралы гидроним. Әдетте, 
метафоралы 
топонимдер
деп жер-су атауларының бейнелі берілуін айтамыз. Жоғарыдағы гидроним айдың 
мөлдіреген жарығын бейнелеуден туған.
АЙЖАРЫҚ –
Жәнібек ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним. 
АЙКӨЛ
– Қаратөбе ауданындағы көл. 
АЙКҮМІС
– Тасқала ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним. 
АЙҚАЙШАҒЫЛ
– Жәнібек, Қаратөбе, Бөкей ордасы аудандарындағы топоним. Бұл 
топонимнің құрамындағы 
шағыл
сыңары туралы біз жоғарыда түсінік беріп кеттік. Ал 
айқай
сөзі де 
кең, үлкен, зор
ұғымын береді. Адамдар адасып, айқайлап жүріп бірін- бірі табатын 
үлкен құмды 
Айқайшағыл
деп атаған. 
АЙМЕКЕН
– Бөрлі ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним.
АЙТИЕВ
– Теректі ауданындағы елді мекен. Азамат соғысы жылдарындағы ірі саясм 
тұлға Әбдірахман Әйтиевтің құрметіне қойылған антропотопоним. 
АЙТҚҰЛ 
– Казталовка ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған.
АЙТБАЙ
– Бөкей ордасы, Жаңақала аудандарындағы елді мекендер. Адам атына 
байланысты қойылған антропотопонимдер. 
АЙПАРА
– Теректі ауданындағы гидроним. Бұл атау 
ай (аб) – су
сөзі мен 
пара
сөзінің 
қатысымен жасалған. Осыған ұқсас 
Аспара
өзені Жамбыл облысында кездеседі. 
АҚАЙДАР 
– Қаратөбе ауданындағы жер атауы. Кезінде осы жерлерде көл болса керек. 
Оны берілген топоним растап тұр. 
Ақайдар
– «ақ көл». 
АҚЕДІЛ АЙДЫН
– Жаңақала ауданындағы көл. 
Ақеділ
атауы түркі халқының ежелгі 
қонысы саналған Еділ өзенімен байланысты берілген. Бұл атау көне түркілердің соңғы көсемі 
Атилла шаньойдің
құрметімен аталған. Қазақтар өзінің малы мен жанына пана болған 
атамекенді үнемі еркелетіп, ол атауларға ақ сөзін қосып, 
Ақеділ, Ақжайық
деп атаған. 
Гидронимдер құрамында кездесетін ақ сөзі бірнеше ұғымды береді: 


94 
1) Өзен-көлдердегі судың түр-түсін білдіреі. Мысалы: 
Ақкөл, Қарасу, Ақсу; 
2) Судың ағуы деген де түсінікті береді; 
3) 
Аб-ай-ақ
сөзі су ұғымын да бере алады. Қалай болғанда да, Ақеділ атауының құрамындағы 
ақ сөзі суға қатысты беріліп тұр. Ақеділ гидронимі Ресейдің Башқұрстан Республикасында да 
бар. Гидронимнің екінші сыңары – 
Айдын
туралы мәлімет жоғарыда берілді.
АҚБҰЛАҚ
– Шыңғырлау, Бөрлі аудандарындағы өзен және елді мекендер атауы. 
Батыс Қазақстан облысы топонимдері құрамында келетін 
ақ 
сөзі кейде құм,су сөзімен тіркесіп 
келіп, 
сусымалы, көшпелі, ақпалы, ағынды
ұғымын береді. Оның бұл мағынасын номинативті 
(тура) мағынасының бірі деп санаған жөн. Мысалы, 
Аққұм, Ақсу, Ақбұлақ, Ақсай,
т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет