ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


 Қазба байлықтарына байланысты қойылған атаулар



Pdf көрінісі
бет51/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

10. Қазба байлықтарына байланысты қойылған атаулар: 
Тұзтөбе. 


34 
11. 
Жаман, жақсы, үлкен, кіші
компоненттерінің қатысымен қалыптасқан 
атаулар:
Жаманқұдық, Жақсыбай, Үлкен Аңқаты, Кіші Талдықұдық, Кіші Айдархан. 
12. 
Жаңа
сөзінің қатысымен қалыптасқан топонимдер:
Жаңақала, Жаңақоныс, 
Жаңаталап, Жаңакүш 
т.б.
 
13. Генотопонимдер мен этнотопонимдер
: Топонимнің бұл түріне ру, тайпа, тайпалық 
одақ, халық атауларының қатысымен жасалған топонимдер жатады. Грек тіліндегі 
«генос»-
туыс+«оним»-атау
ұғымы негізінде қалыптасқан термин (74, 186). Генотопонимдер Батыс 
Қазақстан топонимиясының құрамында да кездеседі. Туыс тайпалар тармақтарының атаулары 
генотопонимдер
деп аталады. Мысалы, 
Тоқсоба, Беріш аулы, Күшпенкөл, Ақберлі, Есен 
Аңқаты, Тазы, Теке, Тоқпас көлі, Мешеркөл, Сасай, Масқарбай, Дәуқара 
т.б. 
Батыс Қазақстан облысы топонимиясының лексико-семантикалық сипатын осы тарау 
көлемінде ашуда топоним түрлерінің осы ерекшеліктерінің бәрін бірдей қамтудың қажеті бар 
ма деген заңды сұрақ туындайды. Бұл топоним түрлерінің біразы «Батыс Қазақстан облысы 
топонимдерінің этнолингвистикалық сипаты» деп аталатын келесі тарауда қамтылады. 
Сондықтан бұл бөлімде аймақ жер-су атауларының төмендегі түрлері мен олардың 
ерекшеліктерін сипаттаумен ғана шектелдік: 
1. 
Адамның іс-әрекеті мен тұрмыс-тіршілігіне байланысты топонимдер;
2. 
Қоршаған ортаның геофизикалық ерекшеліктерін сипаттайтын топонимдер;
3. 
Жан-жануарлар дүниесіне байланысты қалыптасқан топонимдер; 
4. 
Өсімдік әлеміне байланысты қалыптасқан топонимдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет