ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет48/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

1) 
Адамның өзі:
ауруы, күйі, рухани мәдениеті, үй-жайы, кәсібі, жері, тарихи жолы, 
аты-жөні, дүние-мүлкі, туралы, мінез-құлқы, киім-кешегі, әшекейі, құрал-сайманы, қару-
жарағы, ыдыс-аяғы, тамағы, адамның жалпы атаулары, жанұясы, көлігі, дене мүшелері, 
этнонимдер.
 
2) 
Сезінуге, қабылдауға, есте сақтауға, пайымдауға болатын атаулар:
салмағы, 
дәмі, жасы, иісі, дыбысы, саны, сырты, беті, пішіні (ұзындығы, ені, биіктігі), көлемі, кеңістікте 
орналасуы, беті мен түбіне ара қашықтығы (растояние от поверхности до дна), басқа 
объектілер мен қоршаған ортаға қарым-қатынасы, күйі (проходимой-непроходимый, сулы-
іјрІаі), белгісі бар (с отметиной, метой), температурасы, физикалық кемшілігі, жалпы 
физикалық күйі, сырт пішіні (форма), судың сипаты, жағымды сипат, жағымсыз сипат, төсі, 
табиғи құбылысы (явления природы). 
3) 
Фауна және оған байланысты ұғымдар:
 
жабайы аңдар, үй хайуанаттары, жем, аң 
мекендері, жәндіктер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, балықтар, аңдардың дене мүшелері;
 
4) 
Флора және онымен байланысты ұғымдар:
 
ағаш, орман, тоғай, өсімдік;
 
5) 
Қоршаған орта мен заттар:
 
тоғандар, сулар, жер қабаты, метал, минерал, жер 
бедері
( 63, 88-89). 
Қалған топтастыру түрлеріне қарағанда бұл классификацияның топонимдер табиғатын 
терең ашатынын көптеген зерттеушілер мойындап отыр. «Лексика - семантикалық 
классификация этимологиялық талдаудың тікелей жалғасы болу керек және белгілі бір 
жағдайда оның обьективті дәлелі болып қызмет етуі тиіс» дейді В.У.Махпиров (70, 157).
Ендеше, бұл топтастыруды бір ізге түскен, ғылыми жағынан орныққан көзқарас деп есептеуге 
болады.
2.1.2. Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің семантикалық сипаты 
Батыс Қазақстан топонимиясын да лексика-семантикалық тұрғыдан классификациялауда 
жоғарыдағы ғалымдар еңбектері басшылыққа алынды. Олардың ішінде неғұрлым кең тарағаны 
лексика-семантикалық классификация болып табылады. Географиялық атаулардың 
семантикасын негізге ала отырып, көптеген ғалымдар топонимдерді жан-жануарлардың, 
өсімдік-шөптердің атауымен т. б. бірнеше топтарға бөліп дамыта түсті. Оларды лексикалық 
құрамы мен тілдік қабаттары жағынан бірнеше топқа бөліп қарауға болады.
В.Н.Топоров пен О.Н. Трубачев гидронимдерді мынандай семантикалық топтарға бөледі: 
1.Шөп атауларынан қойылған гидронимдер; 2.Ағаш түрінен қойылған гидронимдер; 
3.Жерасты қабаттары мен топырақ ерекшеліктеріне байланысты гидронимдер; 4.Судың 
түсімен байланысты гидронимдер; 5.Өзеннің ағысы мен судың ерекшелік сипатына 
байланысты гидронимдер; 6.Қоршаған ландшафт ерекшелігіне байланысты гидронимдер; 
7.Өткелдер мен бөгеттер т.б. су құрылыстары атымен байланысты гидронимдер; 8.Облыс 
аймағы немесе шекарасымен байланысты гидронимдер; 9.Хайуанаттар аттарымен байланысты 
гидронимдер (71, 214). В.И.Топоров бұл классификацияның ұтымды жақтарын көрсете 
отырып, дегенмен толық емес екенін де көрсетеді: «подобный анализ позволил вскрыть ряд 
факторов, представляющих интерес для истории языка и территории, но при таком анализе 
всегда остаются неясности» 
(72, 226).


33 
Топонимдерді тану мен зерттеудің түрлі аспектілері бар. Мысалы, қандай сөз бен сөз 
тіркесі, сөз табы атау бола алады деген сұраққа қалай жауап беруге болады? Ең алдымен, зат 
есім болатын дала атаулары жалқы мағына береді. Өйткені қалалар қоршаған ортадан бөлініп, 
ерекше көзге түсіп тұрады. Заттың (предметность) жалқы есім категориясының ерекше белгісі 
ретінде өзіне қатысты сөздердің субстантивтенуін талап етеді
(73, 64). Алайда, жоғарыдағы 
ғалымдар ұсынып отырған бүл классификация Батыс Қазақстан облысы топонимиясының 
барлық лексико-семантикалық қасиетін толық аша алмайды. Сондықтан облыстың жер-су 
атауларын семантикалық тұрғыдан топтастыруда атаулардың барлық түрлері мен кластарын 
қамтитын, тақырыптық тұрғыдан, мағыналық сипаты жағынан аймақ топонимиясына кіретін 
ономастикалық элементтердің барлығын қамтитын классификация қажет.
Қазақ тіліндегі жалпы топонимдер мағынасы жағынан сан алуан болып келеді. Осындай 
семантикалық ерекшелік Батыс Қазақстан облысы топонимдеріне де тән. Оларды мағыналық 
түрлері жағынан мынадай топтарға бөлуге болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет