Қасқыртау, Қасқырсай, Бесқасқыр, Арыстан, Бұлан, Қалдығайты, Бұланды, Бөрлі, Бөрілісай, Қоянды, Шошқалы, Жезкиік, Күшік, Итқара, т.б; ә)
төрт түлік атауларының қатысымен қалыптасқан
атаулар:
Қарақойсойған, Мәші, Байтал, Ешкітау, Қошқарсойған, Тайбұқа, Жастұлпар, Тоқтыбаран, Ақсерке, Сарыбие, Аққозы, Шұбарат, т.б; б) жәндік атауларының қатысымен
қалыптасқан атаулар:
Кірпі, Шаянқұм, Тышқантай, Тышқансай, Шыбын, Соналы, Жыланды, т.б; в) құс атауларының қатысымен қалыптасқан атаулар:
Бүркіт, Қырғауыл, Бірқазан, Сұңқар, Шағала, Қарлығаш, Жасқұс, Аққұс, Балапан т.б.
Осы келтірілген
мысалдарға сүйене отырып мынадай қорытынды шығаруға болады.
Батыс Қазақстан топонимиясы құрамындағы зоотопонимдер белгілі бір жеке топ құрайды.
Сондықтан зоонимдер жер-су атауларын қалыптастыруда белгілі бір қызмет атқарады.
38
2.1.2.4. Батыс Қазақстан топонимдеріндегі өсімдік атаулары Халықтық тілдің байлығының белгілі бір бөлігін өсімдік атаулары құрайды. Осы
саладағы атауларды зерттеуші, белгілі ғалым Б.Қалиевтің айтуына қарағанда, дүние жүзінде
500 мыңға жуық өсімдік атаулары, ал қазақ тілінде 67 мыңдай өсімдік атаулары бар екен (76,
3).
Өсімдік атаулары топонимдер құрамында өнімді қолданылып, сол объектінің флорасын
сипаттап отырады. Осындай өсімдік атауларының қатысымен қалыптасқан топонимдерді
фитотопонимдер деп атайды. Фитотопонимдер Батыс Қазақстан топонимиясында да мол
ұшырасады. Мысалы,
тал, ағаш, саралжын, қамыс, қоға, қараған, өлең, қурай, алма, арпа, терек, арша, жусан, шеңгел, қайың, шөп, сарымсақ, тобылғы, мойыл, шағыл, ырғай, шілік, итмұрын, бидайық, ши, өрік, жиде, мортық, борық, сүттіген, боз, ши, т.б
. Осы өсімдік
атауларының қатысымен облыс территориясында