ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Қарақамыс, Қисыққамыс, Көлқамыс



Pdf көрінісі
бет60/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Қарақамыс, Қисыққамыс, Көлқамыс, 
Шолаққамыс, Қысқамыс, Қамыстыкөл, Қамысқала, Талтоғай, Жалпақтал, Талдыапан, 
Талдықұдық, Қотантал, Көктерек, Бестерек, Үштерек, Теректі, Жусанды, Саралжын, 
Қайыңды, Шилі, Алмалы, Қуағаш, Үшағаш, Қосағаш, Жосалы, Өлеңті, Бозоба, 
т.б. 
топонимдер қалыптасқан. 
Саралжын 

Қаратөбе, Казталовка, Орда аудандарындағы елді мекен атаулары. Бұл 
топонимді саралжын деген өсімдік атауынан қалыптасқан деп келдік. Алайда, сөздің түбіріне 
талдау жасаған кезде көне моңғол тілінде де 
«сиралджин» (қурай) 
сөзінің бар екендігін 
анықтадық. 
Сар (сары)
сөзі моңғол тілінде 
сұр
мағынасын беріп, қазақ тіліндегі 
сұр
түстерімен 
мағыналас келеді. Ал 
«-алжын»
- сын есімнің шырай категориясының көне жұрнағы (қараңыз: 
-ылтым, -ылжым, -ілдір
). Бұл сөздердің мағыналары шөптің түсіне байланысты берілген деген 
пікір бар (77, 45-46). Біз де осы пікірді қолдаймыз. 
 
Батыс Қазақстан топонимиясы құрамында кездесетін
қарағай, қайың, тал, тобылғы, 
қамыс, қопа
атаулары бір кездерде осы жерлерде ормандар мен тоғайлардың көп болғандығын 
дәлелдейді. Тіпті Орал қаласының өзінде тарихта аты қалған 
Хан
 
тоғайы
 
бар. Т.Жароковтың 
«Жапанды орман жаңғыртты» өлеңі Орда жеріндегі құмда өскен 
Қайыңды
орманына арналып 
шығарылған-ды. Ал Сарыөзен мен Қараөзен бассейні бойында ертеде талдың көп өскендігін 
растайтын мәлімет топонимдер арқылы берілген. Мысалы, осы өзендер бойына орналасқан 
Талдыапан, Талдықұдық, Жалпақтал, Казталовка 
 
елді мекендерінің атаулары жоғарыдағы 
жорамалды растайды. Демек, Батыс Қазақстан топонимиясының құрамындағы өсімдік 
атаулары кейбір жағдайда топонимдердің қалыптасу факторларын анықтау қызметін де атқара 
алады екен. 
Батыс Қазақстан облысында өсімдік атауларының қатысымен қалыптасқан мынадай 
атаулар кездеседі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет