ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


 Батыс Қазақстан облысы топонимдеріндегі



Pdf көрінісі
бет76/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
2.2.2. Батыс Қазақстан облысы топонимдеріндегі
реликтілік көріністер мен реликтілік тұлғалар 
 
Бұл мәселенің өзіне арнайы тоқталмас бұрын, реликт терминіне түсінік беріп, оның 
табиғатын танып алған дұрыс. Бұл сөздің лингвистикадағы беретін мағынасы - көне 
лексикалық немесе басқа да қалдықтар. Термин тіл ғылымына жаратылыстану ғылымынан 
енгізілді. 
Реликт 
сөзіне орыс тілінің түсіндірме сөздігінде төмендегідей анықтама беріледі: 
«
Реликт.
 
Животный или растительный организм, сохранившийся как пережиток древних эпох. 
Прилагательный реликтовый. Реликтовые формы растений»(80, 668)
.
Реликт
термині қазақ тіл біліміне 90-жылдардан бастап жүйелі қолданылып, толық 
тұрақтай бастады. Қазақ лингвистері еңбектерінде 
көне тұлға, өлі негіз, өлі түбір, өлі жұрнақ
атауларымен беріліп жүрген бұл тұлғаны Н.И.Букетова неміс, орыс және қазақ тілдерінде 
салыстыра зерттей отырып, осы ұғымның жалпы атауы ретінде 
реликт
терминін қолданды 
(81, 295). Бұл тұлғаның көне ескерткіштер тіліндегі көріністері М.Б.Сабыровтың зерттеуінде 
жалғасын тапты (82). Бұрын да қазақ тіл білімінде реликт атауына ие болып жүрген көне 
түбірлер табиғаты осы зерттеушілерге дейін де ғалымдар назарын өзіне аударып, 
Ә.Т.Қайдаровтың, М.Томановтың, Ж.А.Манкееваның зерттеулерінде ғылыми сипаттамаға ие 
болған болатын (83; 84; 85;).
Топонимдердің талай тарихи кезеңдерді басынан кешіріп, көнеден жеткен лексемалар 
екендігін ескерер болсақ, олардың грамматикалық құрылысында тарихи сипаттағы көптеген 
элементтердің кездесетіні - заңды құбылыс. Аймақ топожүйесінің құрылымдық сипатын 
зерттеуде біз бұл терминді кейбір көне топонимдер құрамында өзгеріссіз қалып қойған 
тұлғаларды, кейбір топонимдердің түбір морфемалары құрамында сақталған көне 
ерекшеліктерді сипаттау мақсатында қолдандық. 
Батыс Қазақстан топонимдерінде кездесетін ерекшеліктеріне сәйкес көне тұлғаларды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет