Самсонов Александр Васильевич (1854–1914), Түркістан генерал-губернаторы.
Сафаров (Валодин) Георгий Иванович (1891–1941), 1908 жылдан большевик, 1912–1917 жылдары эмиграцияда, 1921–1922 жылдары РК(б)П ОК Түркістан Бюросының мүшесі, Коминтерннің Шығыс бөлімінің меңгерушісі. “Колониальная революция (Опыт Туркестана)” (М., 1921) және басқа да еңбектерінде Кеңес өкіметінің саясатын сынға алып, “ұлттық коммунизм” тұжырымдамасын ұсынды.
Сейдалин Жансұлтан (1856–1919), қоғам қайраткері, заңгер.
Сейдалин Жанша (Жаһаншах) Әлмұхамедұлы (1877–1923), қоғам қайраткері, заңгер. 1904 ж. Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірді.
Сейдамет (Сейд-Ахмед, Сейдаматов) Жафер (Жағфар) (1889–1960), қырым татары, Истанбұл университетінің заң факультетін, кейін Сорбоннаны бітірді. Ақпан революциясынан кейін Құрылтай жиналысының мүшесі. 1917–1918 жылдары Қырым-татар құрылтайының және ұлттық үкіметінің мүшесі, бірінші Өлкелік үкіметтің министрі. 1918 жылдан шетелде, Қырым-татар эмиграциясының жетекшісі. Әдебиетші, публицист.
Смирнов Василий Дмитриевич, профессор, Петроград кітапханасы шығыс бөлімінің меңгерушісі.
Соколов Николай Дмитриевич, Уақытша үкімет тұсында сенатор, 1921 жылдан РСФСР Сыртқы сауда халық комиссариатының заң кеңесшісі. Мұстафа Шоқаймен жақын қарым-қатынаста болды. 1939 жылы Варшавада қайтыс болып, сонда жерленді.
Сосновский Михаил Иванович, Ташкент эсерлері жетекшілерінің бірі, Ташкент қалалық думасының төрағасы.
Стейн Аурел (Марк) (1862–1943), көрнекті ағылшын археологы. Индия мен Орталық Азия тарихы бойынша санскрит әдебиеті мен деректемелерінің білгірі. Шығыс Түркістанды зерттеу жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізді, 11 том экспедиция материалдарын жариялады.
Суни Мехмет Гирей, әзірбайжан эмигранттары жетекшілерінің бірі.
Суриц Яков Захарович (1882–1958), РК (б)П ОК-ның Түркбюро мүшесі (1920–1921), КСРО-ның Түркиядағы елшісі (1923–1934).
Сұлтанғалиев Мирсаид Хайдарғалиұлы (1892–1940), саясат және мемлекет қайраткері, ұлттық-мемлекеттік құрылыс теоретигі. Саяси қуғын-сүргін құрбаны.
Сұлтанов Хосров-бек (Хосроу), мусаватистер тұсындағы Әзірбайжан Ұлттық үкіметінің жер шаруашылығы министрі. Эмиграцияда әзірбайжандар жетекшілерінің бірі.
Сыдық (Сыздық), Шоқайдың үлкен ұлы. Мария Шоқайдың жазуына қарағанда, Мұстафа мен Сыдықтың арасы 15 жас болған. Сонда Сыдық 1875 ж. шамасында дүниеге келген. 1919 ж. желтоқсанда дүние салды. 1900–1915 жылдар аралығында Шиелінің болысы.
Таған Галимзян Гирфанович (1892–1948), “Түркістан Ұлттық Бірлігі” ұйымының мүшесі. Будапеште тұрды. Экономика ғылымдарының докторы. Венгрияда агротехникалық университетті бітірді. 1945–1948 жылдары Гамбург университетінде түріктанушы лектор.
Танашев Уәлитхан Шарафиддинұлы (1887–1968), Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер. В. Чайкин айтып отырған уақытта ол Қазақ АКСР Юстиция халкомының орынбасары.
Тарази Махмуд-бек (1867/68–1934/35), жазушы, саяси қайраткер, Ауғанстанның Франциядағы елшісі (ХХ ғасырдың 20-жылдары) Ауғанстанда “Сираж уль Ахбар” газетін шығарып тұрды. 1919–1922, 1924–1927 жылдары Ауғанстанның сыртқы істер министрі.
Тевкелев Кутлуг-Мухамед Батыргереевич (1850–?), Мемлекеттік думаның төрт бірдей шақырылуының депутаты. “Иттифак әл-муслимин” партиясының мүшесі. ІІІ және ІV Думалардағы Мұсылман фракциясының депутаты. 1916 жылдың жазында А. Ф. Керенскиймен бірге Түркістан мен Далалық өлкедегі көтеріліс себептерін зерттеумен шұғылданған арнайы комиссияны басқарды.
Темір Ахмет, филология ғылымдарының докторы, профессор. 1912 ж. Татарстанда туған. 1929 жылдан Түркияда. Анкара университетін бітіргеннен кейін Германияға қоныс аударып, Берлин университетін бітіреді. Осы оқу орнында шығыстану семинарларында татар тілінен сабақ береді. Сол кезеңде Г. Исхаки, оның қызы Саадат ханым, Т. Шағатай М. Шоқаймен танысады. 1943 ж. Түркияға қайтып оралды.
Терегулов (Тенгрекоглы, Тенерекоглы) Омер (Гумер) Хабибрахманұлы (1884–1938), Уфа губерниясынан, саяси қайраткер, заңгер, әдебиетші. 1913–1915 жж. Лондонда оқиды. Мұсылмандар арасында азаматтық идеяларды тарату жөніндегі Уфа комитетінің мүшесі. Ақпан революциясынан кейін Құрылтай жиналысының мүшесі, Ішкі Ресей мен Сібір мұсылмандары ұлттық жиналысының депутаты. 1919 жылдан эмиграцияда. 1923 ж. Жапониядан Еуропаға, кейін Түркияға келді. Мұнда “Милли юл” журналын шығаруға атсалысты.
Тоболин Иван Осипович (1885–1941), Түркістан большевиктері басшыларының бірі, 1918 жылдан Түркістан Компартиясы ОК-нің төрағасы.
Тоғай Мухаррем Февзи, эмиграциядағы Қазан татары, “Жумхуриет” газетінің редакторы, Истанбұлдағы “Түрік ошағы” қоғамы басшыларының бірі.
Торғай Қуатбайұлы (1792–1872), датқа.
Тоқтаров Фуад (Фуат) (1880–1938), адвокат, татар саясаткері, М. Шоқайдың дос-жолдасы. Құрылтай жиналысының мүшесі. 1920 жылы Парижге, 1923 жылы Берлинге, кейін Түркияға қоныс аударады.
Тоқумбетов Осман (Усман) (1888–?), 1914 жылы Петербург университетін бітірді. 1923 жылдан Германияда. Әйелі Головина деген атпен кеңес барлауына қызмет істеген.
Топчибашы Әли-Мардан Алекпероғлы (1862–1934), заңгер, журналист, І Мемлекеттік думаның депутаты. Ақпан революциясынан кейін әзірбайжан ұлттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, Әзірбайжан Демократиялық Республикасы парламентінің төрағасы. Шетелде Кавказ конфедерациясын ұйымдастырды.
Төгісов Көлбай (1879–1919), қоғам қайраткері, журналист, драматург. “Үш жүз” партиясына басшылық етті.
Төреқұлов Нәзір (1893–1937), мемлекет, партия қайраткері. 1917 ж. Қоқан Солшыл эсерлері ұйымы төрағасының жолдасы (көмекшісі) (Жизнь и деятельность представителей казахской национальной интеллигенции в Туркестане. Сб. док. и матер. 1. (Шымкент, 2004. С. 120). 1917–1922 жылдары Түркістан Оак төрағасының орынбасары, Ресей Компартиясы ОК Ортаазиялық бюросының мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК төрағасы, 1928–1935 жылдары Сауд Арабиясы Корольдігінде кеңес өкілетті өкілі.
Уалишвили Зураб А., Грузия ұлттық үкіметінің бұрынғы сыртқы істер министрі.
Усманов Сейдали (1899–1973), өзбек. Берлин жоғары техникалық мектебін бітірді. 1934 жылдан Түркияда, Анкара университетінің профессоры.
Успенский К. Я., солшыл эсер, жұмысшы және солдат депутаттарының Түркістан өлкесі кеңесінің төрағасы (1917), кейін Түркістан өлкесі Халком кеңесі төрағасының орынбасары, большевик.
Үлкісал М., эмиграциядағы қырым татарлары жетекшілерінің бірі.
Федотов-Уайт Дмитрий, ақ эмигрант. М. Шоқайды А. П. Демидов арқылы таниды.
Ферран Габриэль (1864–1935), ортағасырлық араб географиясы мен астрономиясы жөніндегі еңбектердің авторы.
Фитрат Абдурауф (1886–1938), Бұхара жәдитшілдігінің және жасбұхаралықтар қозғалысының аса көрнекті қайраткері. Бұхара революциясының жеңісінен кейін сыртқы істер және халық ағарту министрі болып істеді. 1938 ж. ату жазасына кесілді. Кейін ақталды.
Хажыбейли Жейхун, әзірбайжан ұлттық қозғалысы жетекшілерінің бірі.
Хаким Ахмед Наим, “Прометейдегі” “Түркістан Ұлттық Бірлігінің” өкілі.
Хакимов Насыр Махдум (Махмуд), 1920 ж. Бұхара Халық Республикасының қаржы министрі. ТҰБ-ның мүшесі, 1927 ж. наурызда Түркияда өткен ТҰБ-ның конгресіне қатысты.
Халыққоры Ахмет, Прагада тұрды. М. Шоқаймен қарым-қатынаста болды
Хан-Йомудский Николай Николаевич, түрікмен, патша армиясы офицерінің ұлы, кадет партиясының мүшесі.
Харашкевич Э., капитан, Польша Бас штабы ІІ барлау бөлімінің бастығы.
Хасмамедли (Хасмамедов) Халил-бек Гаджи-Баба оглы (1873–?), ІІ, ІІІ Мемлекеттік думаның мүшесі. Мұсылман фракциясы құрамына енді (1907–1912). Әзірбайжан республикасы (1919, 28 мамыр – 1920, 24 сәуір) ұлттық үкіметі төрағасының орынбасары және әділет министрі, “Кавказ” эмигранттар тобының белсенді мүшесі.
Ходжаев Саид, саяси эмигрант, Берлинде тұрды.
Цаликов (Цалыкати, Салихов) Ахмед-бек Темірболатұлы (1882–1928, Прага), осетин-мұсылман, публицист, Кавказ халықтарының тәуелсіздігі үшін болған қозғалыстың қайраткері. 1920 жылы М. Шоқай А. Цаликовпен бірге “Йени дүния” атты апталық газет ұйымдастырады. 1921 жылы Грузияда Кеңес өкіметі орнатылғаннан соң шетелге кетеді.
Цвиллинг Григорий Моисеевич (1881–1941), 1919 жылдың қарашасынан 1921 жылға дейін Ташкентте жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің мүшесі. 1917–1918 жылдары жергілікті мұсылман халқына сенуге болмайтындығы жөнінде үгіт жүргізді. 1922 жылдан Түркияда консул.
Чайкин Вадим Афанасьевич (1886–1941), социал-революционерлер (эсерлер) партиясы Орталық Комитетінің мүшесі, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы депутаттығына кандидат, Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі. Бірінші Жалпықазақ съезінің жұмысына қатысты. 1923–1933 жж. айдауда болып, 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшырады. 1941 ж. Орел түрмесінде бірнеше саяси қайраткерлермен бірге атылды. Бірнеше тарихи зерттеулердің авторы.
Чайковский Николай Васильевич (1850/51–1926), орыс саяси қайраткері. 1917 жылдың ақпан айынан – “трудовик”. 1918 жылы қыркүйекте Уфа Мемлекеттік кеңесінде Директория құрамына сайланды. Кейін Парижге қоныс аударды.
Чичерин Георгий Васильевич (1872–1936), кеңес мемлекет және партия қайраткері. 1918–1930 жылдары РСФСР сыртқы істер министрі.
Чхеидзе Николай Семенович (1864–1926), 1907–1912 жж. – ІІІ Дума, 1912–1917 жж. – ІV Дума депутаты. Ақпан төңкерісінен кейін Грузияның президенті. Закавказье сеймінің төрағасы. 1921 жылдан эмиграцияда.
Чхенкели Акакий Иванович (1874 ж. т. – ?), публицист. Грузия Ұлттық мемлекетінің сыртқы істер министрі, осы үкіметтің Франциядағы өкілі. Грузин эмигранттары жетекшілерінің бірі. М. Шоқайдың қазасына байланысты сөйлеген сөзінде қазақ қайраткерінің Парижде, Лондонда, Женевада және Батыстың басқа да қалаларында жүргізген жұмыстарын жоғары бағалап, оны “халықтың шын мәніндегі ұлттық көсемі” деп бағалады.
Шавишвили Каритон, Грузия Ұлттық үкіметінің Женевадағы елшісі болды. Грузияда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін шетелде қалды.
Шагиахмедов Ислам Сұлтан, Шах Ислам Шах Ахметбек (Шаислам, Шаамед), заңгер, “Туркестанский край” газетін шығарушы және редакторы, Түркістан Уақытша үкіметінің министрі, төрағаның орынбасары, кейін қаржы министрі, Бүкілресейлік Мұсылмандар кеңесі Орталық Комитетінің мүшесі. 1921 ж. шетелге қоныс аударды.
Шағатай (Шәкір) Тахир (Тайыр) (1902, Ташкент – 1984, Түркия). 1922 жылы Германияға оқуға жіберілген ол Өзбекстанға оралмайды. Гейдельберг университетін философия, әлеуметтану және экономика мамандығы бойынша бітіреді. Аяз Исхакидің қызы Сағадат (Саодат) ханымға үйленеді. “Яш Түркістан” журналының жауапты хатшысы болып, он жыл үздіксіз М. Шоқаймен бірге жұмыс істейді. Журналдың шығарылуы тоқтатылғаннан кейін Анкарада “Зират” банкінде жұмыс істейді. Кейін Анкара университетінде профессор. “Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысы туралы оқиғалар” (Истанбұл, 1959), “Түркістандағы түрікшілдер және халықшылдық”, алты кітаптан тұратын “Қызыл империализм” деген зерттеудің авторы.
Шамиль Саид (1901 – ө. ж. б.), Шәмил имамның немересі. Мединеде туды. Истанбұлда оқыды. 1920 жылы Дағыстанда үлкен құрметпен қарсы алынды. Мұнда ол большевиктерге қарсы көтерілісті басқарды. 1926 жылы Кавказ таулықтарының халық партиясын құруға қатысты. Эмиграцияда – Солтүстік Кавказ тобының жетекшісі.
Шафи (Шафиев) Әбдірахман (Алмас) (шын аты-жөні Ғабдрахман Галиуллин), (1885, басқа бір деректер бойынша 1892 ж. – 1961), көпес, татар қоғам қайраткері. Азамат соғысы кезінде Түркияға кетті, 20-жылдары Мәскеуде Түркия елшілігінде істеді. 30-жылдары Германияға қоныс аударды. ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде “Идель-Урал” түркі-татар одағын (комитетін) басқарды. 1945 ж. Түркияға қоныс аударды.
Шахкули Мұстафа (Шакулов), татар, Мәскеу коммерциялық институтын бітірген. 1918 жылдан Башқұртстанда түрлі үкімет мекемелерінде жұмыс істеді. 1920 ж. А.-З. Валидимен бірге Бұхараға келеді. Кейін Осман Қожамен бірге Тәжікстанға келіп, басмашылар қозғалысында нұсқаушы болады. Кейін Еуропаға қоныс аударды. Талантты зерттеуші Ахмет Иасауидің барлық қолжазба жинақтарын зерттеп шықты. 1918–1923 жж. азаттық қозғалысы туралы кітап жазды. Оның фотокөшірмесі Колумбия университетінің мұрағатында, профессор Э. Олуордта да бар.
Шәріп Қожа, БХР-дың Ауғанстандағы елшісі, кейін Истанбұлға қоныс аударады.
Шәріпқожаев Садреддин-хан, Ташкент мүфтиі. Ақпан төңкерісінен кейін Түркістан мұсылмандары Орталық Кеңесінің мүшесі. 1921 жылы Ауғанстанға кетіп, Газни қаласында, кейін (1934 жылға дейін) Иранда тұрды. М. Ибрагимнің хабарлауына қарағанда, Ауғанстанға қайта оралған кезінде (1934–1935 жж.) қамауға алынып, кейін босатылады.
Шен Шицай (1879–1970), 1933 жылғы сәуірден Шыңжаңның генерал-губернаторы. 1933–1934 жылдардағы жергілікті халықтың ұлт-азаттық қозғалысын басып жаныштады.
Шерахмедова Саида, 1922 ж. Түркістаннан Германияға оқуға жіберілген жастардың бірі. Кейін осында қалып, А. Оқтайға тұрмысқа шықты, 1939 ж. күйеуімен бірге Берлиннен Истанбұлға қоныс аударды.
Ширмұхаммед-бек Ғазы (Керширмат), өзбек, Түркістандағы мұсылман көтерілісшілерінің қолбасшысы. Ауғанстаннан М. Шоқаймен хабарласып тұрды.
Шкапский Орест Авенирович (1865–1918), Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі.
Шоқаева (Горина-Шоқаева) Мария Яковлевна (1888–1969), Мұстафа Шоқайдың әйелі. Әнші (меццо-сопрано). 1926 жылдан Париждегі орыс эмиграциясының мәдени өміріне қатысты. М. Шоқай қайтыс болғаннан кейін, оның шығармашылық мұрасын сақтап, бүгінгі ұрпаққа жеткізуде көп еңбек сіңірді.
Шульгин Александр Яковлевич, Украина Халық Республикасының (1917, наурыз – 1918, сәуір) сыртқы істер министрі. Украинада Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Парижге келіп тұрақтады.
Щепкин Н. Н. (1854–1919), кадет партиясының қайраткері, Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің төрағасы.
Щётцель (Щецель) Тадеуш (Schaetzel Tadeusz), Львовта, кейін Грацта (Австро-Венгрияда) оқыды, инженер. Поляк барлауында 1918 жылдан жұмыс істеді, 1924–1926 жж. Польшаның Түркиядағы әскери елшісі. 1926–1928 жж. поляк Бас штабында бөлім бастығы, 1928 жылдан дипломатиялық қызметте, кейін сыртқы істер министрлігінде. Сейм депутаты болып сайланды, полковник. Лондонда қайтыс болды.
Энвер паша (Enver Pasha) (1881–1922), жастүріктер жетекшілерінің, І Дүниежүзілік соғыс кезінде Түркияны билеген триумвираттың бірі. “Иттихад ва Теракки” партиясы көсемдерінің бірі. 1918 ж. Түркиядан қашып шығады. 1921 ж. Түркістандағы басмашылар қозғалысын басқарды. 1922 ж. тамызда Ауғанстанмен шекарада ұрыс кезінде қаза тапты.
Элиава Шалва Зурабович (1883–1937), кеңес мемлекет және партия қайраткері. 1919–1920 жылдары БОАК мен РСФСР Халық комиссарлары кеңесі Түркістан комиссиясының төрағасы болды. “Түркістанда Орталық өкілдігінің басшысы” деп В. Чайкин осы қызметті айтады. Ш. З. Элиава Орта Азияның РСФСР-дан бөлініп кетпеуі үшін көп жұмыс атқарды. Т. Рысқұлов секілді ұлттық қайраткерлерге қарсы тұрды. Т. Рысқұлов ұсынған “Түрік Республикасы” деген атаумен келіспей, РСФСР құрамындағы Түркістан лттық Республикасы. В. Чайкин айтқандай, “оның көзқарастары отаршылдардың көзқарастарынан түбегейлі ерекшеленеді” деуге негіз жоқ.
Эфендизаде Мехмет Али (Амин), Бакуден 1917 ж. “Мусават” партиясы іссапарға Түркістанға жібереді. Кейін Түркістанға біржолата қоныс аударады.
Юсупов Палванияз Қажы (1885–1934), мақта өңдеу зауытының иесі, саудагер. 1920–1921 жылдары Хиуа Халық Социалистік Республикасы назирлері кеңесінің төрағасы. Басмашыларға қосылады. Кейін Түркияға қоныс аударады.
Юргули-Агаев Хидоятбек, Түркістан Уақытша үкіметінің жер қатынастары және су шаруашылығы министрі.
Якубов Хашим Шаик (Шаик), Бұхара Халық Республикасының сыртқы істер министрі, Кабулдағы елшісі. “Түркістан Ұлттық Бірлігі” ұйымының мүшесі. 1961 ж. Кабулда қайтыс болды.
Яркин Ибрагим (1902–?), Берлин ауылшаруашылық академиясын бітірген. 1930 жылдан Түркияда. Анкара университетінің кафедра меңгерушісі, профессор. “Түрік ошағы” журналында жәдиттер қозғалысы, ұлттық мәдениеттің қоғам дамуындағы орны мен рөлі туралы көптеген мақалалардың авторы.
Б қосымшасы
(анықтамалық)
Эмигранттық баспасөз
“Әзери Тюрк”, Истанбұл, 1928–1930 жылдар.
“Әзірбайжан Юрт Билгиси”, 1932 жылдан Берлинде шығып тұрды.
“Бильдиргыш”, Истанбұл, 1930–1931 жж.
“Возрождение”, 1918 жылдан Құрылтай жиналысы Социал-революционерлер партиясының фракциясы шығарған газеті; кейін Варшаваға қоныс аударды.
“Воля России”, Социал-революционерлер партиясының 1920–
1932 жылдар аралығында Парижде шығып тұрған басылымы.
“Горцы Кавказа”, журнал, Париж.
“Дни” газеті, Берлин, Париж, 1922–1928 жж. Редакторлары А. Ф. Керенский, А. В. Милашевский және т. б. 1928 жылдың 9 қазанынан 1932 жылдың 4 қазаны аралығында жұма сайын жарық көрді.
“Ени Кафкасия”, Кавказ эмигранттарының баспа органы, 1923–1927 жылдары Истанбұлда.
“Истиклал” (“Тәуелсіздік”), әзірбайжан эмигранттарының 1934 жылдан Берлинде шығарып тұрған қоғамдық-саяси газеті. Редакторы М.-Э. Расул-Заде.
“Йени Түркістан” (“Ени Түркістан”) (1927 ж. маусым – 1931 ж. қыркүйек), “Түркістан Ұлттық Бірлігі” ұйымының баспа органы. Журналдың иесі және мүдірі доктор Мажидаддин Ахмет.
“Милли байрақ”, қоғамдық-саяси газет. Қиыр-Шығыс түрік-татар мұсылмандарының баспа органы. 1935–1945 жылдары Мукден қаласында (Қытай) татар тілінде шығып тұрды. Редакторы Руқия Мұхаметдин.
“Милли Түркістан”, Вели Каюм шығарып тұрған Түркістан Ұлттық Комитетінің баспа органы. 1942–1975 жылдар аралығында 134 саны шықты. Мұның алғашқы 63 саны (1942–1945 жж.) Берлинде, ал 64–134 сандары 1950 жылдан бастап Дюссельдорф қаласында шықты. Журнал негізінен латын әріптерімен, кейбір сандары араб жазуымен шағатай тілінде жарық көрді.
“Мусават” (“Теңдік”), толық атауы – Ұлттық Әзірбайжан “Мусават” халық партиясының бюллетені, “Мусават” партиясының органы. Алғашқы саны 1936 жылдың қыркүйек айында жарыққа шықты.
“Отлу юрт”, Истанбұл, 1929–1931 жылдар.
“Последние новости”, газет, Париж, 1920–1940 жж. 1920 жылдың сәуір айынан Парижде М. Л. Гольдштейннің редакторлығымен жұма сайын шығып тұрды. 1921 жылдан бас редакторы П. Н. Милюков болды. Кадет партиясының органы.
“Прометей” (“Promйthй”), Кавказ, Украина және Түркістан халықтарының ұлттық мүдделерін қорғау комитетінің органы. Негізін 1926 жылы Парижде Кавказ тәуелсіздігі комитетінің осы аттас журналы қалады. Парижде ай сайын шығып тұрды. 1940 ж. жұмысын тоқтатты.
“Руль”, газет, Берлин, 1930–1931 жж. Кадет партиясының мүшелері И. В. Госсен, А. Д. Камина, В. Д. Набоков ұйымдастырған.
“Социалистический вестник”, эмиграциядағы меньшевиктердің баспа органы. Жұмасына екі реттен Берлинде, 1933 жылдан Парижде шығып тұрды.
“Современные записки”, Парижде шығып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби журнал. Н. Д. Авксентьев, В. В. Руднев және т. б. оңшыл социалреволюционерлер ұйымдастырды.
“Социалистическая лестница”, социал-революционерлердің бір тобының Берлиндегі журналы.
“Шимали Кафкасия” (“Şіmalі Kavkasya”), Варшавадағы Солтүстік-Кавказ эмигранттарының журналы.
“Янга милли юл”, қоғамдық-саяси және ғылыми-әдеби журнал. 1928 жылдың 23 желтоқсанынан 1939 жылдың қазан айына дейін Берлинде, кейін Варшавада айына екі рет шығып тұрды. Барлығы 136 саны жарық көрді. Шығарушы және редакторы Г. Исхаки.
“Янга япон мухбире”, 1931–1945 жылдары Токиода татар тілінде ай сайын шығып тұрды. 1931–1932 жылдары “Япон мухбире” атауымен жарық көрді.
“Яш Түркістан”, журнал, “Түркістан Ұлттық Бірлігі” ұйымының органы. 1929 жылы желтоқсан-ақпан айынан бастап М. Шоқайдың басшылығымен Берлин қаласында шыға бастады. Журналды дайындау, баспадан шығару жұмыстарын Тахир Шағатай мен Абдуақап Оқтай жүргізеді. ІІ дүниежүзілік соғыс басталған кезде журнал жұмысын тоқтатып, редакция мүшелері Истанбұлға қоныс аударады.
“Pour la Russіa” (“Россия үшін”), газет, Париж, 1919–1920 жж. Социал- революционерлер партиясының органы. Француз тілінде 1919 жылдың қазан айынан шыға бастады.
Мазмұны
|
Кіріспе (Шоқайтанудың деректемелік негіздері) ...............................
|
3
|
1
|
М. Шоқай дүниетанымының қалыптасуы ..........................................
|
5
|
2
|
Бостандық үшін күрес жолында ..........................................................
|
39
|
2.1
|
Автономия идеясының ықпалында ...................................................
|
39
|
2.2
|
Ұлттық қозғалысқа басшылығы ........................................................
|
54
|
2.3
|
Түркістан Мұхтарияты .........................................................................
|
69
|
3
|
Түркістаннан Парижге ..........................................................................
|
94
|
3.1
|
Құрылтай жиналысы: үміт пен елес ...................................................
|
94
|
3.2
|
Жолайрығында ......................................................................................
|
107
|
3.3
|
Мұғажырлық өмірдің басталуы ...........................................................
|
125
|
4
|
Ұлттық қозғалыстың ұйымдық негіздерін қалау ...............................
|
139
|
4.1
|
Елмен байланыс орнату ........................................................................
|
139
|
4.2
|
“Түркістан Ұлттық Бірлігі” ұйымының құрылуы ..............................
|
154
|
4.3
|
Баспасөз органдары ...............................................................................
|
172
|
5
|
Ұлттық қозғалыстың стратегиясы мен тактикасын айқындау ........
|
182
|
5.1
|
Түркістан мәселесінің халықаралық деңгейде қойылуы ...................
|
183
|
5.2
|
Түркістандықтардың ішкі бірлігін нығайту .......................................
|
207
|
5.3
|
Түркістан бірлігінен түрік бірлігіне ....................................................
|
222
|
5.4
|
Түрік бірлігінен халықтардың біртұтас майданына ..........................
|
230
|
6
|
М. Шоқай – халықаралық сарапшы және тарихшы ...........................
|
248
|
7
|
Соңғы күндері ........................................................................................
|
279
|
|
Әлем таныған қайраткер (Қорытынды орнына) .................................
|
299
|
|
Тест сұрақтары ......................................................................................
|
311
|
|
Дұрыс жауаптар .....................................................................................
|
329
|
|
Реферат тақырыптары ...........................................................................
|
331
|
|
Әдебиеттер .............................................................................................
|
332
|
|
А қосымшасы. М. Шоқайдың бүркеншік есімдері ............................
|
369
|
|
Ә қосымшасы. Есімдерге түсіндірме ..................................................
|
370
|
|
Б қосымшасы. Эмигранттық баспасөз ................................................
|
393
|
Достарыңызбен бөлісу: |