Р. Р. Мухамеджанова 17. 08. 2020ж. №1 хаттама



Pdf көрінісі
бет17/76
Дата09.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#131216
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76
Байланысты:
Дәрістер жинағы

 
Кілттік сөздер: 
Жібек жолы, орта ғасырлық ғылым, түркі мәдениеті
 
Халықаралық сауда жолының тарихы б.з.б. 3-2 мыңжылдықтардан, 
Шығыс Түркістаннан Иран, Мысыр, Қытай мен Сирияға лазурит пен нефрит 
тасудан басталады. Б.з.б. 138 жылы Қытайдан император У-дидің Батыстың 
беймәлім елдеріне (күн қайда батса, сол жаққа) жіберген елшілік керуені 
жолға шығады. Ол алғаш рет Қытайдан Орталық Азияға тіке жол тартты. 
Сапар барысында сауда үшін қолайлы жолдар анықталды. Бұл жолдар Ұлы 
Жібек жолының негізін қалады. Тарих ғылымында б.з.б. II ғасырды Ұлы 
Жібек жолының тұрақты жұмыс істеуінің басталуы деп есептеу қабылданған. 
Қытай елшісінен кейін іле-шала бұл жолмен Батысқа жібек керуендері жүрді. 
Рим мен Византия, Үндістан, Иран, Араб халифатынан осы елдерде 
өндірілетін тауарлар тасылды. Ұлы Жібек жолының маңызы — халықтар мен 
мәдениеттерді жақындастырып, өзара байытуында болды. Ұлы Жібек жолы 
өзінің атауын XIX ғасырда ғана алды. Оны неміс ғалымы, Азияның 
физикалық географиясы туралы еңбектердің авторы фон Рихтгофен ұсынды. 
Жібек сауданың басты түрі болды. Жібек алтынмен бірге халықаралық 
валюта міндетін атқарды. Оны патшалар мен елшілерге тарту етті, жалдамалы 
әскерге жалақы және мемлекеттік қарыздардың өтеуі ретінде төледі. Жібек 
өзінің жұқа, әсемдігінің арқасында алыс жерлерге тасымалданатын негізгі 
тауар саналды. Сонымен қатар иіссу, тәтті тағамдар, женьшень мен маталар, 
бояу, бағалы тастар, аң терісі, алтын, күміс құймалары сияқты бұйымдар да 
тасылды. Жібек жолымен араб арғымақтары, қаршыға, тотықұстар мен 


16 
түйеқұстар т.б. сатуға әкелінді. Жібек жолымен ежелгі мәдениет пен өнер 
туындылары таратылды. Орта Азия, Түркістаннан келген музыкант, биші, 
акробаттар Қытай императоры мен Византия сарайларында өз өнерлерін 
көрсетті. Жібек жолымен қытайлықтар өз елінде жоғары бағаланатын асыл 
тұқымды жылқы мен түйелерді Орталық Азиядан алдырды.
Қытайлықтар керуен саудасы арқылы әкелінген ауыл шаруашылығы 
дақылдарын — бұршақ, пияз, қияр, сәбіз, анар, грек жаңғағы т.б. өз елдерінде 
өсіруді үйренді. Орталық Азиядан Қытайға жүннен тоқылған әртүрлі 
бұйымдар — кілем, жапқыш, төсеніштер әкелінді. Жүн өңдеу мен кілем тоқу 
әдісімен таныс емес қытайлықтарға бұл бұйымдар ерекше әсер етті. Жібек 
жолы бағытымен өткен керуен саудасы пайда әкелумен қатар, үлкен қауіп-
қатерге де толы еді. Сол себепті көпестер жолға жалғыз емес, қарулы 
адамдардан тұратын ірі керуендермен шықты. Керуендер жүк артылған 
бірнеше 
жүздеген 
малдан 
құралды. Олармен 
бірге 
саудагерлер, 
аудармашылар, нөкерлерін ерткен елшілер, дін таратушылар да сапар шекті. 
Керуен саудасы арқылы жол бойында тұрақты түрде қызмет көрсететін 
орындар ашылды.
Сол себепті Ұлы Жібек жолы бойында керуен сарайлар (жолаушылар 
тоқтап, демалатын жайлар) салынды. Оларда көпестер мен керуенге қызмет 
көрсететін арнайы адамдар, демалыс бөлмелері, тауар сақтауға, жүк артылған 
малға арналған қоражайлар, қажетті жемшөп, азық-түлік пен қоймалар болды. 
Керуен сарайлар көпес үшін қажетті тауарды сатып алатын, сататын орынға 
айналды. Айырбас сауда да дамыды. Жер иелері кедендік баж салықтарынан 
пайда тапты. Бұл артықшылықты жоғалтып алмау үшін Орталық Азия 
елдерінің билеушілері көпестерді қорғайтын заңдар қабылдады. Сауданы 
дамытуда көшпелі малшылар маңызды рөл атқарды. Олар керуендерге жол 
көрсетіп, азық және көлік малымен қамтамасыз етті.
Ортағасырлық авторлардың деректері мен археологиялық қазба 
жұмыстары Жібек жолы бойындағы халықаралық сауданың IX ғасыр мен XIII 
ғасырдың басында ерекше дамығандығын айғақтайды. Испиджаб, Кедер, 
Отырар, Тараз, Науакент, Баласағұн қалалары ірі сауда орталықтары саналды. 
Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария алқаптарында қала орталықтары 
қалыптасты. Бұл қала орындары Арал бойындағы құрғақ, шөлейт аймақтарда 
жақсы сақталған. Ұлтаралық және дінаралық төзімділік, өзге халықтың салт-
дәстүріне құрметпен қарау Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың басты 
ерекшелігі болды. II — V ғасырларда Жібек жолы шығыста Хуанхэден 
басталып, Қашғария мен Ферғанаға, одан әрі Самарқан, Бұхара арқылы 
Сирияға өтті.
VІ-ХІІІ ғасырларда Қытайдан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы 
Батысқа өткен жол қызу тіршілікке толы болды. Жолдың мұндай сипаты 
бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, Жетісуда түркі қағандарының 
ордалары орналасты. Олар сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. 
Екіншіден, VII ғасырда Ферғана арқылы өтетін жол өзара қақтығыстар 


17 
салдарынан қауіпті еді. Үшіншіден, бай түркі ақсүйек қауымы теңіздің ар 
жағынан келген тауарларды көтерме бағамен сатып алып отырды. 
Жібек жолы жүзжылдықтар бойы өзгерістерге ұшырады. Жолдың 
бір бөлігінің маңызы ерекше артса, кейбірі, керісінше, жойылып кетті, ал енді 
бірі құлдырады. Мәселен, VI—VIII ғасырларда негізгі жол Иранды айналып 
өтті. Бұл Батыс Түрік қағанаты мен Византияның осы елге қарсы жасалған 
әскери-сауда одағына байланысты болатын. Құрлықтағы саяси жағдай 
елшілер мен көпестердің және басқа сапарға шыққан адамдардың жол 
бағыттарын таңдауынан айқындалды. VI ғасырдың екінші жартысында 
түркілер Ұлы Жібек жолының біраз бөлігіне иелік етті. Нақты осы түркі 
кезеңінде Қытайдан Жетісу арқылы батысқа және Қазақстанның оңтүстігіне 
өткен Ұлы Жібек жолы бойында жандану байқалды. Бұл жолдың негізгі бөлігі 
еді және керуен саудасы мен елшілік сапарлары VІ-ХІІІ ғасыр басында осы 
жермен өтті.
Бұл жағдай Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінде ежелгі қалалардың 
тез өсуіне жеткізді. Ортағасырлық Сырдария қалаларына қазба жұмыстарын 
жүргізген кезде табылған заттар халықаралық сауданы зерттеуде маңызды 
дереккөздері болып табылады. Осындай жәдігерлердің қатарына Отырардан 
табылған күміс көмбе жатады. Күміс теңгелер Түркістан қалалары мен Кіші 
Азия, Еуропа және Еділ бойы қалаларының ақша сарайларында дайындалды. 
Қазбалар барысында тұрмыстық және зергерлік бұйымдар табылды. Оны Ұлы 
Жібек жолындағы қалалардың өзіндік «сыр сандығы» деуге болады. 
Ұлы Жібек жолы жүйесіне керуен жолдарының бірнеше тармақтары 
енді. Бұл тармақтар тау жоталарындағы түрлі асулар арқылы шөлді айналып 
өтті. Жібек жолы Арал теңізі жанынан өтті. Сырдария жағалауымен, одан 
Шудан Жетісу арқылы Жоңғар қақпасына жетті. Осы аймақ Үндістанның 
түрлі дәмдеуіштер өндірілетін өлкесі мен тұт ағашы өсетін Сары өзеннің 
(Қытай) жағалауларына апаратын ең ыңғайлы жол болып есептелінді.
Талас 
алқабындағы 
Тараз 
қаласы 
түргеш, 
қарлұқ, 
кейін 
қарахандықтардың экономикалық және мәдени орталығы болды. Сауда жолы 
Тараздан солтүстік бағытта — Ертіске, одан әрі Енисейдегі қырғыздарға өтті. 
VII ғасырдағы Қытай жол көрсеткіш кітапшасында «Ақ өзендегі қала» — 
Испиджаб көрсетілген. Оны кейін «Сайрам» деп атаған. Испиджаб ірі негізгі 
сауда орталығы болды. Осы жерден жол одан әрі Сырдария арқылы өрлеп, 
Арал бойына жетті. Сырдария жағалауымен өткен керуен жолында ірі қалалар 
Отырар (Фараб) мен Шауғар орналасты. Бұл қалалардан оғыздар орталығы 
Янгикент қаласына қарай жол өтті. Х-ХІІ ғасырларда Ұлы Жібек жолының 
бұл тармағында Сауран, Жент, Ашнас сияқты қалалар бой көтерді.
Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы Ұлы Жібек жолының тарихында 
оны түркі мемлекеттері толықтай дерлік бақылауда ұстаған үш кезең болды: 
VІ-ХІІІ ғасырдың басындағы түркі қағанаттарының; XIII ғасырдың екінші 
ширегі мен XIV ғасырдағы Монғол империясының; XIV ғасырдың үшінші 
ширегі мен XV ғасырдың басындағы Әмір Темір мемлекетінің 
бақылауындағы кезеңдер. Ұлы Жібек жолы мыңдаған шақырым қашықтықты 


18 
қамтыды. Саудагерлердің көпшілігі жолдың ұзақтығынан тауарларын жарты 
жолда ауыстырып алуға тырысты. Жібек жолы түркі бөлігінің халықаралық 
саудада маңызы зор еді. Ұлы Жібек жолы сауданың дамуына, көптеген 
қалалардың пайда болуына, өркендеуіне жол ашты. Бұл жол мемлекеттердің 
қалыптасуында, әлемдік өркениеттің дамуында үлкен рөл атқарды. Шығыс 
пен Батыс мәдениеті арасындағы байланыстырушы көпір саналды. 
Қазақстан территориясында X-XII ғасырларда қалыптасқан тарихи 
ахуал Қазақстан халықтары мен тайпаларының рухани мәдениетінің 
көтерілуіне себеп болды. Мемлекеттің тууы және сауданың дамуы жазудың 
қалыптасуына ықпал жасады. Осы кезеңде түрік қағандарының Византия және 
Иранмен дипломатиялық хат алмасуы жақсара бастады. Жазу орхон және 
ұйғыр әліпбилерінің негізінде дамып, Европа халықтарының сына жазуларын 
еске салды. Қазақстан мен Орта Азияның территориясында біздің еліміздің 
халықтарының тарихы мен мәдениетін оқып-үйренуде үлкен маңызы бар аса 
бағалы эпиграфиялық ескерткіштер табылды. Жазу материалы үшін тастан 
басқа, түсті металл, сүйек, тері және жібек қолданылған. Қазақстан халықтары 
мен тайпалары орхон және ұйғыр жазуларынан басқа, сирия әліпбиін, 
кейінірек араб жазуын пайдаланған.
Орта ғасырларда Қазақстан жеріне ислам дінінің енуімен қатар, араб, 
парсы тілінде жазу мен әдебиет тарай бастады. Бұрынғы ұйғыр және түркі 
тіліндегі жазуды араб графикасы ауыстырды. Оңтүстік Қазақстанның Сайрам, 
Мерке, Отырар, Суяб, Алмалы және басқа қалаларында білім мекемелері 
мектептер мен медреселер жұмыс істеді. Сабақ араб, парсы тілдерінде жүріп, 
негізінен діни ілім беру жолға қойылды. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға балалар 7 
жастан қабылданған. Оқушылар сауат ашу жолын 28 араб әрпін және оның 
жазылуын 8 мағынасы жоқ сөз арқылы жаттаудан бастаған. Сол кездегі 
мектептің бірінші оқу құралы ретінде «Шариат-ул-иман» немесе «Иман-шарт» 
пайдаланыпты. «Иман-шартта» жоғарыда аталған 28 әріпті қамтитын ойдан 
шығарылған 8 сөз, діни ырымдарды өткізу кезінде оқытылатын әр түрлі 
дұғалар мен шарттар араб тілінде берілгендіктен, олардың мазмұнын сауатты 
молдалар балаларға қазақша түсіндіріп жаттатқан, ал арабша білмейтін 
молдалар түсініксіз болса да оқушылардың жатқа оқуын қадағалаған. Молла 
10-15 оқушының әрқайсысына олардың шамасына қарай сабақты түсіндіріп 
отырған, сондықтан әрбір шәкірт, мәселен, жарты жыл уақыт мерзімінде өз 
ынтасымен, қабілетіне қарай алға жылжып отырған.
Екінші оқу жылы «Әптиекті» өтеді екен. Әптиек – Құранның жетіден 
бір бөлігі. птиектен соң Құран оқытылған. Құранмен қатар оқушы түркі және 
араб ітаптары бойынша исламның діни шарттары мен ырым ережелерін оқып 
йренген. Мұсылман мектептерінде «Бадауам», «Ахир-заман», «Истуаки», 
«Қырық хадис» атты араб және түркі тілдеріндегі кітаптар қолданылған. 
онымен қатар, шығыс ойшылдары Науаи мен Фзулидің шығармалары 
оқытылған. Жалпы алғанда, діни мектептердің пайдасы сауат ашумен қатар 
білім ғылымға жетелеп, кісілік, имандылық тәрбиені арқау ету және де ығыс 


19 
ойшылдары Фердауси, Низами, Науаи, т.б. шығармаларынан оқушыларға 
сусындауға мүмкіндік берген. 
Жазба деректер куәлағандай, VI-VIII ғасырларда түрік тайпалары 
арасында ауыз әдебиеті – фольклор кең тараған. Ауыз әдебиеті халықтың мұң-
мұқтажын, туған өлкеге, бостандыққа махаббатын, жауға өшпенділігін 
бейнелеген. Орта ғасырлық ойшылдардың бірі Қорқыт болды. Сырдария 
өңірін мекендеген оғыз-қыпшақ тайпалары арасында оның есімі VIII ғасырда 
кең тараған. Ол жаужүрек батыр, атақты ақын, қобызда шебер ойнаған күйші, 
көптеген аңыздар мен әпсаналардың кейіпкері ретінде халық санасында берік 
сақталды. Деректер Қорқыттың тайпа көсемі болуымен қатар, үш ханның 
кеңесшісі болғанын да дәлелдейді. Халық арасында осы уақытқа дейін Қорқыт 
жайында аңыздар сақталған. Жер бетінде «қой үстінде бозторғай 
жұмыртқалаған заманды» өмір бақи іздеумен қатар, өлімді мойындамаған 
осынау ғұлама, ізгі арманы орындалмағасын, өз бақытын қобыз сарынынан 
іздеп, көптеген күйлер шығарған. Қорқыт баба күйлері біздің заманымызға 
дейін жеткені өз алдына, оларды музыкалық оқу орындарының оқу 
бағдарламасына енгізіп, жастарға білім және тәрбие беруге кеңінен қолданып 
келеді. Қорқыт өз артына музыкалық шығармалармен қатар, «Китаби дедем 
Коркуд» («Қорқыт ата кітабы») атты кітабын қалдырды. Бұл кітапта IX-X 
ғасырлардағы Оғыз мемлекеті халқының өмірі, дәстүрлері, салттары, түркі 
халықтарының тарихы әңгіме болады. Бұл ортағасырлық тарихи-этикалық 
шығарма болып табылады. 
Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан түркі тілдес ғалымдардың, 
әдебиетшілердің және ақындардың үлкен бір шоқжұлдызы өз еңбектерін 
халықаралық ғылыми тіл болған араб тілінде жазған еді. Қазақстаннан 
шығып, мұсылман шығысында «Екінші мұғалім» атанған энциклопедист-
ғалым, философ Әбу Насыр Ибн Мухаммед Аль-Фарабидің ғылыми 
шығармашылық еңбегі X ғасырға тұспа-тұс келді. Аль-Фараби 870 жылы 
түркі жанұясында Фараб (Отырар) қаласында дүниеге келіп, 950 жылы 
Дамаскіде қайтыс болған. Қолөнер және ғылымның алғашқы негіздерін 
Отырардағы медреседен алған. Бағдад қаласында Абу Насыр ежелгі грек 
философиясы, математика, логика, медицина, музыка және тіл салаларынан 
терең білім алады. Әсіресе, ол грек ойшылы Аристотель еңбектерін құныға 
оқыған. 941 жылдан бастап Дамаскіде және Халеб қалаларында тұрған 
ғалымға сол жердің әміршілері мейлінше қолдау көрсеткен.
ХХ ғасырдың 80-ші жылдары Алматы қаласында жарық көрген Аль-
Фарабидің негізгі еңбектері философиялық, математикалық, әлеуметтік-
этикалық, логикалық трактаттар, сонымен қатар ғылым және ақыл-ой туралы 
трактаттар болып табылады. Осы азғана тізімнің өзінен-ақ Аль-Фарабидің 
ғылыми ынтасының қаншалықты кең, әрі алуан түрлі болғанын аңғаруға 
болады. Философия саласында Аль-Фараби идеалистік көзқараста бола тұрып, 
бірқатар материалистік идеяларды ұсынды, жоғары әлемнің бар екенін, оны 
түйсік арқылы сезіну мүмкіндігін мойындады. Аль-Фараби ақыл-ой туралы 
ілімге, 
ғылымның 
әдіснамалық 
проблемаларына, 
жаратылыстық-


20 
математикалық зерттеулерге, музыканың физико-математикалық теориясына, 
сондай-ақ геодезия мен архитектураның математикалық негіздеріне ерекше 
мән берді. Аль-Фарабидің адам қоғамының пайда болуы, мемлекеттік 
құрылыс туралы, қоғамдағы имандылық факторлардың маңызы жайлы 
идеялары күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Фараби - философия, тіл 
білімі, логика, психология, математика, география, этика, метафизика, музыка, 
т.б. ғылым салалары бойынша 150-ге жуық трактаттар жазған ғұлама.
Қазіргі қолда бар мәліметтерге қарағанда, бұл еңбектердің 60-қа жуығы 
сақталған. Әбу Насыр Аристотельдің (б.э.б. 384-322 ж.) философиялық 
еңбектерін аса құштарлықпен оқып үйренді. Оның «Метафизика», «Жан 
туралы», «Аналитика», «Категориялар» деген кітаптарының мәнін ашып 
түсіндіріп, Аристотель мұраларының кіршіксіз тазалығы жолында күресті. 
Мұны Фарабидің Шығыс және Батыс үшін де, тарих және болашақ үшін де 
жасаған ғылыми ерліктерінің бірі деуге болады. Ол Аристотельдің болмыс, 
табиғат, барлық заттардың негізі алғашқы материя жөніндегі көзқарастарын 
онан әрі дамытты, әрі өз тарапынан «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала 
тұрғындарының көзқарасы», «Ғылымдардың шығуы» дейтін еңбектерін 
жазды. Оның философиялық көзқарастары «Логикаға кіріспе», «Ақылмен 
түсінік», «Логика жайлы трактат» деген зерттеулерінде онан әрі терең 
шешімін тапқан. Фарабидің пікірінше, адамзат қоғамы әр алуан «қалалардан» 
тұрады. (Бұл жерде «қалаларды» - тап, адамдар тобының түрлі жіктері деп 
түсіну керек.) Оларды «Жақсылық қаласы», «Надандар қаласы», «Платон мен 
Аристотель 
көзқарастары 
арасындағы 
ұқсастық», 
«Қайырлы 
қала 
адамдарының көзқарастары», «Азғындар қаласы», «Адасқандар қаласы», 
«Опасыздар қаласы», «Пасықтық және бейшаралық қаласы», «Мәнсапқорлар 
қаласы» деп жіктейді. 
Әл-Фарабидің атақты еңбектерінің бірі – «Ғылымдар энциклопедиясы». 
Мұнда ол математикаға үлкен мән берді. Әл-Фарабидің аса зор талантын паш 
еткен еңбектері «Альмагеске қосымша кітабы» мен «Альмагеске 
түсініктемесі» 
еді. 
Мұның 
алғашқысында 
автор 
«Птоломейдің 
«Альмогесінде»» қамтылған көп мәселелерді математика тілімен қайта 
баяндаған. Кітаптың 14 тарауын тригонометрияға арнайды да, синус, косинус, 
тангенс, котангенстерді дөңгелек ішінде қарастырады. Зерттеудің қалған 46 
тарауында математикалық астрономия мен математикалық географияның 
күрделі мәселелері талданады. Фараби - сонымен бірге, тіл мен әдебиеттің 
теориялық, практикалық мәселелеріне де көп назар аударған ғалым. Оның 
«Сөз бен әріп туралы», «Жазу өнері туралы», «Өлеңнің ұйқасы мен өлшемі 
туралы», «Өлең ырғағы хақында, «Поэзия негіздері» деген еңбектері - тілдің, 
поэзияның ішкі заңдылықтарын, олардың өзара сәйкестік байланыстарын 
ашуға бағышталған құнды туындылар.
Фараби бұл еңбектерін өзі жетік білетін араб, парсы, түрік, көне грек, 
латын тілдерінің ерекшеліктері негізінде жазды. Оның сонымен бірге, 
Аристотельдің «Бірінші аналитика», «Екінші аналитика», «Софистика» деп 
аталатын логикалық шығармаларының мән-мағынасына түсініктемелер 


21 
жазумен қатар, «Логикаға кіріспе», «Ақыл мен түсінік» «Жан туралы», 
«Логика жайлы трактат» сияқты логика ғылымын ілгері апарған еңбектері де 
болды. «Китаб әл – мусика әл - кабир» (Музыканың ұлы кітабы) кітабында ол 
музыканың акустика мәселелерін барынша кең қарастырып, дыбыстың 
табиғаты, тегі, таралуы, т.б. ерекшеліктері хақында алғаш ғылыми түсінік 
береді. Музыканың тәжірибелік әрі теориялық негізін қалады. Оның 
физикалық, математикалық заңдылықтарын музыка аспаптарында пайдалану 
жолдары мен әдістерін көрсетіп берді.
Ұлы ғалымның еңбектері ғасырлар бойы зиялы қауымдар арасында 
кеңінен мәлім болған. Шығыс пен Батыстың көп оқымыстылары оның 
мұраларынан үйреніп, тәлім-тәрбие алып, ғибрат, өнеге көрген, өздерінің 
ғылыми жұмыстарында тірек тұтқан. Оның энциклопедиясы XV-XYI 
ғасырларға дейін білімпаздар мен шәкірттердің қолынан түспес кітап болды. 
Қорыта айтқанда, дүние жүзі білімі мен мәдениетінің «екінші ұстазы», асқан 
ұлы ойшыл, энциклопедист ғалым Әбу Насыр әл-Фараби - артына мол мұра 
қалдырған оқымысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет