Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020



бет53/102
Дата18.09.2023
өлшемі3,67 Mb.
#181403
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   102
Байланысты:
treatise177628 3

«Қайырымдылық науқаны» жаттығуы

  1. Балалар үйіндегі балалармен бірге өткізуге болатын қайырымдылық шараларының тізімін жасаңыз.

  2. Балаларға көмектесетін іс-шараларды ұсыныңыз және ұйымдастырыңыз: «Кітапқа екінші өмір сыйлау», «Балаға ойыншық сыйлау», «ЗД - игі істердің онкүндігі», «Баланың күлкісі» және басқа да қайырымдылық науқандары, мысалы, «Біздің үйдің жылуы» (демалыс күндері балалар үйінің балаларымен қонаққа, отбасыларға барған жөн).

Науқанды өткізуге коммерциялық құрылымдарды, қоғамдық ұйымдарды және еріктілер топтарын тартыңыз.


7- тарау.БАЛАНЫҢ ГИПЕРАКТИВТІ (БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ)
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢЖҰМЫСЫ

XIX ғасырдың ортасында неміс дәрігері, психневролог Генрих Хоффмван ең алғаш болып тым ширақ баланы сипаттап және оған «ұшқалақ» деген ат берді.


Гиперактивтілік - ағылшын терминінен kyperactivity, (аса/тым белсенді). Гиперактивтілікке мектепке бейімсіздену - білім алу қабілетінің бұзылуы немесе мінез-құлықтың ауытқуы, себеп болады.
Гиперактивтілік балаларға әлеуметтік бейімделуде үлкен кедергі келтіреді. Көптеген зерттеушілер гиперактивтіліктің сыртқы көріністеріне физикалық белсенділіктің жоғарылауын, ыждаһатсыздықты, импульсивтілікті жатқызады. Гиперактивтіліктің негізіне жүйке жүйесіндегіқозу және тежелу процестерінің үйлесімсіздігі жатады. Гиперактивтіліктің пайда болуының себептері туралы әртүрлі пікірлер бар: бұл генетикалық факторлар, мидың құрылымдық ерекшеліктері мен жұмыс істеуі, босану кезіндегі баланың жарақаты, баланың өмірінің алғашқы айларында жұқтырған жұқпалы аурулар болуы мүмкін, сонымен қатар тамақтан уланудан немесе психосоматиканың фонында уақытша көрініс табуы мүмкін.
Гиперактивтілік – мидың зақымдану синдромын немесе ММД( Минимальная мозговая дисфункция) құрайтын бірқатар белгілердің басты ерекшелігі болып табылады. Ол мидың ауыр ошақты зақымдалуы болмаған жағдайда, көбінесе реттеуші есебіндегі ми құрылымдарының көптеген микрозақымдауымен сипатталады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет