Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020


Жаттығу «Жеке тұлғаны қалыптастырудың құндылықтық тәсілі»



бет51/102
Дата18.09.2023
өлшемі3,67 Mb.
#181403
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   102
Байланысты:
treatise177628 3

Жаттығу «Жеке тұлғаны қалыптастырудың құндылықтық тәсілі»
Психологияда жеке тұлғалық өсудің тетіктері мен психологиялық құрылымдары қарастырылған. Әрекеттік-жеке тұлғалық әдіс жеке тұлғаның негізгі құрылымдық құрамдас бөліктеріне сәйкес келетін келесі элементтерді таңдауды ұсынады:

  • өзін-өзі тану;

  • өзін-өзі ынталандыру;

  • кәсіби және тұлғалық өсуді бағдарламалау;

  • өзін-өзі іске асыру (өз мүмкіндіктерін аша білу).

1. Өзін-өзі тану; Жеке тұлғалық өсуді ойдағыдай ұйымдастыру үшін өзіңіздің қабілеттеріңізді, күшті және әлсіз жақтарыңызды түсінуіңіз керек, яғни өзін-өзі тану қажет, оған келесі негізгі әдістер кіреді: өзін-өзі бақылау, өзіндік сана, өзіндік қатынас, өзіндік талдау, өзін-өзі бағалау. Өзін-өзі тану - өзі туралы аз білімнен толығырақ білімге, оны жетілдіру, тереңдету және т.б. арқылы үздіксіз ұмтылыста көрінеді.
Өзі туралы білімдегі өзгерістердің сабақтастығын анықтайтын негізгі шарт - бұл нағыз нақты іс-әрекеттің динамикасы және басқа адамдармен өзара әрекеттесу.
Айналадағы әлеуметтік және өндірістік жағдайларда дәлме-дәл бейімделудің жедел қажеттілігіне байланысты, ең алдымен мінез-құлықты неғұрлым дифференциалды реттеу мақсатында, адам үнемі өзінің «Мен»-іне, жетілдірілген, өзі туралы білімге жүгініп отыруы керек.
Адамның өзін-өзі тануы, көп жағдайда, өзіндік қатынасты өзін-өзі тануға өзгерту үдерісі болып табылады. Өзіндік қатынас - бұл «Мен-тұжырымдамасы». «Мен-тұжырымдамасы» көптеген зерттеулерінен адамның іс-әрекеті тек ситуациялық факторлармен ғана анықталмайтыны белгілі. Субъектінің мінез-құлқының қалыптасуына оның өзін-өзі бағалауы - оның жеке басының ерекшеліктері туралы танымдық идеялардың қоспасы, сыни тұрғыдан түсіну және оларға деген эмоционалды-құндылық қатынасы, әсер етеді. Өзін-өзі бағалау өзін-өзі танудың өнімі бола отырып, сонымен бірге оның дамуының маңызды шарты, сәті болып табылады.
Әр түрлі танымдық және қатысымдық міндеттерді шеше отырып, біз әрқашан өз мүмкіндіктерімізді бағалаймыз, оларды нақты жағдайлармен байланыстырамыз, содан кейін әрекеттер туралы шешім қабылдаймыз. Өз кезегінде әрекеттер, қылықтар сана мен жеке тұлғаның дамуын анықтайды.
Осылайша, өзін-өзі бағалаудың жеткіліксіздігі ақпарат қабылдау талғамдылығында, іс-әрекетті өз көзімен бағалауды төмендетуі мүмкін ақпаратты қабылдамай тастау кезінде көрінеді. Өзін-өзі әсіре бағалау, өз денсаулық жағдайы, еңбекке қабілеттілік деңгейі мен кәсіби шеберлігін дұрыс бағалай алмау қызметкердің күйзеліс жағдаяттарына тап болуына, іспен айналаса алмауына әкеледі. Өзін-өзі бағалаудың төмендігі, өзіне сенбеушілік тудырады, сонымен қатар белсенділікке теріс әсер етеді.
Бұл мәселені бірнеше әдістердің көмегімен шешуге болады:

  • Өзіңізді, өзіңіздің жеке қасиеттеріңізді және жеке ерекшеліктеріңізді оның қасиеттері мен басқа адамдардың қасиеттері арасындағы сәйкессіздік дәрежесін сипаттайтын, өзін-өзі тәрбиелеу бағытын белгілейтін нақты шкаламен (межелікпен) салыстыру;

  • өзіне деген сенімділікті қалыптастыратын жағымды қасиеттерді анықтау және тиімдірек қолдану;

  • өз қабілеттерін, мінез-құлқын неғұрлым дәлме-дәл бағалауды қалыптастыру;

  • өз қателіктерін көру, іс-әрекеттеріндегі кемшіліктерді анықтау, оларды мойындау.

2. Өзін-өзі ынталандыру өзін-өзі дамытудың - кәсіби және тұлғалық, ішкі ынталандыруына ықпал ететін тәсілдерді қолдану қабілетін қамтиды.
Негізгі тәсілдерді бөліп көрсетуге болады: өзін-өзі сынау, өзін-өзі ынталандыру, ерікті әдістер (өз-өзіне бұйыру, өзін-өзі міндеттеу, өзін-өзі мәжбірлеу). Өзін-өзі ынталандыру жеке тұлғаның даму деңгейіне байланысты.
Педагогтар үшін өзін-өзі ынталандырудың маңызды және тиімді тәсілі өзін-өзі сынға алу және ерікті әдістерді қолдану болып табылады.
3. Кәсіби және тұлғалық өсуді бағдарламалау; Алдында біз бұл екі ұғым біздің жағдайымызда тығыз байланысты деп шештік. Қажеттіліктен өзін-өзі жетілдірудің нақты іс-шараларына ауысу осы іс-әрекеттің жолдары, құралдары мен әдістерін анықтай отырып, мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды көздейді. Мұны әртүрлі жолдармен жүзеге асыруға болады, жолды таңдау жеке тұлғаның жетілу деңгейіне байланысты болады. Бұл кәсіби дамудың жеке бағдарламасы, жеке тұлғалық қасиеттерін түзету, жаңа біліктер мен дағдыларды дамыту болуы мүмкін. Мұнда қиындықтар туындауы мүмкін, бағдарламаны жасау кезінде тәжірибелік психологтың көмегі қажет.
Бағдарламаларды жасаумен өзін-өзі дамытуды ұйымдастырудың дайындық кезеңі аяқталады, және келесі тетік бізге жоспарланғанды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
4. Өзін-өзі іске асыру (өз мүмкіндіктерін аша білу). Өзін-өзі іске асыру техникасының үш негізгі элементтері бар: біріншісі ұйымдастырушылық-басқарушылық сипаттағы тәсілдер, екіншісі - интеллектуалды дамуға бағытталған, үшіншісі - психикалық күйлердің өзін-өзі реттеуі.
Күнделікті өмірде бағдарламаны тәжірибеде жүзеге асыру кезінде қиындықтар туындайды. Кейбіреулер алдына бірнеше мақсат қояды, бірақ олардың жүзеге асырылуы сирек кездеседі. Жеке тұлғаның қасиеттері белгілі бір күйлердің, іс-әрекеттердің, жағдайлардың көп қайтара қайталануы нәтижесінде ғана қалыптасады, өзгереді, сондықтан өзін-өзі жаттықтыру ең маңызды құрал болып табылады. Өзін-өзі дамытуды бақылау және қадағалау қажет, бұл ауытқуды байқауға мүмкіндік береді.
Интеллектуалды дамудың негізінде сіздің назарыңызды, есте сақтау қабілетіңізді және ойлауды басқарудың тәсілдері жатыр. Психикалық күйлердің өзін-өзі реттеуі де маңызды.
Адам қаншалықты әлеуметтік жетілген болса, соғұрлым ол өзін-өзі дамытуға қабілетті болады. Өмір және кәсіби міндеттер мен оған қойылатын талаптардың өсуі өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін күшейтеді.
Толық дамыған және кемелденген жеке тұлға рөліне ешбір адам ие бола алмайды. Өзін-өзі дамыту - бұл қол жеткізуге болатын мақсаттан гөрі үздіксіз үдеріс болып табылады.
Балалар үйіндегі жоғары сынып оқушысын таңдаңыз және тұлғаның негізгі құрылымдық құрамдас бөліктері (өзін-өзі тану, өзін-өзі ынталандыру; кәсіби бағдарламалау жәнежеке тұлғалық өсу; өзін-өзі жүзеге асыру) бойынша жеке тұлғаны қалыптастырудың кешенді бағдарламасын әзірлеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет