Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020


Контраргументтер (Қарсы дәлелдер)



бет49/102
Дата18.09.2023
өлшемі3,67 Mb.
#181403
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   102
Байланысты:
treatise177628 3

Контраргументтер (Қарсы дәлелдер)
Оқушыларға белгілі бір адамгершілік нормалар, құбылыстар, қарым-қатынастар, шешім қабылдау және өзін жетілдіру құндылықтарына деген өзіндік сенімділікті ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл тәсілдің көмегімен әңгіме, пікірталас, кез-келген күрделі сұраққа жауап беруді бастауға болады.
Мысалы, «Адамға идеал қажет пе?» деген сұрақ бойынша.
Бірінші нұсқа

  1. Қағаз бетін екіге бөліңіз.

  2. Сол жақта идеалға қарсы дәлелдерді жазыңыз, содан кейін оң жақта кері дәлелдейтін контраргументтерді (қарсы дәлелдерді) жазыңыз.

  3. Өз дәлелдеріңізді және қарсы дәлелдеріңізді оқыңыз.

  4. Идеалдың маңызы мен мағынасы туралы пікірталас өткізіңіз.

Екінші нұсқа

  1. Парақтың сол жағында өзіңіздің әлсіз жақтарыңыздың тізімін жасаңыз.

  2. Әр тармаққа қарсы оң жақта, оған қарсы қоятын жағымды жақтарыңызды көрсетіңіз.

  3. Жұппен жұмыс.Қарсы дәлелдерді ашып көрсетіңіз және негіздеме беріңіз.

Лайықты мысалдарды табыңыз.
Хат жазыңыз
Балаға өзіне, шығарманың кейіпкеріне, қандай да бір кейіпкерге, ол үшін маңызды адамға хат жазу ұсынылады. Бұл хатта ол өзінің барлық ойлары, өзі үшін маңызды мәселелер бойынша алаңдаушылықтары туралы жазады. Осылайша, адамның адамгершілік санасының өзгеруіне әкелетін өздігінен тәубе ету, өзін-өзі ашу және ішкі өзін-өзі тазарту жағдайы қалыптасады.
Саралау
Балалардың құндылықтар таңдауларын анықтауға мүмкіндік беретін әдіс және өз таңдауын түсінуге және зерделеуге мүмкіндік беретін тәсіл. Саралау дегеніміз нысандарды, құбылыстарды маңыздылық деңгейіне қарай бөлу.
Бірінші тәсіл - бұл кезде құндылықтар тізімі дайын түрде ұсынылады, ал тізімде оларды ең маңыздыдан бастап орналастыра отырып, дәреже қатарын құру керек.
Екінші тәсіл - бұл кезде балаларға сараланған ұғымдардың мазмұнын өздері анықтау, ал содан кейін оларды өздері үшін маңыздылық дәрежесі бойынша реттеу ұсынылады.


Тапсырма
A) Қағаз парағын алып, бүктемелерін жақсы баса отырып, үш рет ортасынан бүктеңіз. Нәтижесінде парақты ашқан кезде оның сегіз бөлігі айқын көрінеді.
Б) Олардың әрқайсысының ортасына адамдар бойынан бағалайтын қасиеттеріңіздің біреуін жазыңыз.
В) Енді қағазды сегіз бөлікке жыртып бөліңіз және тілімдерді сіз үшін қай қасиет маңызды, одан кейін азырақ маңызды және т.б. етіп сәйкесінше реттеңіз.
Г) Осы қасиеттерді өзіңіз белгілеген ретпен жазыңыз.
Д) Өз таңдауыңызды оқып, дәлелдеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет