Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет111/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

2-БӨЛІМ
_____________________________________
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СТИЛЬДЕР. 
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ СТИЛІ
«Функционалдық стиль», 
оның анықтамасы мен термині жайында
Зерттелетін тақырып қазіргі қазақ тіліндегі функционалдық 
стильдер, оның ішінде көркем әдебиет стилінің қалыптасуы, 
дамуы және бүгінгі хал-жайы (нормалары) жайында болған-
дықтан, алдымен, осы категорияның мән- мазмұнына, яғни 
беретін ұғымы мен қазақша аталуына тоқталу қажет. Әңгімені 
терминнен басталық.
Бұл жерде «функционалдық» деген кірме сөздің қаншалықты 
ұтымды екендігі ойландырады. Әрине, әдеттегідей, сөздің 
орысша нұсқасын алып, қазақша жұрнақ жалғап, анықтауыш 
етіп жұмсап жүргеніміз – «ауырдың үстімен, жеңілдің асты-
мен» кеткеніміз. Тығырықтан шығудың бұл оңай жолына 
жүгіре бермей, күрделі терминнің аталған компоненттерінің 
қазақша әрі түсініктілеу, әрі мағынасын толық ашатын балама-
сын іздестіру керек болар.
Функционалдық стильдер сырына көбірек үңілген, жеке 
пікірсайыстар өткізіп, талқыға салған, бірнеше арнайы моно-
графиялар мен мақалалар жариялаған орыс тілі маманда-
ры «функциональная стилистика» деген салада жұмсалатын 
функция 
сөзі тілдік құралдардың қарым-қатынас процесінің 
әртүрлі салаларында «жұмсалу мақсаты, атқаратын рөлі, сол 
салада қолдануға арналуы» деген ұғымды білдіреді дейді
29

Демек, бұл терминде «функция сөзі «рөл, мақсат, арнау» де-
ген мағыналарды аңғартатын болса, орыс тіліндегі «функци-
ональный стиль» дегенді қазақша «мақсаттық стиль» немесе 
«арнаулы стиль» деп атағанымыз дұрыс болар ма еді? Я болма-
са функционалдық стиль туралы әңгіме тілдің қолданыстағы 
29
Кожина М. Н. 
К основаниям функциональной стилистики. - Пермь, 1968.


217
(в речи) күй- қалпына қатысты болғандықтан
30
, «қолданыс 
стильдері» деп аталғаны жөн болар ма еді? Тіл қолданысқа 
түскенде, әлеуметтік қызмет атқарады, яғни адамдардың 
бір-бірімен қарым-қатынасына, олардың әртүрлі әлеуметтік 
ортасының тіл жұмсау мақсатына сай қызмет етеді
31
, демек, 
талдап отырған терминді «әлеуметтік қызмет стилі» неме-
се тіпті ықшамдап «қызметтік стиль» дегеніміз икемге келер 
ме еді? «Арнайы стиль» деген де осы терминнің табиғатын 
танытуға жақындар ма еді?
«Қызметтік стиль» дегеніміз – «функциональный» сөзінің 
дәлме-дәл аудармасы болмақ, ол жоғарыда айтылды, бұл 
жердегі «функция» сөзінің мағынасы «қызмет» дегеннен 
гөрі, «мақсат, арнау» ұғымдарына саятынын ескерсек, сірә, 
«мақсаттық стиль» деген вариант ұтымды болар деп ойлай-
мыз. Сондықтан біз осы жұмыста әрі қарай кей-кейде соңғы 
тандаған терминімізді жұмсауға ден қойдық. Сірә, жоғарыда 
атаған варианттардың біреуі немесе бұлардан қолайлырақ, 
бірақ қайткенде де терминдік дефиницияға (термин ұғымының 
түсіндірмесіне) дәл түсетін баламасы табылып, қолдана 
бастасақ, «функциональный стиль» дегенді қазақша атап кетер 
едік (ал «стиль» деген сөзді бұл жерде қазақшалаудың қажеті 
жоқ, басқа тұста, мысалы, «жеке жазушының шеберлік стилі» 
деген ұғымда қолданылғанда «стиль» сөзін қазақша атау керек 
екенін және оны қазақша беруге болатынын кейінірек айта-
мыз).
Енді мақсаттық стильдер дегеніміз не? Оны кім қалай 
түсініп келді, қалай түсініп жүрміз деген мәселеге шолу ретінде 
тоқталуға тура келеді. Әңгіме қазақ тілінің стильдері жайында 
болғандықтан, қазақ лингвистерінің танымынан басталық.
Қазақ әдеби тілінің мақсаттық стильдері жөнінде 1960-1970 
жылдарда монографиялар (оқу құралдары) мен мақалалар 
жазған мамандар – М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов, 
Б. Манасбаевтар, ең алдымен, бұл категорияға орыс тіл 
білімінде бірқыдыру орныққан танымға сүйеніп анықтама 
30
Шмелев Д.Н
. Русский язык в его функциональных разновидностях. - М, 
1977. - С 5; 
Кожина М.Н.
О специфике художественной и научной речи в аспекте 
функциональной стилистики. - Пермь, 1966. - С. 13.
31
Лингвистический этимологический словарь. - М, 1990. - С. 567.


218
береді: «Стиль – ол белгілі бір қатынастың түрінде тілдік един-
ицаларды сұрыптап пайдалану арқылы ойды жеткізу мәнері-
нің көрінісі... Стиль дегеніміз – өмірдің белгілі бір саласында 
қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүй-
есі». Бұл, әрине, тың немесе сәл өзгеше анықтама емес, функ-
ционалдық стиль жөніндегі орыс зерттеушілері ұсынған 
танымның сөзбе-сөз аудармасы.
Стиль түрлеріне ажыратуда да қазақ мамандары осы жол-
мен кеткен: функционалдық стильдердің қалыптасуы мен даму 
зандылықтарын зерттеудің негізгі көзі тілдің қолданысы (рече-
вые контексты) болып табылады, бұл қолданыстар белгілі бір 
жанрға тән болып келеді деген
32
сияқты немесе «жанрға қатысты 
бөлінген стильдер айқынырақ танылады»
33
дегендей орыс тілі 
зерттеушілерінің тұжырымдарын басшылыққа алып, қазақ 
тілінің де мақсаттық стильдерін жанрлық негізде тармақтайды: 
публицистикалық әдебиет жанры публицистикалық стильді, 
көркем әдебиет үлгілері көркем әдебиет стилін, сол сияқты рес-
ми іс қағаздары мен кеңсе тілінің стилі, ғылыми-техникалық 
әдебиет стилі деп ажыратады 
34
.
Қазақ стилистика мәселелерін зерттеушілер тіл білімінің 
бұл саласына қатысты өз ойларын айтып, тың теориялық 
ізденістерге бармайды. Тіпті «функциональный» деген сөзді 
не орысша қолдана салудан сақтанып, не қазақша баламасын 
іздестіру әрекетін жасамай, терминнің бұл компонентін мүлде 
атамауды жөн көргендік те бар. Мыса лы, «Қазақ тілінің сти-
листикасы» атты еңбектерінде (1-басылымы 1966, 2-басылы-
мы 1974 жылдары жарық көрді) авторлар «функциональный» 
деген анықтауышты кемде-кем жұмсап, жай ғана «әдеби тілдің 
стильдері» дей салады. Ал, шындығында, «стиль» сөзінің 
алдында анықтауышы тұрмаса, оны бірнеше ұғымда түсінуге 
тура келеді. Өйткені орыс ғалымдары дұрыс көрсеткендей, 
«стиль» термині әдебиеттану ғылымында да қолданылады, 
тіпті жеке ақын-жазушылардың көркемдік шеберлігін, шығар-
машылық бейнесін («образ автора» дегенді) тануда да 
стиль
32
Винокур Т.Г. 
Об изучении функциональных стилей русского языка советской эпохи 
//Развитие функциональных стилей современного русского языка. - М., 1968. - С. 4.
33
Гвоздев А.Н.
Очерки по стилистике русского языка. - М., 1955. - С. 20.
34
 Балақаев М.
Қазақ әдеби тілі. - Алматы, 1987. - 33-бет.


219
сөзі қолданыла береді. Сондықтан тілге қатыстыра жұмсалатын 
«стиль» терминіне келгенде, алдына «функционалды» не ме-
се «мақсатты», «қолданыстық», «әлеуметтік» деген тәрізді 
анықтама компонент қою керек. Осы себептен «функцио-
нальный» сөзін айтпай тастап кетіп, әрі аудармашылық, әрі 
теориялық тығырықтан оңай құтыла алмаймыз.
Тілдің қатынас құралы ретінде неге, кімге арналып жұмса-
латындығы туралы әңгіме тілдің өзін зерттеуден әлдеқайда
кейін басталғаны аян. Әсіресе қазақ тіл білімінде бұны тіл-
танымның («речеведение» дегеннің) екінші кезектегі саласы 
десек те болар. Тіл білімінің стилистика саласы орыс ғылымын-
да үстіміздегі ғасырдың 20-жылдарынан бастап жанданды, 
50-жылдардың ішінде «Вопросы языкозна ния» журналының 
беттерінде (1954, №1-6, 1955, №1)
сти листика, стиль пробле-
маларына арналған пікірсайыс (дис куссия) жүргізілді. Пробле-
ма түбегейлі шешілмегенімен, көптеген объект қырларының 
табиғаты анықталып, сыры ашылды. Айтылған пікірлерді акад. 
В.В. Виноградов тұжырымдап, өз көзқарасын білдірді.
Зерттеушілердің қай-қайсысы да тілдің әлеуметтік қызметі-
не мақсаттық стильдердің қатысты екендігін жоққа шығармай-
ды. Сондықтан акад. В.В.Виноградов тілдің әлеуметтік қыз-
метінің түрлерін қарым-қатынас (общение), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет