Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет134/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

ерекшеліктердің аз кө- 
рінуі.
Қазақ көркем сөзінің ұлттық сипаты негізінен осы көр-
сетілген белгілерден шығады, оның нормалары осындай ұлт-
тық сипатына орайласа, үндесе қалыптасқан.
60
Скворцов Л.И. 
Теоретические основы культуры речи. - М., 1980.


259
Көркем әдебиеттің тілдік нормалары, жоғарыда айтылды, 
көркем шығарманың құрылымдық типіне қарай ажыратыла-
ды, яғни поэзия мен проза жанрларының немесе прозаның 
(сондай-ақ поэзияның) өз ішінен бөлінетін роман, әңгіме, дра-
ма, көркем очерк т.б. сияқты түрлерінің өзіне тән тіл жұмсау 
ерекшеліктері болады. Оның үстіне көркем әдеби норманың, 
бір жағынан, дәстүрлі-кітаби (жазба
61
) тілмен, екінші жағынан, 
ауызекі сөйлеу тілімен іліктестігін, солармен өзара күрделі 
қарым-қатынаста болып отыратындығын ескеру керек. Қазақ-
тың көркем прозасының ұлттық нормаларын, олардың қалып-
тасу, орнығу жайттарын сөз етсек, мына мәселелерге көңіл 
аударуға болады.
Қазақтың жазба көркем прозасы әдебиет жанры үлгілері 
ретінде, яғни әңгіме, повесть, роман түрінде үстіміздегі ғасыр-
дың алғашқы онжылдықтарынан бастап дүниеге келді. Қазақ 
топырағында бұл жанрдың бір ерекшелігі – тілдік-көркемдік 
жағынан өзінің даму барысында ондаған, жүздеген жыл сал-
май, бірден дерлік белгілі дәрежедегі жазба көркем прозаның 
сипатын ала бастағандығы. Мұның себебін, біздіңше, мынадай 
факторлардан іздеуге болатын тәрізді. Біріншіден, қазақтың 
көркем прозасы тілінің алдында сан ғасырлар бойы дамыған 
әдеби тілдің, яғни қазақ поэзиясы мен қысқа аңыз-әңгіме, 
шешендік сөздер, шежірелер тілінің қалыптасқан нормалары, 
тілдік көркемдік бай арсеналы тұрды. XIX ғасырдың II жар-
тысынан бермен қарай қалыптасып, Ыбырай, Абай сияқты 
қалам иелерінің қызметімен дамыған, едәуір қалыпты сипат 
алған қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі тұрды. Бұл екі арнаның 
екеуінің де нормалары қазақ прозасының қалыптасуына тікелей 
қатысты.
Қазақтың жалпы ұлттық әдеби тілінің басты сипатының 
бірі – Қазақстанның кең даласының барлық түкпіріне бір-
дейлігі, яғни 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет