Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет136/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

тілдік метафора
(мысалы, «бір нәрсенің бастауы, негізі» мағынасындағы 
көз
сөзі немесе «сын» мағынасындағы 
талқы 
сөздері сияқты) 
мен 
стильдік метафора
(мысалы «өмірдің өтуі» дегенді Абайдың 
күнді айдау
деп беруі тәрізді) деп бөлушілік дұрыс болар.
Қазақ көркем әдебиет стилінің табысы да, кемістігі де мета-
форалауда, дәлірек айтсақ, сөздің тұспалды, суреттеме мағы-
насын қолдануда анығырақ байқалады. Табысы көркем тіл 
нормасына сай түсіп дағдыға айналып жатса, кемістіктері 
шеберлік жағынан нормадан ауытқушылыққа соқтырады. 
Әрине, алдыңғы құбылыс басым. Ал соңғы құбылыс «уәжді, 
уәжсіз ауытқулар» деген тақырыпта арнайы сөз болады.
Қазақ тілінің ұлттық көркем әдеби нормаларының келесі 
сипаты – лексикалық мүмкіндіктердің молдығы. Ең алдымен, 
қазақ лексикасының тарихи бейтарап (нейтрал) қабатының 
өзі информацияның (ақпараттың) қай түрін беруде де мұқтаж-
дықты өтей алатын дәрежеде екенін көрсету керек.
Бұл бейтарап қабат – көркем шығарма тілінің де негізі, 
өйткені көркем проза өмір айнасы болғандықтан, күнделікті 


262
өмірдің кәнігі, қалыптағы суреті де беріледі, ол үшін алдымен 
ешбір стильдік бояусыз бейтарап сөздер қолданылады. Со-
нымен қатар бейтарап емес, стильдік ассоциациямен келетін 
лексикалық топтардың: поэтизмдердің, қарапайым сөйлеу 
тілі элементтерінің, тосын сөздер мен көнерген сөздердің т.т. 
көркем тексте еркін қолданылуы қазақ прозасы тіліне тән бо-
лып келеді. Мысалы, М.Әуезов: 
Бұрын Ырғызбай ішін кер-
неп жүретін қаукөрік сөздер, ұркөппе желіктер де саябыр
(М.Әуезов. Шығ., 1-том, 349-бет) деген сөйлемде 
жалған 
өсек 
деген бейтарап сөздің орнына 
қаукөрік
сөзін, 
көпшілікті 
еліктірген
деудің орнына 
ұр-көппе
сөзін қолданғанда, олардың 
экспрессивтік бояуын пайдаланып, стильдік жүкпен жұмсап 
тұр. Немесе: .. 
Жуандардың өздері... ұғыса алмай, енді бірінен-
бірі қызғанысып, қырбайласып қалып жүр 
(сонда, 228-бет) 
дегенінде 
қызғанысып 
деген бейтарап мәнді сөздің эмоциялық 
әсерін 
қырбайласып 
деген сирек қолданылатын (мүмкін тіпті 
жазушының өз қаламынан туған) сөзді қатар келтіру арқылы 
күшейтіп тұр. Сондай-ақ: 
Сен тілмен айтсаң, мен ділмен, 
жүрекпен айттым; Ағайынды көп жалындырып, жалп етек 
ететін талай істері бар
(сонда) деген сияқты микротек-
стерде де бөгде тілдік 
діл, 
образды тіркес 
жалп етек
сөздері 
де – стильдік ассоциациямен келген элементтер. Мұндай мы-
салдарды қазақ прозасы тілінен, әсіресе ірі сөз шеберлерінің 
қолданысынан көптеп келтіруге болады. Көркемдеудің бұл 
тәсілі – қазақ көркем әдеби тілі нормасының бірі.
Лексикалық мүмкіндіктердің молдығын танытатын 
элементтердің бірі –
 поэтизмдер,
яғни белгілі бір экспрессивтік-
эмоциялық реңкі бар, кез келген ситуацияда қолданыла 
бермейтін, көбінесе бейтарап параллелі көрініп тұратын сөздер. 
Мысалы, 
биік, сияқты, тәрізді, заман, жамандау 
деген сөздер 
– бейтарап мағыналы элементтер, ал осылармен мағыналас 
асқаралы, заңғар, сынды

замана, ғайбаттау
деген сөздер 
белгілі бір стильдік бояумен (мақсатпен) қолданылатын, жай 
хабарлау үшін емес, суреттеу үшін жұмсалатын элементтер.
Лексикалық байлықты пайдалануда көркем тіл норма-
сы тұрғысынан келгенде, оның қалың көпшілікке 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет