Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет67/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

 
 
 
Вильгельм Норманский 


105 
Тауэр қамалы 
Жаулаушылықтың нәтижесінде көптеген көне англосак-
сондық феодалдар өз иеліктерінен айырылды. Олардың орнын 
және ағылшын шіркеуінің епископтары француз-нормандары-
мен алмастырылды. Барлық ормандар мен өңделген жердің же-
тіден бір бөлігін Вильгельмнің өзі алды. Барондарға берілген 
жерлер бір ауданнан берілмей, елдің әр аудандарында орна-
ласты. 
Англия үшін феодалдардың алмастырылуы 2 жақты ма-
ңыз алды. Біріншіден, жаңа феодалдардың жерге иелік етулері 
корольдің арқасында болғандықтан олардың корольге деген ба-
ғыныштылығы тереңірек болды. Бағынышты (вассалдар) жер 
иелері өздерінің жер иеліктері үшін корольдің шақыруы бойын-
ша әскери міндеттер атқаруға және үлкен салықтар төлеуге тиіс 
болды. Вильгельм бағынышты феодалдардан және оларға ба-
ғынған феодалдардан да өзіне берілгендігі жөнінде ант қабыл-
дады. Сөйтіп, Англиядағы әскери-феодалдық жүйе норман- 
француздық жаулаушылықтан кейін қатал орталықтандырылған 


106 
сипат алды. Екіншіден, жаулаушылықтан кейін елде феодалдық 
басыбайлылық жүйе дамып, күшейе түсті. 
Вильгельмнің ХІ ғ. Англияда жүргізген саясатының та-
рихта ізін қалдырғаны 
1086
жылғы жүргізілген 
халық санағы
еді. Санақтың пергамент қағазына жазылған қорытындыларын 
халық арасында «
Қорқынышты сот
кітабы
»деп атады. 
Себебі дүние-мүлкіңді санақты жүргізушілерден жасыру 
мүмкін емес еді. Бұл санақ қазынаға түсетін 
салықтың көлемі
мен 
жер иелерінің санын
анықтау үшін жүргізілді. Осы санақта 
басы бос шаруалар 
фригольдерлер
немесе тәуелсіз жер иелері 
көрсетілген. Олар лордқа белгілі мөлшерде ақшалай рента 
төлеп, кейбір міндеткерліктерді атқарып, сот жағынан бағы-
нышты болғанымен, жерге бекітілмей жеке бастары азат болды. 
Ал жер бөлігі 30 акрдан тұратын тәуелді шаруаларды 
вилландар 
деп атаған. Санақта тәуелді вилландардың саны көп көрсетілген. 
Бұлар лордтардың пайдасына барщина атқарып, заттай және 
ақшалай төлем төлеп тұрған. Жер үлесі 7-10 акрадан аспайтын 
шаруаларды 
бордарилер
деп, ал 2- 3 акра үй іргесінде жері бар 
тәуелді шаруаларды 
коттарилер
деп атаған. Мұның өзі ХІ-ХІІ 
ғғ.ағылшын деревнясында басы байлылықтың өмір сүргендігін 
көрсетеді. Дегенмен басы бос шаруалар солтүстік –шығыста 
Англияда «Денлода » көп болды. 
Вильгельм мен оның төңірегіндегі феодалдардың ұстанған 
саясаты жергілікті халық үшін өте ауыр болғанымен, ол елде 
тәртіп орнатты. Оның кезінде даттықтардың шапқыншылығы 
түпкілікті тоқталды. Ағылшын саудагерлері король өкіметінің 
күшеюінен пайда көре бастады. Елде сауда қатынасы жанданып, 
Нормандия және Фландриямен сауда қатынасы жасалды. 
Вильгельмнің ұлдары елдегі король өкіметін бекіту 
саясатын жалғастырды. Әсіресе Вильгельмнің кіші ұлы 
І Генрих 
тұсында (1100-
1135 жж.) король өкіметі күшейді. Корольдық 
кеңес құрылып, сот пен әкімшілік және финанс мекемесі қыз-
метін атқарды. Оның құрамына лордтармен қатар корольдік сот-
тар, король кеңсесі мен қазынасын басқаратын қызметкерлер де 
енді. І Генрих корольдық сотты күшейтіп, оны маман-соттармен 
қамтамасыз етіп, тұрақты сот палатасына айналдырды. Финанс 
жүйесін қалыптастырды. 


107 
І Генрих қайтыс болғаннан кейін орнына отыратын ұл-
дары болмағандықтан Англияда қайтадан тақ үшін өз ара қыр-
қысу басталды. Бұл қырқысулар 20 жылға созылды. Оның қызы 
Матильда Франциядағы Анжу аймағының иесі Жоффруа 
Плантагенетке күйеуге шыққан болатын. Нәтижесінде солардан 
туған немересі
ІІ Генрих Плантагенет (1154-1189жж.
)
 
таққа отырды

Бұл корольдің
 
кезінде Англияның құрамына 
Нормандия, 
Анжу, Мэн, Пуату, Турень, Аквитания
қарады. Англияның 
Ирландияны отарлауы басталды. ІІ Генрих қоғамның орта то-
бына арқа сүйей отырып, король өкіметінің беделін көтерді. Ол 
алғашқы кезде елдегі графтықтардың басшылары шерифтерді 
ауыстырып, өзінің сенімді адамдарын тағайындады. ІІ Генрих 
соттық жүйеде реформа жүргізіп, 
әділ қазылар
алқасын енгізді. 
Әрбір рыцардың, басы бос шаруалардың тікелей король сотына 
шағынуына құқық берді. 
ІІ Генрих тұрақты әскер құруға талпынды. Рыцарлардың 
корольдің пайдасына атқаратын әскери қызметінің мерзімін 
қысқартып, қалған уақытына «қалқанды ақша» деп аталатын ақ-
шалай соманы төлеуді енгізді. Бұл ақшаға король әскердегі жал-
дамалыларға жалақы төледі. ІІ Генрихтың бұл сясаты король 
өкіметін одан әрі нығайтып, күшейтті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет