Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


§130. «Алған жарақатынан король ауырды. Ғұндардың ко-



Pdf көрінісі
бет19/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr


§130. «Алған жарақатынан король ауырды. Ғұндардың ко-
ролі Баламер оның сырқаты жайлы естіп, остготтарға соғыспен 
аттанады, ал вестготтар олардан ...бөлініп кеткен болатын. Қар-
тайған, әлсіреген Германарих...ғұндардың шапқыншылығын кө-
тере алмай жүз он жасында қайтыс болды. Оның өлімі ғұндарға 
остготтарды жеңуге мүмкіндік берді». Бұл үзіндіде Иордан 
остгот королі Германарихтың өлімін Аммиан Марцеллиннен 
басқаша баяндайды. Аммиан Марцеллин жеңіліске ұшырағанын 
көтере алмай Германарихтың өзін-өзі өлтіргенін айтқан еді. 
Жалпы бұл мәліметтер 375 жылғы ғұндардың остгот корольды-
ғын күйрете жеңгендігі жайында болатын. 
§131.Вестготтар (везеготтар) және басқа да батыс обы-
лыстарды мекендеген олардың жолдастары, өз туысқандарының 
қорқынышынан үрейленіп, ғұндарға байланысты не істейміз деп 
ұзақ ақылдасты. Ақырында барлығының келісімі бойынша 
Романияға (Римге)... император Валентке елшілік жіберді. Егер 
олардың қоныс аударуына Фракия мен Мезияны обылыстарын 
берсе, оның иелігіне өтіп, заңдарын мойындағысы келетіндік-
терін айтады. Сонымен бірге, оларға көбірек сенім болу үшін, 
христиандыққа өтуге уәде береді.... 


30 
§138. «Антиохияда ол жайында(көтеріліс) естіп импера-
тор Валент дереу әскерді қаруландырып Фракияға енді. Ол жер-
де готтар жеңіске жеткен шайқас болғаннан кейін император 
Адрианопольдің маңындағы бір иелікке қашты. Готтар оның 
жұпыны бір үйшікте тығылғанын білмей, ол үйді от құшағына 
ендірді, сөйтіп император патшалық салтанатпен өртеніп кетті. 
Мұндай сот құдайдың қалауымен болған шығар, себебі олар им-
ператордан нағыз дінді сұрағанда, ол оларды жалған ілімге ен-
гізген..болатын... 
§180. «Аттила Мундзуктен туылған, Октар мен Роас оның 
інілері,...олар Аттилаға дейін билік ұстаған...Олар қайтыс бол-
ғаннан кейін Аттила ғұн корольдігін інісі Бледпен бірігіп бас-
қарған». 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет