Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Ортағасырлық өркениет пен Еуропа тарихындағы ғұн-



Pdf көрінісі
бет16/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr
vse formuly mat sauat 3, Досмагамбетова Аружан Бауыржановна 21.06.09, Документ (47), Биология 8сынып Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы ЗЖ презентация, Tonkoe iskusstvo pofigizma pdf, кери титрлеу
Ортағасырлық өркениет пен Еуропа тарихындағы ғұн-
дардың орны
. Аттиланың жерленуі патшалық салтпен өтті. 
Аттиланың басын көтеріп тұратындай арқасынан жастық қойыл-
ды, бұл өз жеріне, халқына қарап тұру үшін жасалды. Халық 
арасында садақпен жебе атылды. Бұл парад Аттиланың батыр-
лығына арналды. Ғұндық ақындар Аттиланың батырлығына, ер-
лігіне арнап өлеңдер оқыды. 
Аңыз бойынша оның денесін үш қабірге салды: алтын, 
күміс, темір. Қабір ішіне Аттиланың заттары, оның аты және 
оның атақты қылышы қойылды. Қабір жасаушы және моласын 
білетін құлдары өлтірілді. 
Аттиланың қайтыс болуымен 
ғұндардың
Еуропалық 
дала
империясы
құлады. Ол Еуропаны Римнің бұғауынан құтқарды. 
Өз атын мәңгілікке қалдырды. Аттила көшпенді халықтарды: 
түріктерді, қыпшақтарды, монғолдарды, орыс және еуропа көш-
пелілерін өз айналасына біріктірді. Аттила туралы көптеген 
аңыздар, шығармалар, романдар жазылған. Аттила қу, ақылды 
және саясатты жақсы меңгерген тұлға ретінде көрсетілген.


27 
Ғұн империясы Аттиладан соң құлдырау үстінде тұрды. 
Оның жалғастырушысы болмады. Өзінің көптеген некелерінен 
туған балалары билікті өздерінше басқарды. Аттила өлген жылы 
германдықтар көтеріліс жасады. Гепидтер және омтготтар, олар-
дың одақтастары Паннония даласында отырған үлкен ұлы 
Эллахты жеңді. Ғұндардың қол астындағы аймақ бірнеше обы-
лыстарға қысқарды. 
Батыста ғұн тайпасының бір бөлігі ғұн-кутургур немесе 
кутугурлар Дунайдың төменгі және Қара теңіз жағалауынан 
Днепрге дейінгі обылыста ғана қалды. Аттила өлген соң 15 жыл-
дың ішінде Константинопольге, империя жеріне, әсіресе 
Фракияға шабуыл жасап тұрды. 468 ж. Аттиланың ұлы 
Денгизих 
қоршауға түсіп өлтіріледі. Шығыс империяның
астанасына оның 
басын әкеледі. Бірнеше жыл ғұндар туралы ештеме естілмеді. 
Ғұндар Еуропаны Рим империясының бодандығынан бо-
сатты. Қара теңіз жағалауына саудаға шығуына мүмкіндік берді. 
Византиялықтар Аттиланы жаулаушы болды деп есептеді. Ол 
ғұн халқының варвар еместігін дәлелдемекші болды. Аттила 
Рим папасының өтінішімен Римді талқандамады. Ол діндерді 
құрметтеді. Рим қасиетті жер деп есептеді. Қорыта айтқанда
орталығы Паннонияда болған Ғұн державасы еуропалық және 
әлемдік тарих тағдырларына өз ықпалын тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет