Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


ХІҮ-ХҮ ғғ.Византия мәдениеті



Pdf көрінісі
бет80/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr
vse formuly mat sauat 3, Досмагамбетова Аружан Бауыржановна 21.06.09, Документ (47), Биология 8сынып Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы ЗЖ презентация, Tonkoe iskusstvo pofigizma pdf, кери титрлеу
ХІҮ-ХҮ ғғ.Византия мәдениеті

ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Византияда 
философия мен ғылымда әлеуметтік және идеялық жағынан 
Батыс Еуропа гуманизіміне жақын жаңа бағыт кеңінен тарай 
бастады. Бұл бағыт ХҮ ғасырлардағы ғалым, философ және 
саяси қайраткерлер- Мануил Хрисолор, Георги Гемист, Плифон 
және Виссарион Никейскийдің еңбектерінен айқын көрінеді. 
Адамның рухани өміріне зер салу, индивидуализмді мадақтау, 
антик мәдениетіне бас ию осы ғалымдарға тән көзқарастар еді. 
Олар Батыс Еуропалық гуманистермен тығыз баланыста болған.
Византия философиясында ХІІ ғасырда материалистік 
тенденция күшейіп, Демокрит пен Эпикурдың материалистік 
философиясына қайтадан назар аударыла бастады. Бүкіл әлемді 
және адам өмірін басқаратын құдай емес тағдыр деп есептейтін 
Эпикурды қолдаушыларды сол кездегі дін ғылымдары қатты 
сынға алды. 
Византия империсының соңғы ғасырларында реакциялық-
мистикалық және рационалистік бағыттағылар арасындағы 
күрес күшейіп кетті. Мистикалық бағытты діни ғалым 
Георгий 
Палама
(1297-1366) басқарды. Палама ілімінің негізі шоқыну 
кезінде мистикалық шапағаттану арқылы адамның күдіретпен 


128 
бірігіп кету тұжырымы еді. Паламаның мистикасына қарсы кү-
ресті қызу жүргіе бастаған калабрийлік ғалым гуманист 
Варлаам болатын.Варлаам ақыл-ой діннен басым,ол бұрын 
пайда болды деген пікірді жақтады. Шіркеу Паламаны жақтап, 
Варламды қуғынғы ұшыратты. 
ХІҮ-ХҮ ғғ. ғылымда, философия мен әдебиетте гумма-
низмге әлеуметтік және рухани тұрғыдан туыстас жаңа бағыт 
қалыптасты. Гуманистік бағыт әсіресе ХҮ ғ.көрнекті ойшыл 
Мануил Хрисолор
мен философ-неоплатоник 
Георгий Гемист, 
Плифонның
еңбектерінде ерекше көрініс тапты. ХҮ ғасырдағы 
византиялық гуманистерге тән сипаттар-антика мәдениетіне 
деген ыстық ықылас, сана алдында бас июшілік, адам тұлғасына 
көңіл бөлушілік және өмір сүріп тұрған әлеуметтік-экономия-
лық құрылысты қайта құруға деген ұмтылыс болды. 
Бұл кездегі халықтық шығармашылыққа тұрмыстық тақы-
рыпқа арналған сатиралық мысқыл жанры кеңінен тарады. Әсі-
ресе «
Жануарлар туралы эпос»
деген шығарма ерекше табысқа 
ие болды. ХІҮ ғасырдың басында византиялық феодалдық қо-
ғамның мінез-құлқын мазақ еткен құстар өмірі туралы 

Пулолог»)
сатиралық повесть кеңінен танымал болды. Халық-
тық мысқылдар демократиялық сипатта дамыды. Мысалы 
«
Төрт аяқтылар туралы өсиетті повесть
» деген мысқылда 
жыртқыш хайуандардың бейбіт аңдарды зәбірлегені, сөйтіп 
олардың ашу-ызасын туғызғандығы, ақырында бейбіт аңдардың 
қорлыққа шыдай алмай көтеріліске шығып, жыртқыш хайуан-
дарды қырып салғандығы туралы айтылады. Бұл мысқыл ха-
лықтың қанаушыларға қарсы белсенді күреске ұмтылысын бей-
нелейді. Осы кезеңнен сондай-ақ біраз лирикалық шығармалар 
да сақталған. Олардың ең таңдаулы үлгісі «
Родостың
махаббат 
өлеңдері
» (ХІҮ-ХҮғғ.). 
Византия бейнелеу өнері тек ХІҮ ғасыр мен ХҮ ғасырдың 
бірінші жартысында тамаша гүлденген “ 
Палеологтың қайта 
өркендеу
” дәуірін басынан өткізді. Осы гүлдену сол кездегі 
Византия мәдениетінде гуманистік тенденциялардың өріс алуы-
мен байланысты болды. Бұл суретшілер шіркеу өнері белгілеп 
берген ереже шеңберінен шығып, дерексіз бейнелеу орнына, тірі 
адамды бейнелеп, оның басындағы құштарлықты, қуанышты, 


129 
қайға-мұңды көрсете білді. Константинопольдегі 
Хора
монасты-
рын әшекейлеп тұрған мозайкалар мен фрескалар сол заманның 
тамаша мұрасы болып табылады. Алайда, адамның жеке басын 
шіркеудің-догматты ой шырмауынан құтқару ісі әлсіз де дәйек-
сіз болды. ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Византия өнері шіркеу шең-
берінде қалып, реалистік италияндық Ренессансы қатарына кө-
теріле алмады,.
Феодалдардың сарайлары көбіне қамал тәріздес болып 
салына бастады. Мәселен, ХІІІ-ХІҮ ғасырларда Пелопоннесте 
тұрғын үйлердің өзі қамал тәріздес болып тұрғызылды. Визан-
тиядағы сәулет өнерінің тамаша мұрасына Константинопольдегі 
императорлар сарайлары
жатады. ХІҮ-ХҮ ғасырларда визан-
тиялық сәулет өнеріне тән нәрсе ғимараттың жеңіл, әсемдігі, 
сыртқы және ішкі безендірудің симметриялығы. Бұл кезең ес-
керткіштеріне Константинопольдегі (қазіргі Кахрил-Джами ме-
шіті) 
Хора 
монастыры жатады. Эмал өнері, зергерлік өнер бұл 
кезде күйзеліске ұшырай бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет