135
Сонымен бірге Португалия мен Испанияның теңіздің арғы
бетіндегі жерлерді іздестіріп, басып алуына осы елдердің ішкі
жағдайларында туындаған себептер әсерін тигізді. Бұл елдердегі
реконкистік жаугершіліктің заманы бітіп, тегін олжа мен әскери
қақтығыстарды аңсаған соғыс құмарлар мен кедей дворяндар-
дың басым бөлігінің айналысар ісі болмай қалды. Сондықтан да
Африкаға қарсы бағытталған соғыс қимылдарын жүргізу үшін
арнайы экспедициялар ұйымдастырылып отырды. Африкандық-
тардың өздері де Африканың солтүстік-батыс жағалауынан
Испания мен Португалияның кемелеріне, Пиреней түбегінің
жағалауындағы қалаларға тонаушылық шабуыл жасауларын
тоқтатпаған еді. ХҮ-ХҮІ ғғ. географиялық ашылулардың осын-
дай себептері болды.
Сеутаға ие болу Португалияның отарлық экспедиция-
сының бастамасын салды. Бұл іске
Генрих
үлкен қамқорлық
жасады. Сауда компаниялары Генрихтың көмегімен жаңадан
ашылған аймақтарда сауда үстемдігіне ие болды. Ең пайдалы
сауда жергілікті халықты тонап, құл саудасын жүргізу еді.
Португалдықтар 30 жыл ішінде Африканың батыс жағалауына
жетті. ХҮ ғ. 20-жылдарында
Мадейра
аралына, 30 ж. басында
Азорларға
, ал
1456 ж. Жасыл Мүйіс
аралына жетті.
Достарыңызбен бөлісу: