136
ашылатын жерлер португалдықтардың иелігінде жататын
болды.
Жалпы Христофор Колумб Үндістанды іздеп Америкаға
төрт саяхат жасады.
Бірінші саяхаты (3 тамыз 1492— 15 мамыр 1493).
Екінші саяхаты ( 25 қыркүйек 1493— 11 маусым 1496).
Үшінші саяхаты (30 мамыр 1498— 25 қараша 1500).
Төртінші саяхаты (9 мамыр 1502— ноябрь 1504).
Васко да Гаманың экспедициясы.
Испандықтардың ба-
тысқа
қарай бет алуы, португалдықтардың Үндістанға баратын
жолды қайтадан іздестіруді бастады.
1497ж 3 шілдеде
осы мақ-
сатпен жабдықталған экспедицияны В
аско да Гама
басқарды.
Васко да Гама
5
айдан соң Африка жағалаула-
рының ең соңғы нүктесіне жетіп, осы
жерден Үнді мұхитымен жүретін бей-
таныс жолды тапты. Васко да Гама
арабтар қоныстанған Малинди қаласы-
нан
сол кездегі ең тәжірибелі, білімді,
Үнді мұхитында көп жүзген Ахмед
Ибн Маджидті алды. Ахмед Ибн
Маджид
бір жарым айдан кейін
1498 ж. 20 мамырда Малабар
жағала-
уындағы Каликут қаласына кемелерді
жеткізді. Васко да Гаманың Үндістанға сапар шегуі 10 айдан ас-
там уақытты алды. Осылайша бай елдерге шығатын Еуропалық-
тардың теңіз жолдары табылды.
Бұл Еуропаның шаруашылық
өміріне терең өзгерістер енгізіп, айналысқа түскен тауарлар түр-
лерін көбейіп, бәсекелестікті күшейтті. Сауда мен қаржы опера-
цияларының жаңа ұйымдары сауда және қаржы биржалары
дами бастады. Фонд биржаларында алуан түрлі қаржы несие-
лері,
құнды қағаздар жасалынып, ваксельдер есептелінді, яғни
феодалдық өндірістің ыдырауына үлкен әсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: