Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет81/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr
vse formuly mat sauat 3, Досмагамбетова Аружан Бауыржановна 21.06.09, Документ (47), Биология 8сынып Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы ЗЖ презентация, Tonkoe iskusstvo pofigizma pdf, кери титрлеу
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.
 
Михаил Пселл туралы не білесіз? 
2. Анна Комнинаның қандай тарихи шығармасын білесіз? 
3.ХІІІ-ХІҮ ғ.мистикалық бағытты кім дамытты? 
4.ХІҮ-ХҮ ғғ.Византияның бейнелеу ,сәулет өнерлері қалай 
дамыды? 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1.Мемуарлық сипатта тарихи шығарма жазған 
А)
 
Ф. Продром В)
 
Г. Палама С) М.Пселл Д)
 
Мануил Хрисолор
Е

Георгий Гемист
 
2.Анна Комнинаның атақты шығармасы не деп аталады? 
А)Ромейлер тарихы В)Алексиада С)Филокартис Д)Дигенис 
Акрит туралы аңыз Е)Византия тарихы 
3.
 Палеологтық қайта өркендеу
” дәуірі қай кезеңді қамтиды? 
А)ХІІ-ХІІІ ғғ. В)ХІҮ-ХҮ бірінші жартысы. С)Х-ХІІІ ғғ. Д) ХІІІ-
ХІҮ ғғ. Е)ХІ-ХІІ ғғ. 


130 
ІІІ БӨЛІМ.КЕЙІНГІ ОРТА ҒАСЫРЛАР 
§ 25.Батыс Еуропа елдерінде капиталистік 
қатынастардың пайда болуы
 
1.
ХҮІғ.аяғы
 
мен
 
ХҮІІ ғ.өнеркәсіп
 
пен
 
ауыл
 
шаруашылығының дамуы. 
2.Капиталдың алғашқы қорлануы. 
3.Абсолюттік монархия. 
ХҮІ ғ.аяғы мен ХҮІІ ғ.өнеркәсіп пен ауыл шаруашы-
лығының дамуы.
Орта ғасырлардың кейінгі кезеңінде Еуропада 
феодалдар өздерінің саяси өктемдігін сақтап қалды. Сонымен 
бірге бұл кезеңде өндіргіш күштердің шапшаң қарқынмен дамы-
ып қоғамда бой бастаған капиталистік укладпен сипатталды. 
Капиталистік өндірістің алғашқы белгілері ХІҮ-ХҮ ғғ. 
Италия
мен 
Голландияның
ең ірі сауда-өнеркәсіптік қалаларында пайда 
болды. 
Бұл құбылыс Еуропаның барлық елдерінде бірдей дәре-
жеде болған жоқ. Капиталистік даму олардың кейбіреулерінде 
табыстарға жете алмады. Ақша-тауар қатынастарымен сыртқы 
сауда байланыстарының дамуына дворяндар кедергі келтірді. 
Мәселен, 
Испания 
мен 
Потугалияда 
ХҮІ ғ. ірі отарлаушылықты 
жүзеге асыру барысында алғашқы қор жинау мен кейбір са-
лаларда капиталистік мануфактура пайда болғанымен оны үс-
темдік етіп отырған феодалдық реакция тұншықтырып тастады. 
Ал, Англия, Голландия және Франция сияқты мемлекет-
тер басқаша дамыды. Бұл елдерде феодалдық өндірістік қаты-
настар ыдырап, алғашқы қор жинау және капиталистік қатынас-
тың пайда болу құбылыстары өріс алды. 
Капиталистік қатынастың дамуының алғы шарттары қа-
лыптасып, бастауымен кішігірім ұсақ, қолөнер өндірісі ірі өнді-
ріспен ауыстырыла бастады.Өнеркәсіптегі капиталистік өндіріс-
тің бірінші сатысы қарапайым кооперация болды. Кооперация 
дами келе мануфактураға айналды. Сөйтіп, ол капиталистік өн-
дірістіңалғашқы түрі еді. 
Мануфактура
батыс Еуропа елдерінде 
ХҮІ ғ.ортасынан ХҮІІІ ғ-дың 70 жылдарына дейін дамыды. 
Мануфактура ең алдымен 
тау-кен

металлургия

кеме жасау

тоқыма 
өндірісінде пайда болды.. Мануфактура қол еңбегіне 
және қолөнер техникасына негізделген. Сондықтан ол латынша 


131 
манус-қол

фактура-бұйым
деген мағынаны білдіреді. Мануфак-
турада әрбір жұмысшы жұмыстың белгілі бір түрін ғана атқа-
рып, өз ісінің шеберіне айналды. Мануфактураның қолөнерден 
айырмашылығы сол, ол ірі өндіріс орны және еңбек бөлінісіне 
негізделген. Бұл жағдайлар еңбек өнімділігін арттырды. Ману-
фактураны капиталист-іскер басқарып, онда өндіріс құралдары-
на құқығы жоқ жұмысшылар жұмыс істеді. 
Мануфактуралық өндіріс тек орталықтандырылған түрде 
ғана емес, бытыраңқы түрде де дамыды. Батыс Еуропада ману-
фактуралар деревнялық үй өндірісімен ұштасты. Кішігірім жер 
иесі немесе жерсіз шаруа мануфактура иесіне 
« үйде отырып 
жұмыс
істейтін
»тәуелді жұмысшыға айналды. Оны мануфак-
тура иесі шикізатпен қамтамасыз етіп, тауар өндіртті және оның 
еңбегін өзі бағалап, еңбек ақы төлеп отырды. Бытыраңқы ману-
фактура өндірісінде де еңбек бөлінісі жүрді. 
Жеке қолөнершілерден құралған мануфактураларды атқа-
рылған жұмысқа байланысты, оны өндірудің тәсілі, техникасы 
дамып, жекелеген жұмысшылардың шеберлігі, сауаты өсті. Мұ-
ның өзі жұмысты қоғамдық ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін 
жетілдіріп, жаңа қоғамдық өндіргіш күштерді дамытты. Ману-
фактура түріндегі өндірісте кейбір жаңа техникалық құралдар да 
дамытылып, күрделендіріліп, машиналы өндіріске жақында-
тылды. 
Еуропада капитализмнің алғашқы белгілерінің пайда 
болуы дүние жүзілік тарихи маңызға ие болды. Мақта-мата 
өндірісінде мануфактуралық даму түрінің алғашқы кезіңінде 
өздігіне айналатын 
ұршықтың
пайда болуы ерекше өнер тап-
қыштық болды. Ол 2 бірдей жұмыс атқарды, өздігінен айнала 
отырып, жіпті иіріп отырды. Бұл жетістік 15 ғ. 80-жылдарында 
пайда болып, Англия, Голландия, Италия, Германияда және бас-
қа елдерге де таралды. 
Тау-кен өндірісінде су дөңгелегін пайдалану да бұл өн-
дірістің дамуын жеделдетті. Қарапайым механизмдер-су тарт-
қыш насостар, көтергіштер тау-кен өнеркәсібінде пайдаланыл-
ды. Металлургия өндірісінің техникасы да жетілдіріліп, қамыр 
түріндегі темір қорытылатын қол көрікті пешпен қатар шағын 
домна пештерін
жасау әдісі табылды.


132 
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі ұлғая түсті, 
егіс көлемін арттыру үшін, батпақты, сазды, көлдерді құрғату 
кең көлемде жүргізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет