Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет110/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr
vse formuly mat sauat 3, Досмагамбетова Аружан Бауыржановна 21.06.09, Документ (47), Биология 8сынып Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы ЗЖ презентация, Tonkoe iskusstvo pofigizma pdf, кери титрлеу
Католик шіркеуі 
(гректің «әлемдік»,«бүкіл дүниежүзі-
лік» деген сөзінен шыққан) - 1054 жылы христиан дініндегі ха-
лықтар екіге бөлінгеннен кейінгі батыс Еуропа халықтары ұс-
танған христиан дінінің бір түрі. 
Клефтер – 
Грекияда Осман түріктеріне қарсы күрес жүр-
гізген партизандарды осылай атаған. 
Кортес -
1188 ж.Кастилияда құрылған өкілеттілік орган. 
Үшінші әлеуметтік топ –қала тұрғындарының өкілдері қатыс-
тырылды. 
Күпірлер 
- («ерекше діни ілім»деген сөзінен шыққан)-үс-
тем діннің басты қағидалары мен ұйымдық құрылымын мойын-
дамайтын ерекше діни нанымды ұстанушылар.
 
Лорд 
- орта ғасырлық Англиядағы жер иеленуші феодал. 
Бірте – бірте ол ағылшын дворяндарының ең жоғарғы, ортақ 
атағына айналды. 
Лютерандық 
- негізін Мартин Лютер (1483-1546 ) қала-
ған протестанттық діни ілімнің бір түрі. ХҮІ ғасырда Рефор-
мация барысында Германияда қалыптасты. Германия мен 
Скандинавиялық елдерде кеңінен тараған. 
Майордом
(латынның «үлкен үй»деген сөзінен шыққан)-
Франк мемлекетіндегі Ү ғасырдың аяғы-ҮІІІ ғасырдың ортасын-
дағы сарай меңгерушісі, ең жоғарғы мемлекет басшысы. 
Мануфактура
(латынның «қол ісі»деген сөзінен шық-
қан)-қол еңбегі қолданылған ірі кәсіпорындар. 
Меровингтер - 
Франк мемлекетінде 481-751 жылдары би-
лік 
құрған корольдер әулеті. Аса көрнекті өкілі-Хлодвиг (481-511). 
Монарх 
(гректің «жеке –дара билеуші»деген сөзінен шық-
қан)-монархияның басында тұрған тұлға (патша, король, им-
ператор, фараон, сұлтан, шах,т.б.). 


174 
Монархия - 
мемлекеттегі жоғарғы формалды түрде (то-
лық немесе жартылай) жеке - дара мемлекет басшысының-мо-
нархтың қолына шоғырланған билік түрі, сондай-ақ биліктің 
осындай түрі орнаған мемлекет. 
Монах 
(гректің «жалғыз»деген сөзінен шыққан) - жападан 
жалғыз өмір сүруші, діни қауымға кірген және монастырь жар-
ғысының талабына сай сопылық құруға уәде берген адам. 
Монофизиттер
– гректің «монос»-бір, «физис»-табиғат 
деген сөздерінен шыққан Ү ғ. Рим империясының шығыс про-
винцияларында қалыптасқан, құдайдың «дара табиғаты»туралы 
күпірлік ілім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет