Р. Т. Наралиева



бет20/45
Дата20.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#191987
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
Байланысты:
Книга для слушателей-ор,2(1)(1)

Э, ё әріптерінің емлесі




Сіз білесіз бе?


1-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, көшіріп жазыңыздар.
Алып құс

Осыдан бір миллион жыл бұрын тіршілік екен құстың бірі –эпиорнист. Оның үлкендігі пілге жуық, биіктігі 5 метр болған көрінеді. Құстың тас болып қалған жұмыртқасының үлкендігін сыйымдылығынан-ақ білуге болады. Жұмыртқа қабығына 8-9 литр су сыйған.


(«Білім және еңбек» журналынан).

  1. Эпиорнист сөзіне фонетикалық талдау жасаңыздар.

  2. Қай сөздерде и/й дыбыстарының алдында ы дыбысы сақталып жазылады?

  3. Қазақ тіліндегі кірме дыбыстарды атаңыздар.

2-жаттығу. Мына сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырып жазыңыз және осы сөздердің жазылу емлесін есте сақтаңыз.
Экономика, элеватор, эшелон, элемент, эссе, аэродром, поэма, поэзия, элемент, электр, экипаж, аэроклуб, шахтёр, монтёр, дирижёр, слёт, режиссёр.


Әлемде талай қызық бар


3-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар. Даярлап сөзіне фонетикалық талдау жасаңыздар. Я әрпі буын талғайды ма?


Құстар тор тоқиды

Тор тоқу ісі көп еңбекті керек етеді. Бірақ Батыс Ирактың жағалауларындағы балықшыларды осы бейнеттің лажын тауыпты. Балықшылар бамбук сырықтарынан төрт жақтаулы етіп шырмауықпен байланыстырып, жыңғыл ішіндегі ағаштарға іліп қоятын болған. Құстар түн бойы оған тор тоқитын болған. Олардың осы даярлап қойған торларын таңертеңгілікте балықшылар ала қояды екен. Осы дайын тордың әрқайсысының салмағы екі килограмнан үш килограмға дейін тартады екен. («Қаз. пион.» газетінен).




4-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазыңыздар.


Аңдар мен балықтардың ұйқысы қызық

Балықтар қараңғы түсісімен өзен-көлдің түбінде дем алып, су өсімдіктерінің арасында тынығады. Кейбіреулері ұйықтап жүріп жүріп ақырын бір орыннан екінші орынға ауысып отырады. Енді бірі ұйқылы қалпында басын төмен қаратып жүзсе, екіншісі шалқалай жатып жүзеді.


Шимпанзе күн сайын ағаш бұтақтарының арасына өзі жататын жаңа орын дайындайды. Хайуанаттар паркінде олар ағаш сәкілерде ұйықтайды. Егер түн салқын болса, жылы оранып жатады.
Бегемоттар суда ұйықтағанымен, денесін түгел суға көміп, сыртта тек тұмсығы мен көзін ғана қалдырады. («Қазақ күнтізбесінен»).


5-жаттығу. Өсімдік, ұйықтап, орыннан, жүзеді, көміп, тұмсығы, көзін сөздерін орфоэпеялық заңдылыққа сай жазыңыздар.
Үлгі:



Жазылуы

Айтылуы

Түсті

түсту



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет