2-жаттығу. Мәтіндерден я әрпі бар сөздерді бір бағанға және ю әрпі бар сөздерді екінші бағанға теріп жазыңыздар.
Су жинағыш бақалар
Орталық Австралияда өзендер мен су қойнаулары күннің ыстығынан жиі құрғап қалады. Осындай кезде тұрғын халық бақа аулауға шығады. Австралияның шөл далаларындағы бақалар ауа райының сондай өзгерістеріне бейімделген көрінеді. Қуаңшылықтарда олар асқазандарына су қорын сақтайды екен. Сол себептен аңшылар бақаларды асқазанынан су алу үшін аулайтын болған. («Білім және еңбек» журналынан).
?!1. Я және ю әріптері қандай дыбыстардың таңбасы ретінде қолданып тұрғанын айтыңыз.
2. Азия, Австралия, баяндама сөздерінде неше әріп, қанша дыбыс бар екенін анықтаңыз.
3. Бірқазан, мекиен, хайуанат сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыз.
3-жаттығу. Мәтіннен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді теріп жазыңыздар. Айырмашылығының себебін түсіндіріңіздер
Тапқырлық
Ауыл маңынан өтіп бара жатқан жолаушы жолай кездескен жасөспірім қыздардан жөн сұрапты. Ішіндегі сөзі уәлі әрі ибалы қызға риза болып, оның кімнің қызы екенін білгісі келіп былай деп сұрақ қояды:
Кімнің қызысың?
Ауыл адамдары үйір үйдің қызымын, шаңырағы шошақ үйдің қызымын.
Қызым, олай болса, ұлықтың қызы екенсің ғой.
Болжамыңыз дұрыс. Ал өзіңіз кім боласыз?
Биік ағаштың берігімін, миуаның ірісімін әрі тәттісімін, – депті кісі.
Онда сіз еліміздің әміршісі болдыңыз ғой, – деген екен қыз сонда.
Мәтінді рөлге бөліп оқыңыздар.
Миуа сөзінің мағынасын анықтаңыз.
Ұлық, әмір, шаңырақ, миуа сөздерін қатыстырып сөйлем құраңыздар.
Тапқырлыққа қатысты мәтін немесе шағын әңгіме құрастырып жазыңыздар.
Ойлан, тап!
Достарыңызбен бөлісу: |