Дауыссыз дыбыстардың жазылу емлесі
Б, в, г, д дауыссыз дыбыстарының жазылу емлесі
р/қ
|
Ереже
|
мысалы
|
|
Б, г, д әріптері сөздің басқы, ортаңғы, соңғы буындарында келе береді, б, г, д әріптеріне бірақ та қазақтың төл сөздері аяқталмайды
|
бақыт, арба, гүл, ертегі, дарқан, маңдай, жазды
|
|
В әрпі тек кірме сөздің құрамында кездеседі:
|
вагон, вазелин, волейбол, авиа, авто
|
|
Орыс тілінен енген кірме сөздер мен біраз шетелдік жер-су атаулары осы б, в, г, д әріптерімен аяқтала береді. Тілімізде мұндай кірме сөздердің қатары көп емес.
|
актив, клуб, снаряд, наряд, округ, штаб, геолог, логопед, Петербург
|
|
Сөз соңында келген бұл ұяң дауыссыздар қазақ тілінде сөйлеу барысында қатаң (б-п, в-ф, г-к, д-т) болып айтылатындықтан, оларға жалғанатын қосымшалар да қатаң дауыссыздардан басталады
|
клуб+қа, актив+ке, снаряд+тан, округ-тен
|
Достарыңызбен бөлісу: |