Р. Т. Наралиева



бет24/45
Дата20.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#191987
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
Байланысты:
Книга для слушателей-ор,2(1)(1)

Туған өлкеме саяхат


Қорғалжынға бардың ба, қоқиқазды көрдің бе ?...

Біз Қорғалжынға қоңыр күзде барған едік. Төңірек онда сары алтынға малынып тұрған. Қорғалжынды айнала қоршаған тау жоқ. Иен даланың ортасына орнатыла салған жұмақ дерсің. Асан қайғы бабамыз желмаясымен желіп бара жатып: “сексен көл сызылтып ағатын-ақ жер екен” депті. Десе дегендей-ақ, Қорғалжында бірінен-бірі өткен сексен көл бар. Алыстан көз жасындай жылтырайды. Сол көлдің құтты қонағы - құстың саны 300-ден асып жығылса, балықтың - 14, өсімдіктің 317 түрі бар. Алдыңнан домалаңдап борсық жүгіреді, бытпылдықтап бөдене қашады, ну қамыстың ішінде қабан күркірейді. Самал желмен бидайық тербелгенде, төңірек қоңыр сазға толып кетеді. Осынау 244 мың гектар алқапты алып жатқан дүние дидарына қараған сайын көз тоймайды.


Қорғалжынның көркі - қоқиқаз (фламинго), қорғаны - қамыс. Бұл өңір халқының аузынан тастамай әуезе етіп айтатыны да қоқиқаз. Осы бір құс баласына деген ел құрметі ерекше. Бала біткен отыра қалып осы құстың суретін салады. Аққудың жөні бір бөлек, ал қоқиқазды атқан кісі ел қарғысына қалады. Мұндағы рәміздік бейне – қоқиқаз.
Қоқиқаздың қасиеті көп. Ол бұл өңірге сонау Мысырдан, Ираннан, Түркиядан, Пәкістаннан ерте ұшып келіп, ерте қайтады. Жарықтық кетерінде көлді әлденеше рет айналып ұшып, адам баласының сезімін қозғап, қимастық әсер қалдыратын көрінеді.
Жер түбіндегі француздар жыл сайын Қорғалжынға келіп, қоқиқазды көріп, ол туралы аңызды естігенде аузын ашып, көзін жұмады, дейді. Қоқиқаздың еті Еуропа халықтары үшін аса жеңсік асқа айналған көрінеді.
Француздардың айтуынша, оның бір тілінің өзі 600-700 долларға бағаланады екен. Ал қазекем қоқиқаздың етін жемейді, тек бекзаттығын ғана кие тұтып, сыртқы жаудан, суық қолдардан қызғыштай қориды.
Қорғалжынға арнап барып, қоқиқазды көрмей қайтқан адам мұратына жетпейді, деседі. Біз қоқиқазды үш күн, үш түн қамыс паналап жатқан елгезек фототілшіміз Шүкір Шахайдың арқасында көрдік. Шынында да, ұшқанда ғажап екен. Төңіректі нұрға малындырып, әнге бөлеп ұшып бара жатқан қоқиқаздың қанат қағысы қандай ғажайып! Қазақтардың: “Қорғалжынға бардың ба, қоқиқазды көрдің бе?”- деуінің мәнісін енді түсіндік. ( К.Қошқарұлы, “Парасат” журналынан).
1. Қорғалжын қорығы қай өңірде орналасқан?
2. Қазақ халқы қандай құстарды кие тұтады?
3. Қорғалжындағы жер-су атауларына байланысты аңыздарды білесіз бе?
4. Қорықтарда, жалпы табиғаты сұлу өңірлерде болдыңыз ба және табиғатты тамашалағанда қандай сезімге бөлендіңіз?
5. Қорғалжын қорығындағы құс төресі - аққулардың бейнесі қазақтың қай көркем фильмінде көрсетіледі?
6. Кірме сөздердің астын сызып көрсетіңіз және оларға дыбыстық талдау жасаңыз.
7. Тұрақты сөз тіркестерін табыңыз және олардың беретін мағынасын анықтаңыз.
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Абай.

Ұстазы білімді болса,


Шәкірті тәлімді болар.
Кітап – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.

Оқу инемен құдық қазғандай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет