1-жаттығу. Мына сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырыңыздар және осы сөздердің жазылу емлесін есте сақтаңыздар.
Фабрика, форма, фанер, фестиваль, форум, автобиография, фото, география, феодал, цемент, мотоцикл, циркуль, цирк, цех, центнер, очерк, училище, Челябинск, ащы, тұщы, кеще,борщ, щи, рецепт, редакция, цыган, футбол, Салтыков-Щедрин.
Әсемдік жарасады әркімге де
Әсем де жинақы киініп жүру – адамдардың көңіл бөлуін қажет ететін әдет. Киіну мәнеріне қарап, адам бойындағы ұқыптылық, талғампаздық сияқты жақсы қасиеттерді аңғаруға болады. Қымбат емес матадан өз бойына қонымды, жарасымды етіп тігілген киімді қайда болса да, киіп баруға жарайды. Ал керісінше өте қымбат матадан олпы-солпы тігілген киіммен салтанатты жиынға барудың қажеті жоқ. Әсем де жарасымды киім адамның сырт келбетін әдемі етіп көрсетеді. Киімді әрбір адам өз дене бітімі мен жас ерекшілігіне қарай киінгені абзал. Сонымен қатар біреуге жарасқан киімнің өзгенің үстінде де қонымды болып көрінуі екіталай, сондықтанда киімді өз келбетіне үйлесімді етіп киген жөн. Киімнің пішімі, үлгісі, сәнімен қатар түсі де үлкен рөл атқарады. Шілтер немесе ақ жаға салынып, бірыңғай түсті матадан, әдемі үлгімен тігілген көйлек жасөспірім қыздарды да, ұстаз әйелдерді өте сүйқімді, жинақы етіп көрсетеді. Ал жылтыр жібек, парша сияқты қымбат маталардан сәнді тігілген көйлектерді күндіз кию, күнделікті жұмыс орнына киіп келу адамды тым сәнқой ғана емес, тыраш екендігін көрсетеді. Кейде көпшілік арасында үлкен егде әйелдерге лайық киімді киген жас қыздарды немесе жасөспірімдерге ғана жарасымды көрінетін киімдерді мосқал әйелдердің киіп алғанын байқайсың. Олар тіпті өздерің сырт келбетінің өзгелерге күлкілі екенін де аңғармайды. Психолог мамандар, адамның сырт келбеті ішкі дүниесінен де хабар беріп тұрады, дейді. Киіміңе қарай қарсы алып, ақылыңа қарай шығарып салады, деген халықтың дана сөзін ұмытпаған дұрыс. Сол себепті киім тек дененің сыртқы жамылғысы ғана емес, материалдық және рухани қажеттілікті өтейтін құрал болғандықтан, сырт келбетімізге көңіл бөліп, қажет болса – стилист, дизайнер секілді кәсіпқой мамандар кеңес алған тиімді.
Қосарлы дыбыстардың таңбалайтын әріптері бар сөздерды теріп жазыңдар.
Оларға фонетикалық талдау жасаңдар.
Мәтінді оқып, «Әдептілік әлемі» деген тақырыпқа шағын эссе жазыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |