2.1 №10 ЖББОМ-інің құқықтары Оқушыны мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау түрін бұл жұмысты ПМПК ұсыныстарына сәйкес және оқушының мүмкіндігі мен қажеттілігін психологиялық-педагогикалық кешенді түрде тексеру негізінде мамандар анықтайды.
Сабақты ұйымдастырудың түрлерін, педагогикалық технологияны, оқыту әдістемесін, тәрбиелеу мен түзете дамыту жұмысын баланың мүмкіндігін есепке ала отырып, ата-аналарының келісімімен өздігінен әзірлейді, таңдайды және қолданады.
Оқушылардың түзете дамыту сабақтарына баруының жеке кестесін оқушының ата-анасының келісімімен және № ... ЖББОМ-інің ПМПК ұсыныстары бойынша құрады және өзгертеді.
Баланы жанұяда тәрбиелеу мен оқыту, рухани және дене тұрғысынан жетілдіру бойынша ұсыныстар ендіреді, сонымен бірге ата-аналарға емдік-сауықтыру мекемелеріне баруды ұсынады.
2.2 № 10 ЖББОМ -інің міндеттемелері Қамтамасыз ету:
баланың құқығы мен абройын қорғау;
оқушылардың дене және психикалық денсаулығын нығайту, өмірін қорғау;
оны зерделік, дене тұрғысынан және жеке тұлғалық дамыту;
оның жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, шығармашылық қабілеттерін және қызығушылықтарын дамыту;
оқу-тәрбиелеу үдерісінде оқушыға жеке тәсілдеме қолдану.
3.2.2. Баланы мектепте оқытудың басталу сәтінен 4 аптадан артық кешіктірмей, психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын әзірлеу.
3.2.3. Оқушылардың ҚР заңнамасына сәйкес сапалы білім алуға деген құқығын жүзеге асыру үшін жағдай тудыру.
3.2.4.МектепмамандарыПМПК ұсыныстарына және психологиялықпедагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасына сәйкес оқушыны қажетті психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз етеді.
Оқушыларға жұмыс түзіміне сәйкесмектепте, сондай-ақ ПМПК мен № ... ЖББОМ-інің ПМПк ұсыныстарын есепке ала отырып, ұзартылған күн тобында болуға мүмкіндік туғызады.
Ата-аналарға білікті көмек көрсету (№...ЖББОМ-інің мамандарының құзыреттілігінің аясында), ата-аналарға жақын арада болатын кеңестер мен кеңестердің нәтижелері, сондай-ақ білім беру үдерісінде туындаған мәселелер туралы хабардар етеді.
3.2.8.Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасынан ауытқығанда немесе оны жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда бағдарламаны түзету мақсатында бұл туралы ата-аналарға дер кезінде хабар беріледі.
3.2.9. Ата-аналарды № ...ЖББОМ-інің қызметін реттейтін жергілікті актілермен және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілермен таныстырады.