3.Ж.Б.Ламарктің эволюциялық концепциясы. Ж.Б. Ламарк өзінің эвалюциялық теориясын “Зоология философиясы” деген еңбегінде баяндады. Бұл трактат 1830 жылы айтыстан жиырма жыл бұрын жарияланған болатын. Ламарк жануарлар дүнйесінің табиғи системасын дамыта отырып,К. Линней жасаған класты қосып алып, жануарларды он төрт класқа топтастырды. Ол өзінің системасында ең қарапайымдар (инфузория класы) мен ең күрделі құрылыстылар (сүтқоректілер класы) арасына құрылыс дәрежелерінің біртіндеп күрделенуіне қарай басқа барлық кластарды орналастырады. Линней кезінен бері жануарлар кластарын орналастыру тәртібі айтылғандарға мүлде қарама – қарсы болатын ; яғни сүтқоректілерден басталып қарапайым құрлысты құрттпен аяқталып келеді. Ламарк егер кластарды осылай (Линнейше) орналастырсақ, жануарлар систематикасына шолу жасағанда, олардың құрылысы деградациялағаны және қарапайымдалғаны байқалар еді деген пікір көрсетеді. Бұған керісінше, Ламарктың он төрт класты орналастыру бағытын алсақ, жануарлардың құрылысы баспалдақ сипатында біртіндеп күрделеніп отыратындығын – гродацияны көреміз. Мұнда он төрт клас алты сатыға орналастырлып, Ламарк ойынша бұлардың әрқайсысы келесіне органдарының негізгі системалары жөнінде нерв және қан тамырлар системаларының құрылысы күрделенуі жөнінен айырмашылықтары бар, мұнда да өсімдік топтарының құрылысының күрделігіне қарай орналасады ондай қатарлар (градация) жануарлар дүнйесінде де қарапйымнан басталып күрделі құрылысты денені организмдермен аяқталады. Бұл тәртіп органикалық формалардың қарапайымнан күрделіге, қарапайым құрылыстан күрделі құрылысқа қарай тарихи даму процесі жүріп тұратындығын көрсетеді. Ламарктың пікірінше, орта факторлары өсімдік органдарына тікелей әсер етіп өзгертіп отырады. Ақырында, бұл бір мүшелердің пайда болуына және дамуына, басқа бір мүшелердің әлсіреуіне немесе жойылуына себеп болады. Егер бір түрге жататын особьтардың біреулері жақсы қоректенетін болса және өсуіне қолайлы жағдай болса, ал екіншілеріне қорек жеткіліксіз болса, бұлардың арасында елеулі айырмашылық байқалады. Жауынсыз құрғақ көктемде шалғындық шөптер нашар өседі, әлсірейді, аласа күйіндегүлдеп , жеміс береді. Көктемгі жауында болатын кездерде сол шөптер қарқындап өсіп кетеді.
Ламарктың бірінші заңы. Өзінің даму шегіне жетпеген, қандай жануар болсада , кез келген органның жиі және ұзақ пайдалануы мерзімнің ұзақтығына сәйкес сол органды біртіндеп әлдендіреді, дамытады және оны ұлғайтып күш енгізеді, ал ұдайы пайдаланбау органның қайсысын болса да біртіндеп әлсіретеді, кері кетіреді, үнемі оның қабілетін төмендетіп отырады, ең аяғында жойылып кетуіне себепкер болады.
Ламарктың екінші заңы. Бұрыннан тіршілік еткен орта жағдайының әсерімен табиғаттың жануарлар тұқымына қосқаны не жойғанының бәрі, демек денедегі кейбір мүшені ұдайы пайдалану немесе пайдаланбау салдарынан болған қасиеттің бәрі, егер иеленген өзгерістер екі жынысында да болса да не олардың өздері шыққан ата- аналарында болса ондай өзгерістер өсіп- өнуі арқылы жаңа особьтарда сақталып отырады.