Рабочая программа курса «Социология»



бет47/82
Дата06.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#80706
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82
Байланысты:
KR mur teor prakt umkd

Бақылау сұрақтары:
1. Ұлттық мұрағат қоры туралы не білесіздер?
2. Мұрағаттағы жеке қорды қалай пайдалауға болады?
6тақырып. Тәуелсіз Қазақстандағы мұрағат ісі.


Мақсаты: Тәуелсіздік кезінде қабылданған қауылысы мен шешімдердің
мұрағат ісінің жаңаша дамуына сипаттама беру.


Жоспары:
1. Қазақстан республикасының тәуелсіздік алғаннан бастап архивтер мен құжаттама бас Басқармасының құылуы.
2.1999ж «Ұлттық мұрағаттық қор және мұрағаттар туралы» заңы. «Мұрағат» түсінігі.
3.2001-2005 жылдарға арналған мұрағат ісінің дамуының концепциясы мен бағдарламасы
1. КСРО-ның таратылуы және бұрынғы КСРО мемлекеттік мұрағаттарына қатысты құқықтық мұрагерлікті иелену туралы келісімнің қабылдануы. Республиканың тәуелсіздік жағдайындағы мұрағат ісінің дамуы. Қазақстанның мемлекеттік мәртебесінің өзгеруімен және саяси негізімен, экономикалық жағдайымен байланысты мұрағат мекемелері жүйесіндегі өзгерістер. Бұрынғы одақтық республикалардың мұрағат мекемелерімен қалыпты байланыстың жоғалуымен байланысты орын алған қиындықтар. Құжаттамамен қамтамасыз ету саласында «Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды ресімдеуге қойылатын уақытша талаптардың» жасалуы және оның іс жүзіне енгізілуі. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 1995 жылғы 19 қазандағы Жарлығы бойынша (№2541) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы архивтер мен құжаттама Бас Басқармасы болып қайта құрылды.1997 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві деп қайтадан аталды.Басқару жұмыс жаңа арнаға түсті.Мұрағат мекемелерінің құрылымы,штат кестесі едәуір ықшамдалды. Мұрағат ісінде міндеттерді атқарудың құқықтық негізін жасау. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағаттық қор және мұрағаттар туралы» заңы. «Мұрағат» түсінігі. Мұрағаттардың қазіргі жүйесі. Мемлекеттік мұрағаттар, олардың атқаратын негізгі қызметтері мен міндеттері. Мемлекеттік мұрағаттардың түрлері. Орталық мемлекеттік мұрағаттар. Ұлттық мұрағаттық қордың құжаттарын жіктеу белгілеріне сәйкес мемлекеттік мұрағаттар жүйесінің құрылуы. Облыстық мемлекеттік мұрағаттар және олардың филиалдары. Қалалық және аудандық мұрағаттар. Ведомстволық мұрағаттар. Арнайы мемлекеттік мұрағаттар. Жеке мұрағаттар. Қолжазба бөлімдерінің, кітапханалар мен мұражайлардың мұрағаттары. «Құжаттық қор», «мұрағаттық қор» түсініктері. Ұлттық мұрағаттық қордың құжаттарын мемлекеттік мұрағаттар жүйесі бойынша бөлу. Қазақстан Республикасы мұрағатшыларының қоғамының құрылуы. Қоғамның құрылымы және негізгі міндеттері. «Уәкілетті мемлекеттік орган» және «жергілікті уәкілетті орган» түсініктері. Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мұрағаттарды және құжаттаманы басқару жөніндегі Комитетінің құрылуы. Комитеттің негізгі міндеттері және атқаратын қызметтері. Республикада мұрағат ісінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру. 2001-2005 жылдарға арналған мұрағат ісінің дамуының концепциясы мен бағдарламасын жасау. Республикада мұрағат ісінің дамуының негізгі бағаттары. Республикалық жоғарға оқу орындарында тарихшы-мұрағатшы кадрларды даярлауды ұйымдастыру.
2.Мемлекет Басшысының «1998 жылды Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы деп жариялау туралы»Жарлығы,«Қазақстан‑2030» стратегиялық даму Бағдарламасы және оның негізгі Ережелері оның ,оны іске асыруға байланысты республика халқына арнаған Жолдауы еліміздің мұрағат жүйесіне деген халықтың көзқарасын оятты.Бұқараның тарихи санасы,патриоттық сезімі дами түсті. Мемлекеттік мұрағаттардың оқу залынан АҚШ,Ресей,Жапон,Қытай Өзбекстан,Қырғызстан мемлекеттерінен келген зерттеушілер жиі көріне бастады.
Республиканың ақпарат құралдары арқылы 1998 жылдың тек алғашқы жарты жылдығында 300–ден астам мақала ,400 шамасында теле‑радио хабарлары таратылды.
Орталық мұрағаттың «Егемен Қазақстан»,«Казахстанская правда»,«Қазақ әдебиеті»,«Ана тілі»,«Ваше право»,«Заң»,т.б газеттер мен журналдардың беттерінде ашқан айдарымен «Алашорда басшылары»,«Түркістан тарихы» туралы,қазақ халқының ұлт‑азаттық қозғалыстары,ашаршылық ,т.б тақырыптар бойынша материалдары жарияланды.
«Қазақстан‑1»,«Хабар»,«КТК»,«Таң»,«Рахат‑АТВ» телеарнналарында ұлттық тарихымыздың маңызды мәселелері жайында хабарлар берілді.Халықаралық ынтымақтастық жыл санап дами түсуде.Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекет басшыларының Минскі шарты көлемінде және ТМД мемлекеттері мұрағат қызметінің өзара ынтымақтастық келісімі бойынша Ресей Федерациясы мұрағат қызметі және Өзбекстан Республикасы мемлекеттік мұрағатымен бірлесіп Түркістан қаласы тарихына қатысты құжаттарды табу жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Еліміздің тарих ғылымының базалық көзін кеңейту мақсатында Омбы облыстық мемлекеттік мұрағатымен мұрағат құжаттарының көшірмелерін алмасу жөнінде келісім шарт жасалды.
Республиканың мұрағат жүйелерінің материалдық‑техникалық базасын нығайту,мұрағат ісін дамыту,келешекте реформалау мәселесі Мемлекет Басшысына,ҚР Премьер‑Министріне баяндалды.Осы мәселе ҚР Қаржы,Әділет және Білім ,мәдениет,денсаулық министрліктері мен Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі мен облыс әкімдері алдына да қойылды.
Соның арқасында жоғары және жергілікті өкімет органдарының мұрағат ісінің маңызын түсінуі және олардың көмегі мұрағаттың нәтижелі жұмыс жасауына елеулі әсері тиді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың заң жобаларының жоспарына Ұлттық мұрағат қоры мұрағат туралы заң жобосының қосымша енгізілуі ,бұрын жобалап қалған Ақмола облысы мен Жезқазған қаласында мұрағат ісі басқармасының қалпына келтірілуі ,ең бастысы –Астана қаласында Орталық мемлекеттік мұрағат үйінің құрылысын жобалау және құрылыстың биылғы жылы басталу мәселесінің нәтижелі шешілуі –соның айғағы .Қанша дегенмен күні кеше тәуелсіздік алған Қазақстан мемлекетінің мұрағат жүйесі өркениетті елдер мұрағат дәрежесіне көтеру ,мұрағат құжаттарын пайдаланудың тиімділігін арттыру,мемлекеттік мұрағаттарды компьютермен жабдықтау міндеті тұр.
Соңғы уақытқа дейін Қазақстан мұрағат органдары КСРО Үкіметінің мұрағат органдарына арналған заң актілерін басшылыққа алып келді.КСРО өз өмірінде 350-ден астам заң актілерін шығарғанмен мұрағат ісі туралы заң қабылдамаған .
Бұрынғы КСРО тарағаннан кейін тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттер мұрағат ісі туралы арнаулы заң қабылдап үлгірді.Ал бізде бұл мәселе кешеуілдеп келеді.Бұл мұрағат ісін ұйымдастыру ,дамытуға елеулі қиындық туғызуда.
Ең бастысы мемлекеттік мұрағат пен республика тарихының бірден бір көзі –ведомстолық мұрағаттарды дамыту, ұйымдастыру және сақтаудың тиімді жолын айқындайтын заң ауадай қажет.
Екіншіден, шет мемлекеттердегі Қазақстан тарихына қажетті құжаттарды айтпағанда ,ТМД мемлекет басшыларының жылғы келісімі бойынша Қазақстан аймағындағы космосты игеру ,геологиялық ресурстар, табиғи ортаны қорғау ,геодезия ,картография,киномотография саласындағы құжаттар мен негізгі өнімдер бұрынғы Одақтық ведомтволық мұрағаттарда қалды.Бұл заңды.Бірақ олардың көшірмелерін мемлекетімізге алу мәселесі қүн тәртібінен түспейтін күрделі іс.
Ұлттық мұрағатты ұйымдастыру ,дамыту және пайдалануды жақсарту мәселесі халықаралық,мемлекетаралық қатынасқа да тікелей байланысты екені сөзсіз.
Өркениетті елдерде мұрағат ісі ,барлық мұрағат қоры және құжаттама басқару аспектісі мемлекеттік қызметтің дербес саласы болып табылады.
Ал ҚР Орталық мемлекеттік мұрағат ҚР Үкіметі құрамына кірмейтін Орталық атқарушы орган болғандықтан әрі мұрағат туралы заңның болмауы ЮНЕСКО‑ның мүшесі деп танылған халықаралық мұрағаттар Кеңесіне қатысуы ,шет елдердегі құнды құжаттарды халықаралық дәрежеде іздестіру мәселелері қиындай түседі.
Республика мұрағат ісін дамытуға қойылған тосқауылдың ең бастысы‑қаржы тапшылығы.
ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатқа 1998жылға бөлінген қаржы 21млн. 871мың теңге.Ол мұрағат қызметкерлерінің еңбек ақысынан және коммуналдық қызмет көрсетуге төленетін қаржыдан артылмайды.
Ең бастысы мұрағатты өркениетті ел дәрежесіне жеткізетін алғы шарт‑республикалық мемлекеттік мұрағаттарды компьютер мен және басқа да мұрағаттық техникалармен жабдықтауға ,мұрағат қоймаларын өрт апатынан қорғауға ауа,жылу,ылғалдық режимдерін сақтауға қаржының бөлінбеуі мемлекеттік байлықты қолдан жою деген сөз.Бұл мұқтаждықты шешу үшін 101 миллион теңге,облыстық әкішіліктер қарауындағы мемлекеттік мұрағаттарға 385млн.теңге қажет.
Қаржы тапшылығынан Қазақстан тарихына қатысты шет жұрттағы құнды архив деректерін іздестіруге,кері қайтарып алуға мүмкіндік тумай отыр.
Оның үстіне мерзімі өткендіктен және ауа ,ылғал,жылу режимдерін сақтауға мүмкіндік жоқтықтың бүлінген,өшуге айналған құжаттар аз емес.ҚР Орталық мемлекеттік мұрағат пайдалануға берілген 1963 жылдан бері күрделі жөндеудеy өткізілген жоқ.Кондиционерлер,желдеткіштер,режимдік приборлар істен шыққан .Ал оларды тезірек жөндеуден өткізбесе республика тарихының мол құнды деректерінің өмірден өшетінін айтып жеткізу қиын.
Еңбекақы мөлшерінің аздығы мұрағаттарды қажетті кәсіби білімді мамандармен қамтамасыз етуге елеулі қиындық туғызуда.
Мұрағат қызметкерлерінің мемлекеттік қамқорлыққа алынбауы,жеңілдіктерге ие болмауы қынжыларлық.Мұның келешекте мұрағат ісін дамытуға елеулі кесірі тиетіні сөзсіз.Қазіргі мұрағат қызметкерлерінің көпшілігі гуманитарлық білім саласындағы мамандар және егде тартқан адамдар.Оларды кәсіби мамандықтары жоқтығынан шет елдердегі құжаттар былай тұрсын,республиканың мұрағат қоймаларында жатқан қытай, монғол ,манжур,түрік,парсы,араб,т.б шет ел тілдеріндегі көне заман құжаттары игерусіз жатыр.
Ондай мамандарға мұқтаждықтың басты себебі,біріншіден,мұрағат мамандарын санаулы ғана оқу орындары аз мөлшерде дайындайды.Екіншіден,арнаулы кәсіби білім алған жастар еңбекақының төмендігінен мұрағатта еңбек етуге келмейді.Отанымыздың мұрағат ісін әлемдік дәрежеге көтеру үшін мұрағат құжаттарын зерттейтін ,құжаттау ісіне ғылыми тұрғыда бағыт‑бағдар беретін ,озат тәжірибені насихаттайтын Орталық құру,Қазақстан мұрағаты журналын шығару ,баспахана ашу‑өмірдің өзі туғызып отырған мәселелер.Мемлекет тарапынан қажетті қамқорлық жасалса,құнды құжаттарды ел игілігіне айналдырып ,қаржы тапшылығынан құтылуға мүмкіндік туар еді.
Бұлардың барлығы бір күнде,не бір жылда шешілетін мәселе емес.Экономика,қаржы мәселесі әркімнің талабы бойынша шешілмейтіні белгілі .Бірақ ең бастысы мұрағатқа деген мемлекеттік бетбұрыс,дұрыс шешім,мемлекеттік заң болуы шарт .
Республикамыздың мұрағат құжаттары –баға жетпес байлық, мемлекеттің,халықтың асыл қазынасы.Бүгін де,ертең де ,келер ғасырларда да толыға беретін,жазыла беретін тарихтың қайнар көзі.Мұрағат құжатынсыз тарихтың жазылуы мүмкін емес.Мұрағат‑өмірі таусылмас,қоймасы ортаймас,тарих көшімен баяғы заманнан бүгінге дейінгі өмірдің қатпар‑қатпар кезеңдеріндегі еліміздің шаруашылығын,экономикасын,тыныс тіршілігін кең түрде айқындайтын,тарихи,мәдени ескерткіштерін,жеке тұлғалардың өмірін мәңгі жасататын ұлттық тарихи мұраның көзі.
Республиканың мұрағат қызметкерлері келешекте бұл байлықты өз мемлекетінің,өз Отанының,елінің игілігіне айналдыруға аянбай еңбек ететіндігі сөзсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет