Радиактивті ыдырау заңы. Ядролардың түрленуі. Нейтронның ашылуы. Ядроның протон-нейтрондық моделі. Ядролық күштер



бет3/6
Дата10.05.2020
өлшемі234,74 Kb.
#66917
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Радиактивті ыдырау заңы11 кл
дене слайд

Нейтронның ашылуы.

  • Ядроның құрамына кіретін тағы бір бөлшекті ашуға талпынғандар неміс ғалымдары В.Боте мен Г.Беккер. Олар 1930 жылы жасаған тәжірибелерінде литий мен берилийді а-бөлшектермен атқылағанда, протонның орнына өте нашар жұтылатын бөлшектер ұшып шығатынын байқайды. Бұл бөлшектер қалыңдығы 20 см болатын қорғасын қабатынан өтіп кеткен. Осы мәселемен француз ғалымдары Ирен және Фредерик Жолио-Кюрилер де айналысады. Олар бериллийді а-бөлшектермен атқылағанда пайда болатын сәуле жолына парафин пластинасын қойғанда, 8.4-суретте көрсетілгендей сутегіге қаныққан парафиннен протондар ұшып шығады деп болжам жасайды. Ағылшын ғалымы Дж. Чедвик осы жылы берилийді а-бөлшектермен атқылағанда одан бөлінетін табиғаты белгісіз сәуленің қасиеттерін зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
  • Энергияның және импульстің сақталу заңдарына сүйене отырып, жүргізілген есептеулер нәтижесінде белгісіз бөлшектің массасын анықтайды. Чедвик бұл сәуленің электрлік бейтарап бөлшектер ағыны екенін дәлелдеген. Белгісіз бөлшектің массасы жуықтап алғанда протонның массасына тең болып шыққан. Атом ядросының құрамында протон сияқты ауыр, бірақ бейтарап бөлшектің бар болуы мүмкін деген батыл болжамды 1920 жылы Э. Резерфорд айтқан және оны нейтрон деп атауды ұсынған еді. Сонымен, жаңа бөлшек нейтрон деп аталды. Нейтронның электр заряды нөлге тең, сол себепті оның зат арқылы өтетін өтімділік қабілеті өте жоғары. Қазіргі дәл өлшеулер бойынша нейтронның массасы
  • mn = 1,6749 · 10-27 кг = 1,00866 м.а.б. = 939,56 МэВ.Нейтрон  символы арқылы белгіленедіэлектр заряды жоқ, ал салыстырмалы атомдық массасы бірге жуық. Мына жағдайды айта кету керек, нейтронның массасы протонның массасынан 2,5 электрон массасына артық. Ұзақ уакыт бойы ауада да, жерде де нейтрон еркін күйінде кездеспеген. Тек 1950 жылы ғана осы құбылыстың сыры ашылды. Нейтрон — тұрақты бөлшек емес. Ядродан бөлініп шыққан нейтрон, 14 минуттай уақыт аралығында протонғаэлектрон және тыныштық массасы жоқ бөлшек — антинейтриноға өздігінен ыдырайды.[1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет