Рахимгалиева пакизат сармановна


Жастар арасында кездесетін аурулар



бет18/56
Дата21.11.2023
өлшемі0,75 Mb.
#192716
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56
Байланысты:
rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp
ТҮЙІНДЕМЕ Сейдахметова Асел, Эндрюстің эксперименттік изотермдері., Camtasia Getting Started Guide.1ppt, Сайыс сабақ қазақ тілінде Қызықты физика 7-сынып, Ұстаз 2 курс каз.яз ВШП -, аксезим, МКБ, Авесхан Анель Пмно 22-1-3, Модульное обучение, Тілек
Жастар арасында кездесетін аурулар

14-18 жас

19-24 жас

25-28 жас

2010 жыл

1362 адам

3061 адам

1750 адам

2015 жыл

735 адам

1554 адам

1260 адам

2019 жыл

500 адам

914 адам

763 адам

2020 жыл, І ж

188 адам

342 адам

321 адам


Сурет 9 – Студент жастар арасында өкпе туберкулезі жағдайларының статистикалық мәліметтері


Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің статистикалық дерегі бойынша, елімізде 2010 жылдан бастап жастар арасында өкпе туберкулезінің саны тұрақты түрде азайып келеді. 2010 жылдан бастап есептегенде, соңғы 10 жылда 65 пайызға, ал кейінгі бес жылда 40 пайызға дейін азайған. Алайда, бұл ауруды назардан тыс қалдыруға болмайды. Әлемді жайлаған Covid19 вирусы да туберкулез сияқты маңызды органдардың бірі өкпенің жұмысын зақымдайды. Жоғары оқу орындары студенттерге міндетті скрининг жүргізу бағдарламасын дер кезінде орындау арқылы, туберкулездің уақытылы анықталып, емделіп шығуына мүмкіндік жасай алады [136].


Студент жастар арасында соңғы жылдары кездесетін тағы бір сырқаттың түрі – қатерлі ісіктер. Бұл ауру әлемдегі өлімнің басты себептері арасында екінші орында тұр және ДДҰ қатты алаңдататын себептердің бірі. Денсаулық сақтау министрлігінің статистикалық деректеріне сүйенсек, жастар арасында онкологиялық науқастар саны 2010 жылдармен салыстырқанда, қазір 2 есеге артқан. 2020 жылдың 1 жартыжылдығында жастар арасынан 3666 адам қатерлі ісік бойынша есепте тұрса, 348 адам ауру белгілері анықталған адамдардың санатына жатқан.
Адамдардың өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы, өлім-жітім санының азаюы, бір есептен ауру белгілерін ерте кезеңнен анықтаудың, дұрыс емдеу шараларын қолға алудың және тиімді әдістерді пайдаланудың нәтижесі болып табылады. Зерттеу жұмыстарына сүйенсек, ауылдық жерлермен салыстырғанда қалада тұратын жастардың арасында мұндай ауру белгілері жиірек байқалады және бұл жағдай қалада ауру белгілерінің диагнозын ерте кезден анықтау мүмкіндігінің жоғары екендігімен түсіндіріледі [136].
Төменде көрсетілген 10-шы суретте 2010 жыл мен 2020 жыл аралығындағы жастар арасындағы онкологиялық науқастардың саны берілген.



Сурет 10 – Жастар арасындағы онкологиялық науқастардың саны



Әлем бойынша ең қатерлі және таралуы адам өмірінің әлеуметтік, саяси және экономикалық жағдайларына байланысты болатын аурулардың бірі – АИТВ және ЖИТС инфекциясы. Оның таралуы адамның жүріс-тұрысындағы АИТВ жұқтыруға әсерін тигізетін қауіпті факторлардың болу, болмауына да байланысты келеді. ЮНИСЕФ-тің деректері бойынша дүниежүзінде күн сайын шамамен 320 жасөспірім осы ауру белгілеріне байланысты өмірден озады. Мемлекетімізде 2015 жылдан бастап жастар арасында АИТВ инфекциясы бар тұлғалардың санының артқандығы байқалды. 2010 жылмен 2020 жыл аралығында АИТВ-ға шалдығып, есепте тұрған жастар санына талдау жасайтын болсақ, ҚР ДСМ дерегі бойынша 2010 жылы 2410 адам тіркелсе, 2015 жылы 2064 адамды құраған. Ал, 2019 жылы 2208 адам есепте тұрса, бұл көрсеткіш 2020 жылға қарай 2280-ге артқан. Соңғы жылдары, елімізде халықаралық міндеттемелерге сәйкес АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі антиретровирустық терапиямен қамту мүмкіндіктері арту үстінде [136].
Қазақстандағы жастардың денсаулығы мен физиологиялық дамуына қатысты ағымдағы жағдайды талдайтын болсақ, студенттердің физиологиялық дамуына кері ықпалын тигізетін бірнеше факторларды атап өтуге болады. Олардың ішінде ең жиі кездесетіндері жастар арасындағы жоғары қан қысымы, жемістер мен көкөністерді аз тұтыну, темекі, ішімдікке әуестену, қан құрамындағы холестериннің көп болуы, артық салмақ, қозғалыссыз өмір салты және т.б. Соңғы 2018-2019 жылдардағы статистикалық деректер бойынша жасөспірімдердің (оның ішінде, студенттер) шамамен 5-7 пайызында семіздік белгілері байқалған. Сонымен қатар, Қазақстандағы студент жастардың жемістер мен көкөністерді күнделікті тұтыну деңгейі орташа еуропалық көрсеткіштермен салыстырғанда әлдеқайда төмен.
Соңғы жылдардағы республика көлеміндегі бағалау нәтижелері бойынша 18 жастан асқан ерлердің 28 %-ында және әйелдердің 25 %-ында артериялық қан қысымы жоғары болған. Холестерин деңгейін бағалаудың соңғы деректері 25 жастағы және одан үлкен азаматтардың 46%-ында жалпы холестериннің деңгейі жоғары екенін көрсетеді.
Аз қозғалатын өмір салты мен теңгерімсіз тамақтанудың салдарынан болатын артық дене салмағынан зардап шегетін жасөспірімдер мен жастардың саны өсуде. Жылдам, әрі шала дайындалатын тағамдарға әуестену, түрлі қоспадағы газды сусындарды үздіксіз тұтыну студенттік жастар арасындағы асқазан-ішек жолдарының ауруларының артуына себеп болуда.
Әр жылғы «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасының мәліметтері бойынша 2017 жылы жастардың прогрессивтілігі индексі бойынша Қазақстан 102 елдің арасында 63-орынды иеленді. «Тамақтану және базалық медициналық қызмет көрсету» көрсеткіші бойынша 100-ден 96 баллға дейінгі аралықта баға берілген [136].
Ұлттық баяндаманың дерегі бойынша, жастарға қатысты алаңдататын тағы бір дерек суицидтің таралуы. Суицидтік әрекеттердің жиілеуі Қазақстан жастарының арасындағы анағұрлым маңызды әлеуметтік мәселе болып табылады. ДДҰ мәліметтері бойынша тұрғындарының арасында өзіне-өзі қол жұмсау деңгейі бойынша Қазақстан алдыңғы он елдің қатарына кіреді. 2018 жылы тіркелген суицидтер саны 3471 оқиғаны құрайды. Ал, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер тобында болған суицид саны 5 жылда 50,9 %-ға және суицидке әрекеттену саны 49,3 %-ға төмендеді.
Студент жастардың денсаулығы мен физикалық даярлығына (ФД) кері ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі зиянды әдеттерге әуестену. Қазақстанда темекі шегудің таралуы ерлер арасында 42,4 %-ды және әйелдер арасында 4,5 %-ды құрайды.
Алкогольды заттарды тұтыну Қазақстандағы аурулардың жалпы ауыртпалығындағы негізгі қауіп тудыратын факторлардың бірі болып қала береді. 2016 жылы ерлер өлімінің бауыр циррозынан болған 74 %-ға жуығы және жарақаттанудан болған 34%-ы ішімдік ішумен байланысты болса, әйелдер үшін бұл көрсеткіштер тиісінше 45%-ды және 31%-ды құрады. Осы көретілген деректердің біршамасы студенттік жастағы жасөспірімдер мен жастарға да тиесілі.
Дамыған мемлекеттер аумағында, 2004 жылы жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша студент жастарда 57,6% жағдайда биологиялық даму күнтізбелік жасқа сәйкес келетіндігі анықталған. Ал, 8,8% жағдайда «жеделдетілген» даму қарқыны тіркелген болса, 33,6% жағдайда – баяу даму үдерісі анықталған. Зерттеуге қатысқан студент жастардың 48% - ында үйлесімді морфологиялық және функционалдық күй, дисгармониялық - 33%, күрт дисгармониялық - 19%-да тіркелген. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан студенттердің 44%-ының дұрыс, уақытылы тамақтану деңгейі қанағаттанарлық дәрежеде болса, үштен бірінде дене салмағының төмендеуі (немесе азаюы), ал, 23%-на артық салмақ немесе семіздік диагнозы қойылған [46, 20 б].
Студенттердің кәсіби іс-әрекетке бейімделуі жоғары оқу орнының ішкі талабы мен білім беру ерекшеліктеріне тығыз байланысты. Кәсіптік білім беру саласының қазіргі бағдарламасының бірі – студенттерді ойдағыдай дамыту және кәсіби іс-әрекетке оңтайлы бейімдеу үшін қажетті жағдайларды жасау болып табылатындығы жасырын емес. Жоғары оқу орнында студенттердің кәсіби іс-әрекетке тиімді бейімделуін қамтамасыз ету – қазіргі заманғы физиологияның шешілмеген маңызды мәселелерінің қатарына кіреді. Жаңа әлеуметтік, әрі ақпараттық ортаға адам ағзасының жылдам бейімделуі студенттердің болашақ таңдаған мамандығын сапалы игеріп шығуына жол ашады [152].
Ішкі ортаның тұрақтылығы ағзаның тіршілік етуінің қажетті шарты және денсаулықтың негізі болады. Бұл гомеостатикалық жүйелерге олардың белсенділігі организмнің өсу қажеттіліктерін қанағаттандыра алатындай етіп дамып келе жатқан кезде қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Гомеостатикалық жүйелердің қуатын арттыру – бұл денсаулық сақтаудың жаңа деңгейлеріне көшу болып табылады. Гомеостаздың адам өміріндегі ауытқуы әдеттегі жүктемеден асатын кез келген факторлардың әсерінен байқалады және сандық, сапалық сипаттамаларға ие болады. Осы биологиялық заңдылықтарды мойындау жеке дамуы үдерісінде адам ағзасының шынығуына, салауатты өмір салтын ұстануына, зиянды әдеттерден сақтануына итермелейді.
Жоғары оқу орнына түскен кезінен бастап студент өмірдің жаңа жағдайларына бейімделу мәселесімен бетпе-бет келеді. Білім беру үдерісінің талаптары, қарым-қатынас сферасының өзгеруі, жаңа әлеуметтік рөлдер адамнан жылдам бағдарлануды, іс-әрекеттің жаңа түрлерін игеруді, жаңа құндылықтарға, мінез-құлық нормалары мен ережелеріне деген икемді қатынас танытуды талап етеді. Мектеп кезінен қалыптасып қалған өмір сүру салты мен қарым-қатынас жасау үлгісінің күрт өзгеруі көбінесе стресстік реакцияларға әкеліп соқтырады, өз кезегінде бұл студенттердің оқу үлгерімінің нашарлауына және іштей тұйықталу сияқты қиындықтарды тудыруы мүмкін. Осы жағдайда, бейімделу дағдарысы көрініс табады, яғни студенттердің бейімделу көрсеткішінің күрт төмендеуі және жағымсыз эмоционалды уайымдардың артуы байқалады.
Студент жастарға күнделікті тәртіптің бұзылуы, психоэмоционалдық стресс, уақытылы тамақтанбау, таза ауаға шығудың шектеулілігі, зиянды әдеттерге әуестену, спортпен шұғылдануға, шыңдалуға және сауықтыру шараларына уақыттың тапшылығы және т.б белгілер тән болып келеді. Бұл көбінесе жоғары оқу орындарында студенттердің физиологиялық мүмкіндіктерін арттыруға, денсаулықтарын шыңдауға жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбеуі есебінен орын алады.
Бейімделу дағдарысын бастан кешірген студенттерде танымдық, эмоционалды және мотивациялық сфералар бойынша өзгерістер болады. Л.С.Выготский бойынша: «Дағдарыстар уақытша жағдай емес, ішкі өмірдің жолы». Дағдарыс жағдайы – бұл адамның жаңа жағдайға, жаңа әлеуметтік талаптарға сәйкестілігін тексеретін сынақ. Психологиялық тұрғыдан алғанда, дағдарыс жағдайы адамның алдына қойылған міндеттерді шешу үшін барлық күштерді шоғырландыруды талап етеді. Фрустрация дағдарыс жағдайының бір белгісі ретінде көрініс табады [153].
Еліміздегі соңғы жылдарда орындалған физиологиялық, медициналық және психологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сүйенетін болсақ, жоғары оқу орны студенттерінің жартысына жуығы тұрақты дәрігерге қаралуды, ем қабылдауды, оңалтуды және алдын алу шараларын ұйымдастыруды қажет етеді. Дене тәрбиесі жүйесіндегі сабақтар студенттердің физикалық жағынан дамуына зор септігін тигізеді. Күніне 20 минут, аптасына 6-7 күн спортпен шұғылданатын студенттер, іс жүзінде спортпен айналыспағандарға қарағанда өзінің физиологиялық ахуалын 2 есе жиірек «жақсы» деп бағалайды. Спортпен айналысу жиілігі және невроз, депрессия, ұйқының бұзылуы, достарымен және ата-аналарымен қарым-қатынастағы мәселелердің белгілері арасында теріс корреляция байқалады.
Бірінші курс студенттерінің бейімделу мәселесінің маңызды бөлігі – дидактикалық дағдарыс. Дидактикалық дағдарыстың басталуын сипаттайтын алғашқы белгі – студенттің оқу үлгерімінің күрт төмендеуі. Екінші белгі – студенттердің жетістікке жетуге және құзыретті болуға деген көзқарасының өзгеруі, сенімділігінің төмендеуі. Одан бөлек, дидактикалық дағдарыстың тағы төрт белгісі бар: студенттердегі мазасыздықтың жоғарылауы, көңіл-күйінің тұрақсыздығы, белсенділігінің төмендеуі және денсаулығының нашарлауы. Дидактикалық дағдарыстың барлық белгілерін талдай келе, бұл ең алдымен, студенттердің әдеттегі өмір жағдайынан оқшауланудан, білімді жүйелі түрде бақылаудың болмауынан, өздігінен іздену дағдыларының қалыптаспауынан туындайды деген қорытынды жасауға болады.
Университеттегі оқу кезеңінде студенттердің денсаулық жағдайының нашарлауы көптеген авторлардың зерттеу нәтижелерімен расталған. Мысалы, Ресейдің И.М.Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясының бірінші курс студенттерінің жартысына жуығының (47,6%) оқу жылының алғашқы жылында дені сау болған. Ал, зерттеу жұмысының жалғасуына байланысты анықталғандай, оқудың екінші жылында олардың арасында I денсаулық тобына жататындардың саны азайып, сәйкесінше, III денсаулық тобындағы студенттердің үлесі салмағы өскен (40,6% дейін). Осы жағдай оқу кезеңінің соңына дейін сақталған. Сонымен қатар, оқудың бірінші жылында студенттердің шамамен үштен бір бөлігінде созылмалы аурулар анықталса, төртінші курста студенттердің жартысынан көбінің созылмалы аурумен ауыратындығы анықталған [154, 18 б].
Ресейлік физиолог ғалым Л.В. Нефедовскаяның зерттеу жұмыстары бойынша соңғы онжылдықта Ресейдің жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы науқастық белгілері бойынша бірінші орынды – көз аурулары алады екен (27,1%) (олардың 90% миопия), екінші орында – зәр шығаруға қатысты аурулар жүйесі (15,8%) (әйел азаматтардың жыныс ауруларына байланысты), үшінші орында – ас қорыту жүйесінің аурулары (15%) (олардың үштен бірі кариес), төртіншісі және бесінші орындар – тірек-қимыл аппараты аурулары (12,8%) мен тыныс алу жүйелерінің аурулары (11,3%) алады екен [155, 69 б].
Біздің анықтауымыз бойынша, студенттердің физиологиялық сипаттағы профилактикалық мінез-құлқына жағдай жасайтын білім беру үдерісін жан-жақты қамтамасыз етудің негізіне келесі мәселелер кіреді: университет басшылығының студенттердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға шынайы мүдделі болуы, оқу орнының негізгі іс-әрекет жоспарына студенттердің денсаулық жағдайы мен физиологиялық бейімделуін анықтау, академиялық топтардағы әлеуметтік-психологиялық климатты жақсарту, студенттердің өмір сүру салтына мониторинг жасау, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға жағдай жасау және т.б бағытталған маңызды іс-шараларды ұйымдастыру.
Университеттің денсаулықты сақтау қызметі шеңберінде әлеуметтік, экономикалық және басқа да өзгерістер жағдайында денсаулық сақтау менеджменті жүйесін уақытында түзету үшін кері байланыс механизмін құру маңызды. Жоғары оқу орнындағы емдік-профилактикалық іс-шараларды басқару жүйесінің жұмысының нәтижесі тікелей университеттегі білім беру сапасын арттыруға ықпал жасайды.
Жүйеге екі негізгі элемент кіреді: басқарылатын (реттелетін) және басқаратын (реттейтін). Басқару элементі дегеніміз студенттердің денсаулығының нақты деңгейінің тиісті деңгейіне сәйкестік дәрежесін анықтауға негізделген оқу үдерісін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Бақыланатын (реттелетін) элемент – бұл ішкі жүйелер: ұйымның орналасқан орны, тамақтандыру, медициналық қызмет және басқа да жағдайлармен қамтамасыз ету түрлері. Студенттердің қолайлы өмір сүру салтын қамтамасыз ету үшін ішкі жүйелердің жұмысының тиімділігін анықтаудың критерийі денсаулықтың тікелей және жанама көрсеткіштері болып табылады.
Осыған байланысты деканаттың және университеттің басқа да құрылымдарының қызметін бағалау оқу үлгерімінің сандық және сапалық параметрлері бойынша, сондай-ақ білім алушылардың ұжымдық және жеке тұлғалық денсаулығы деңгейін бағалау арқылы жүргізілуі керек. Бұл жағдайда бақыланатын элемент студенттердің денсаулық жағдайына әсер ете алатын ЖОО-ның қызмет түрлерін ұйымдастыру жүйесі болып табылады.
Студенттердің денсаулығын сақтауға бағытталған университет басшылығының қызметінің басым бағыттарына:
- студенттердің денсаулықты сақтау мен нығайтуға деген ынтасын қалыптастыру және арттыру;
- университетте оқуға түсуге арналған кәсіби және медициналық іріктеудің сапасын арттыру, оның ішінде адамның конституциялық және басқа да жеке даралық ерекшеліктерін ескеру;
- студенттердің ұжымдық денсаулық деңгейін арттыруға байланысты барлық деңгейдегі менеджерлердің профилактикалық қызметінің мотивациялық негіздерін құру;
- студенттердің салауатты өмір салты ұстануына мүмкіндік беретін жағдайды жасау жұмыстары кіруі тиіс.
Адам денсаулығын қалыптастыратын өмірдің негізгі элементтерінің бірі – салауатты өмір салты. Адам денсаулығын сақтау және нығайту мәселелерін шешу іс-әрекетінің өзі себеп-салдарлықты зерттеуге негізделеді. Салауатты өмір салты дегеніміз – жеке тұлғаның, адамдар тобының, қоғамның денсаулығы, адамның физикалық және рухани дамуының үйлесімділігі үшін материалдық және рухани жағдайлар мен мүмкіндіктерді пайдалану қызметі [156, 25 б].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет